«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісу механизмінің құрылымы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
іс-тәжірибелерімен бөлісу механизмінің құрылымыМақсаты:
Облыстық және аудандық деңгейдегі тәрбие жұмысын үйлестіруші әдіскерлердің тиімді кәсіби тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, үздік практикаларды тарату, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып тәрбие процесінің сапасын арттыру.
Іске асыру форматы
1. Республикалық деңгей:
Аптаның әр сәрсенбі күні облыстық тәрбие әдіскерлері ZOOM платформасы немесе басқа онлайн алаңда өз өңірлерінің озық тәжірибесімен бөліседі.
Бөлісу тақырыптары мен мерзімдері кесте түрінде алдын ала жасалып, қатысушыларға жіберіледі.
Кесте: қосымшада ұсынылған.
2. Облыстық деңгей:
Облыстық кездесулерге ұқсас форматта айына кемінде екі рет аудандық тәрбие әдіскерлері өздерінің жергілікті тәжірибелерімен бөліседі.
Бұл жұмыс облыстық тәрбие әдіскерлерінің үйлестіруімен жүзеге асады.
Аудан ішіндегі мектептердің тәрбие жұмысына жауапты мамандар, сынып жетекшілері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысады.
3. Негізгі бағыттары:
бағдарламаның құндылықтары
Жобалары
алдын алу шаралары.
4. Нәтиже мен тарату
Жыл соңында облыстық және аудандық тәжірибелер кейс жинағы құрастырылады.
Әр іс-тәжірибе бөлісу қорытындысы бойынша қысқаша аннотация, бейнежазба, фотоматериалдар жиналады және арнайы платформада (мысалы, Google Drive, әлеуметтік желі) ортақ қолжетімділікке беріледі.
Іс-тәжірибелер жыл көлемінде педагогтер форум, семинар, тамыз конференциясы, әдістемелік күндерде таныстырылады.
Қосымша
Республикалық іс-тәжірибе тарату кестесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру