Мақал-сөздің-мәйегі


Мақал - сөздің мәйегі

Білетінің бір тоғыз,

білмейтінің тоқсан тоғыз

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды

Өтпес пышақ қол кесер.

Қазаншының өз еркі

Қайдан құлақ шығарса.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Ұста пышаққа жарымас.

БАСҚА ПӘЛЕ ТІЛДЕН

Бір жеңнен қол шығар,

бір жағадан бас шығар.

Дұшпан күлдіріп айтады, 

Дос жылатып айтады.

Мыңның түсін білгенші, бірдің атын біл

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқу - білім бұлағы, 

Білім - өмір шырағы. 

Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді

Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады.

Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.

Атың барда – жер таны желіп жүріп,

Асың барда – ел таны беріп жүріп.

Нан бар жерде ән бар

Өз үйім өлең төсегім.

Қарға баласын аппағым дер,

Кірпі баласын жұмсағым дер.

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Бала –бауыр етің.

Бас екеу болмай,

Мал екеу болмас.

Қайғысыз қара суға семіреді.

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.

Боранды күні итпен бала құтырар.

Көз қорқақ,

Қол батыр.

Айран ішкен құтылған,

шелек жалаған тұтылған.

Бұлттан шыққан 

күн ащы,

Жаман қатынның 

тілі ащы.

Тау мен тасты су бұзады, 

Азаматты сөз бұзады.

Үлкен үй ортақ, 

Кішкене үй бұлтақ.

Жақсының 

ашуы - шай орамал 

кепкенше

Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем болар

Бас жарылса, бөрік ішінде,

Кол сынса, жең ішінде.

Ер мойнында қыл арқан шірімес.

Ел құлағы – елу.

Жылқының етін жесең,

тісіңе кіреді,

Жемесең түсіңе кіреді

Арпа, бидай – ас екен,

Алтын, күміс – тас екен.

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп

құлағынан айрылыпты.

Әзірлеген:

Бастауыш сынып ұстазы З.Жанаргүл

2022.04.18.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу