» » » Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Мешіт зары)

Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Мешіт зары)

Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Мешіт зары) казакша Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Мешіт зары) на казахском языке
Бір мың тоғыз жүз және он үште жыл,
Жылдың атын биылғы сиыр деп біл.
Он төрті апрельдің сөйлеген сөз
Мешіт пен медреседен бір шыққан тіл.
Қорлықта тұрғандығын көзім көріп,
Аяумен өз әлімше ішім еріп.
Салғаным ноғай, қазақ құлағына,
Қолына балалардың жазып беріп.
Мешіт пен медресе тұр болып кәріп,
Барады сөйлемесем ішті жарып.
Құдай үйін тұтқан соң мұнша қорлап,
Кәне, айтшы, біз оңамыз қайда барып?!
Сонда мешіттің хал тілімен сөйлегені:
- Медресе, мешіт болған менің атым,
Бас қосар ішімде жоқ жамағатым.
Хал тілім зарланып, қан қақсайды,
Естіп өт: құлағың бар азаматым!
Деуші еді мені бұрын:
"Құдай үйі",
Бас қосып шұлғушы еді мырза-[биі].
Нанына қайыршының қапшық болып,
Мінекей, бүл шағында тұрған күйі.
Салмасаң әуел баста, кім бар зорлар,
Қол жайып қожа-молда жайды торлар.
Бірі - имам, бірі азаншы болу үшін,
Тиынға жанын сатқан дүниеқорлар.
Біздерде көрмейсіңдер кім тұрғанын,
Адамның анық әуре антұрғанын.
Мешітке қайыршылар нанын жинап,
Медресе қой қора боп, мал тұрғанын!
"Мешіт" - деп, "медресе"- деп, неге салдың?
Қамайтын орны ма едік хайуан малдың?!
Боқтығын жинайтұғын үйі ме едік,
Құрт жиған диуана мен соқыр шалдың?!
Ешкім жоқ шын көңілмен Алла[ға] ғашық,
Жалғанға жан қоюға бәрі машық,
Жансыз біз неден мұндай жазалымыз,
Қор қылды таптап бізді өңкей пасық!
Емеспіз тіріге - үй, өліге - там,
Түн болса, саулап бізде жанбайды шам.
"Бар ма деп, бізді қарап тексеруші?"
Түр ғой деп,- көріп көзі іске (ескі) жобам!
Жазалы қылған мұндай Құдайым-ай?!
Қорлыққа көре тұра, шыдайын ба-ай?!
Кәуіріңе нашлизы дом қылмай бізді,
Босатып запас ерікті қойсайшы жай!
Бір жан жоқ жамағат боп жиылатын, "
Құдай бар, құлдық бас!"- деп, сыйынатын.
Қорладың дін исламның ғаламатын
Желкеңнен келді кезің қиылатын!
Әртүрлі қылды тұрақ бізді албасты,
Сескеніп адам түгіл, шайтан қашты.
Жиылған Баянтауда ноғай, қазақ,
Қылдыңдар бізді мұнша аяқ асты!
Жоқ емес, бәріңнің де бар ғой малың,
Бас қосып бір кісіше жас пен шалың.
Осынша ноғай, қазақ көп народсың,
Ішінде Құдайды ойлар жоқ па жаның?!
Иесіз, елсіз тұрған біз бір жетім,
Қалдырған жетімдікте Құдіретім!
Қорланып бүл тұрыстан, назалымын,
Ұялып жұртқа қарар жоқ қой бетім!
Арызымыз ақ патша[ға] жете алмайды,
Жетсе, бізді бүйтіп қор ете алмайды.
Мына күйде тұрғанда қожа-молда,
Бізді басқан албасты кете алмайды!

Автор: ZHARAR | 1 709 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Әңгіме:  Сүлеймен Баязитов | Ақбалық Әбділдә хазірет
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ақбалық Әбділдә хазірет
Реферат: Қазақ әдебиеті | Ақыт Қажы Үлімжіұлы
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Ақыт Қажы Үлімжіұлы
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Аға сұлтан – Құнанбай
Қазақша Диктанттар жинағы
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Аға сұлтан – Құнанбай
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Орнымыз медресе оқып жатқан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Орнымыз медресе оқып жатқан)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мағынасыз мешіт)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Мағынасыз мешіт)
Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Бұлақ көзі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Бұлақ көзі)
Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Қалмақтың Сарыарқаны жоқтап жылаған зары)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Қалмақтың Сарыарқаны жоқтап жылаған зары)
Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Қалмақ Сарыарқадан ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқаны)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Қалмақ Сарыарқадан ауғанда, тамақ сұрап жылаған балаларына айтқаны)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Мешіт һәм абақты)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Мешіт һәм абақты)
Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Мәсжід медресе хақында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Мәсжід медресе хақында)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Өнерпаз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Өнерпаз)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Хал-ахуал)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Хал-ахуал)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Бес қымбат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Бес қымбат)
Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады
Qazaqstan жаңалықтары
Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады
Қазақша шығарма: АқМешіт
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: АқМешіт

KZ / Өлеңдер жинағы, мәшһүр жүсіп көпеев Мешіт зары өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, стихи на казахском языке машхур жусуп копеев, машхур жусуп копеев олендери, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, МЕШІТ ЗАРЫ, Мешіт зары, мешіт туралы өлеңдер, мешит туралы олен, мәшһүр жүсіп көпеев Мешіт зары өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері стихи на казахском языке машхур жусуп копеев машхур жусуп копеев олендери мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі , Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Мешіт зары) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке