Ғабиден Қожахмет (Ана тілі)

 Ғабиден Қожахмет (Ана тілі)

Ойлады ма болсыншы деп тіл аман,
Сонда ғана деді ме ұлт боп құралам.
Сонау жылы тіл мәртебе алғанда
Көзіме жас алдым дейтін бір адам.

Тілдің жайын бар жанымен ұғыпты,
Ана тілі - перзенті үшін тұнық-ты.
Сол перзенттің тіл деп соққан жүрегі
Қуаныштан сонда егіліп тұрыпты.

Ұрпақ үшін кемімеген бағаң да,
Алаңдасаң, тілің үшін алаңда.
Сол кезеңде қайран тілі халқыңның,
Тұрыпсың-ау көз жасы боп жанарда.

Қуанышыңды өз перзентің бірге ұқты,
Жақсы күнді қызың тосып, ұл күтті.
Сонда тілім өрледі деп қуанды,
Содан бері ширек ғасыр сырғыпты.

Ширек ғасыр - өтсе уақыт бедері,
Жүзеге асты кейбір іс те келелі.
Мына әлемде өзің барсың, ана тіл,
Сен бар жерде ұлтың да аман келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Мухамедияр Айым
    0 + 0 -
    Мухамедияр Айым (Ақ жаңбыр)
    Бір тамшы судан жаралған
    Ақ жаңбыр сенсің ақ арман
    Қиянға шарлап шарықтап
    Көңіл күй содан нәр алған
    Бір тамшы судан жаралған
    Бейне бір қиял сан арман
    Мүмкін ол көздің жасыма
    Үзіліп түскен жанардан
    Бір тамшы судан жаралған
    Ақ жаңбыр сенсің ақ арман
    Сезімнің ыстық отына
    Жүректі өртеп сан алуан
    Ақ жаңбыр сенсің ақ арман
    Бақытым болып жаралған
    Су болып жерге сіңседе
    Өшпесін оймен санамнан
    Көктемнің сыйлап шаттығын
    Ақ жаңбыр сұлу ақ гүлім
    Махаббат отын лаулатар
    Мүмкін ол менің бақ гүлім.
    Мухамедияр Айым.

Ілмектер: ғабиден қожахмет Ана тілі өлең олен стихи на казахском габиден кожахмет, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет олендери, ғабиден қожахмет өлеңдері, Ана тілі, Қазақша өлең: Қазақ тілі Ана тілім туған тілім, Қазақша өлең, Қазақ тілі Ана тілім туған тілім казакша олен, Қазақша өлең: Қазақ тілі, Ана тілім туған тілім казакша олен тіл туралы, Қазақша өлең: Қазақ тілі Ана тілім тілі туралы, туған тілім туралы қазақша өлең, стихи на казахском языке казахский язык родной язык, ана тілім жүрегісің анамның авторы, ана тили, Ана тілім