Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өлген ойлар) » ZHARAR © 2017 | фариза оңғарсынова Өлген ойлар өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, Өлген ойлар




  • »

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өлген ойлар)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өлген ойлар) казакша Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өлген ойлар) на казахском языке

Дүние ғапыл, өткінші тағдырың-ай,
кім шығарған жалғанда заңды бұлай?
Болды-толды, өмірден өтті-кетті...
Жер бетінде жүрсе етті жан құрымай.
Көзім салсам төмпешік, обаларға,
түседі еске екі өмір жоғы адамда.
Қоғамдар да, тәңірдей тұлғалар да
құм құйылған обадай жоғалар ма?
Адамды өмір мамыққа орағанда,
мәңгілік деп қарайды о дағы алға.
Құлағанын құрдымға қалар сезбей
бір күні ажал-қарақшы тонағанда.
Ұқсайды өмір - пенде ме, ерен ер ме -
мұхиттардан оралмас кемелерге.
Мәңгілікке маздатып от беретін
мәңгі Күндей ғұмыр жоқ неге жерде?
Бұл баянсыз ғұмырдың - өкінерім -
жоқ па бір күш әперер соты, кегін?
...Обалардан қайысқан жер секілді
өлген ойлар сірескен көкірегім.
Менің құйттай далам-ай!
Перзенттігім рас болса, қалай өтем қарамай,
көлің мынау шарадай,
тауың асқақ ел сүйенер ағадай.
Аяқ бассам, молалар мен обалар
және жатыр жағалай.
Көзбен көріп, оймен шолып даланы,
жүрек көзім талады,
сарғайтамын, шаршатамын сананы.
Тірлігімнің тегершігі шиқылдап,
қырылдайды домбырамның сағағы.
Көк жүзінде мен ұмтылған мәңгі Күн
жылдарымды домалатып барады.
Күн алаулап, түнгі көкте Ай жанып,
тылсым күштер түнектерге қайралып,
біреу жүдеп, ал біреулер айла ғып,
қылымсиды-ау мынау жалған сонда да
екі езуі майланып.
Мен өзім де ойларымдай бір күні
қалар ма екем обаларға айналып?..
Ойнап келген баурап ап бір нұрлы үміт,
талай ойды өлтірдім қылғындырып,
саусақ жайып сәбидей ұмтылғанда,
тұншықтырдым, көкірегім - шынжыр, құлып.
Ол тыпырлап жан беріп жатқанында,
жаным жылап, өңіммен тұрдым күліп.
Сәби-ойлар шырылдап маза бермей,
шетінеуде күн көрмей, дала көрмей.
Соның бәрін жүрегім жатыр жұтып
қанға, өлімге тойымсыз қара жердей.
Ойларымның өлігін үйген сайын,
мен өзім де қалам тек әрең өлмей.
Кеудем - көгал көгершін-жыр ұшардай,
сезім - сәуле шашатын нұры шамдай.
Сана - дұшпан, жүрегім - көзсіз батыр,
келеді әлі бір-бірін жығыса алмай.
Жан дүнием арпалыс, қантөгісте,
әзір оған тумай тұр ұғысар жай.
Адамзатта іс туар ойдан алып.
Тұла бойым - кереғар, ойран. Анық.
Қапелімде шапқандай ашкөз арлан
кең қораға тұрғанда қой қамалып.
Бұл қайдағы дүлей күш сұсы басым
ой тууға еркімді қойған алып?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 103
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Өлген ойлар өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Өлген ойлар, фариза оңғарсынова Өлген ойлар өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, Өлген ойлар, Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өлген ойлар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .