Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Бөтен бір кісілердей.....) » ZHARAR © 2016 | мақпал мыса Бөтен бір кісілердей өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Бөтен бір кісілердей




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Бөтен бір кісілердей.....)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Бөтен бір кісілердей.....) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Бөтен бір кісілердей.....) на казахском языке

Бөтен бір кісілердей,
Көп болды,
Неге кеттің түсіме енбей?
Мен өзіңді қалайша ұмытайын,
Кеудемдегі көгілдір құсым өлмей?!

Басқа адамдай,
Сен үшін мен алынбас тас қамалдай.
Бір сәулені бетке алып жолға шыққан,
Тимесін тасқа маңдай....

Бөгделердей,
Сені тіпті ғұмыры көрмегендей.
Аспан жаққа аңсарым ауа берді,
Бір беймәлім дүниеге шөлдегендей...

Сыр білдірмей,
Алдыңда тұнжырадым,тұрдым күлмей.
Баяны жоқ бақытың кімге керек,
Бәрі де өтер зымырап бір күнгідей...

Шерлі десін,
Жұлдызымның жарығын сен білесің.
Кез қылайын бәріңді көктемдерге,
Сөз қылайын алдыңда енді несін?!

Қанат қақса
Кеудемнен құсым өлмей,
Сен ғана түсінердей.
Кетпеші тұңғиықта түсіме енбей,
Бөтен бір кісілердей...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 50
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .