![]() |
|
![]() |
Құралай Омар (Жасын ойнап.....)

Жасын ойнап, жаңбыр жауды, саналым,
Сенi ойлаған бұл менiң жабығысым.
Анау жасын – жарқылдаған жанарың,
Ал тамшылар – мөп-мөлдiр сағынышым.
Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Бөлмем мұң.
Кезiп кеттiм су көшенi ертемен.
Анау отты көздерiңнен көргенмiн,
Сол от саған ғашық еткен, өртеген.
Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Шөлдедiм.
Сусын емес, жылы сөз бен сезiмге.
Толтыра алмай күтудiң көк шөлмегiн,
Аласұрдым!
Таусылды ғой төзiм де!
Сенi ойлаған бұл менiң жабығысым.
Анау жасын – жарқылдаған жанарың,
Ал тамшылар – мөп-мөлдiр сағынышым.
Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Бөлмем мұң.
Кезiп кеттiм су көшенi ертемен.
Анау отты көздерiңнен көргенмiн,
Сол от саған ғашық еткен, өртеген.
Жасын ойнап, жаңбыр жауды. Шөлдедiм.
Сусын емес, жылы сөз бен сезiмге.
Толтыра алмай күтудiң көк шөлмегiн,
Аласұрдым!
Таусылды ғой төзiм де!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: құралай омар Жасын ойнап өлең стихи на казахском языке куралай омар казакша олен, құралай омар өлеңдері, стихи на казахском языке куралай омар, куралай омар казакша олендер, Жасын ойнап