Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Өмір деген – күнді айналу) » ZHARAR © 2016 | серик аксункарулы Өмір деген – күнді айналу стихи на казахском языке серік ақсұңқарұлы олен өлең, серік ақсұңқарұлы өлеңдері, серік ақсұңқарұлының өлеңдер жинағы, стихи на казахском языке серик аксункарулы, серик аксункарулы олени өлең, Өмір деген – күнді айналу




  • »

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Өмір деген – күнді айналу)

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Өмір деген – күнді айналу) казакша Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Өмір деген – күнді айналу) на казахском языке

Дірілдерін
Гүрілдерін
Құлақ түріп, тыңдай қалып –
Бүгін менің,
Жұмыр Жерім
Бара жатыр Күнді айналып.

Күн дегенде –
Дүрбелең де
Жүріп жатыр майдан әлі.
Күймелер де,
Мінбелер де,
Түрмелер де
Жермен бірге айналады.

Керуен күнде –
Серуен бірге.
Тән Рухқа суарулы.
Елмен бірге, Жермен бірге,
Мен де айналам Күн Аруды.

Күнді айналу –
Мұңды ойлану,
Көз жастағы көліңменен.
Өмір деген –
Күнді айналу!!!
Күлге айналу –
Өлім деген!

Алтынға аптап асығыңды,
Босап бір сәт мұңды ойлардан –
Қарсы ал Жаңа Ғасырыңды,
Алаш-Анам,Күнді айналған,
Тектілері--гүлге айналған,
Тексіздері--күлге айналған…
* * * * *

Вокзалдағы бомжы қазақ,
жанымыз – бір, зарымыз.
Бодандықтан болдық та азат,
Бомж болдық бәріміз.

Маңайымыз толған сұмдар,
еміренбес ел десе,
Сенде үй жоқ – оңған кім бар?!
Менде Отан жоқ, ендеше.

Арсыз жерге кім қарамас,
аяр, жәләп, малғұн ба? –
Алаш қазір тыр-жалаңаш
адамзаттың алдында.

Ботадай боп боздадым да,
келдім саған, о, ғаріп:
Адамзаттың вокзалында
Бомж – Алаш тұр боғы ағып...

Кел, ішейік! Түзге қанат
қағып, көкті іліп бір,
Күледі ашкөз бізге қарап,
ұры-қары күліп тұр!

Қазақ біткен қатарында,
бәрі сендей -- қаралы.
Өрген бит те сақалында
сақ-сақ күліп барады...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 242
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .