Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Алтынның арбау жыры) » ZHARAR © 2016 | серик аксункарулы Алтынның арбау жыры стихи на казахском языке серік ақсұңқарұлы олен өлең, серік ақсұңқарұлы өлеңдері, серік ақсұңқарұлының өлеңдер жинағы, стихи на казахском языке серик аксункарулы, серик аксункарулы олени өлең, Алтынның арбау жыры




  • »

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Алтынның арбау жыры)

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Алтынның арбау жыры) казакша Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Алтынның арбау жыры) на казахском языке

Алтын айтты: «Сатып алам...»
Болат айтты: «Тартып алам!».
(А. Пушкин)

- Үстінен аттап ұяттың, ақыл, арлардың,
Адамның өзін азғырып сатып алғанмын!

Адам - кім?
Мен - кім?!
Білсең - айт, неде күш, пенде?
Қайтадан сатып жіберем -
Ерегіскенде!

Жүр екенсің-ау, кәріме жолықпай, мүлдем,
Пушкаңыз түгіл -
Пушкиннен қорықпаймын мен!

Тістенбе босқа ерінді қыршып:
Еліңді быт-шыт еткен - Мен!
Жеріңді - быт-шыт...

Қорықпаймын мен жыланның ордаларынан,
Сутегі,
Атом,
Нейтрон бомбаларынан!

Мені еске ал, пендем, шықса олар ойнақшып алдан:
Бәрін де соның өзіммін -
Ойлап шығарған!

Патшалар - менің бөбегім.
Желкелеріңе
Мініп алса да тиме сол еркелеріме!

Жендетке тисең -
Тиеді ызғарлы лебім:
Ойнастан туған ұлым ол, қыздарым менің!

Солдаттар Менің құлдарым ер үстіндегі.
Соғыс тәңірі өзіммін Жер үстіндегі!

Өледі олар - Мен үшін! -
Назалы немем,
Сен үшін - Ақын, жетеді -
Азалы өлең...

Солдат тәндері жүзімді бүркемелейді.
Өлген құлдарға өмірі құн төленбейді!!!

Сұлулар - менің қатыным!
Өсек пе, қалай?
Жүзік боп барсам жүргізем төсекке қарай...

Баһадүрден де қаймықпас байқа түрімді ,
Жерге де батыл айтамын -
Айтатынымды:

«Қара жер! -
Деймін -
О, менің қайран сарайым!
Дәуренім барда басымда - сайран салайын!»

Сұлуың Джоконда ма?!
Қайтып көрейін?!
Оның да құнын шотқа сап айтып берейін!

Мен -
Алтынмын!!!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 133
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .