Қазақша өлең: Аслан Қаженов (Алғы сөз) » ZHARAR © 2017 | Аслан Қаженов Алғы сөз өлең олен Аслан каженов стихи на казахском, стихи на казахском языке , казакша олендер , қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно,




  • »

Қазақша өлең: Аслан Қаженов (Алғы сөз)

Қазақша өлең: Аслан Қаженов (Алғы сөз) казакша Қазақша өлең: Аслан Қаженов (Алғы сөз) на казахском языке

Жаңа кітап өту үшін қауымға,
Жаңа кітап өтпеу үшін шағымға,
Алғысөзден басталады деген соң,
Тұманбайға шауып бардым алдында.

Оқып көрді ол бірнеше жырымды ап,
Содан кейін айтты пікір сынын нақ.
Кей-кездері қырыл кетіп үнінен
Кей-кездері үні кетіп қырылдап.

Сол баяғы Абайдан сөз бастады,
Сосын мендік жеңілдікті растады.
Ауыр ойға батпайсың деп өлеңде,
Ауыр ойға батырды да тастады.

Пауза қылды.Отырып сәл шайқалды,
Айтты кейін біраз мұңды жайттарды.
"Жазу үшін оқу керек" деді де,
Оқу үшін жазғанымды қайтарды.

Осылайша шығарды да үкімді,
Бір жанына насыбайын түкірді.
"Қатпағансың" деген сөзбен қатырып
"Бітпегенсің" деген сөзбен бітірді.

Бітірді де, қош айтты ел ақыны,
Өте дұрыс айтқан сын мен ақылы.
Андай сөзді естимін деп бардым да,
Андай сөзді естіп қайттым ақыры.

Ал, құрметті,оқырмандар,армысыз!
Болмас әсте бастамауым жарғысыз.
Бұл - Тұманбай бермей қойған қолтаңба
Бұл - Тұманбай жазбай қойған алғы сөз.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 295
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .