Қазақша өлең: Түлектер мектебіне оралады » ZHARAR © 2017 | түлектер туралы өлеңдер, түлектер туралы тақпақтар, түлектер туралы өлең жолдары, тулектерге олендер, тулектерге арналган олендер, жас тулектерге арналган олендер




  • »

Қазақша өлең: Түлектер мектебіне оралады

Қазақша өлең: Түлектер мектебіне оралады казакша Қазақша өлең: Түлектер мектебіне оралады на казахском языке

Ұя сап жүректерге,
Қарайлап өткеніне.
Оралар түлектер де
Қайтадан мектебіне.

Армандар қаланды нық,
Көрінді ізі көкте.
Кешегі балаң жігіт -
Жауапты қызметте.

Жас емес олар қызба,
Істері сүйікті елге.
Кешегі балаң қыз да
Ту тіккен биіктерге.

Алаң еді ертеңіне,
Жүзге нұр жиылып тұр.
Міне, еткен еңбегіне
Әз-ұя сүйініп тұр.

Жаңалық біліседі,
Досқа үміт артады анық.
Дуылдап, күліседі,
Бір-бірін ортаға алып.

Ере алды көшке, міне,
Ұстазды ұмытпағын.
Түсірер естеріне
Шәкірттік қылықтарын.

Сүйсініп жұрт айта алар,
Білерсіз қоштағанын.
Қайтадан шырқайды олар
Баяғы достар әнін.

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 033
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .