Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қоштасу) » ZHARAR © 2017 | акберен елгезек Қоштасу стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қоштасу)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қоштасу) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қоштасу) на казахском языке

Сен мені аңсамадың, іздемедің,
Қарсы алдыңнан шықты ма іздегенің?
Көктем болып жұтылып кеттің жазға,
Ал, жүрегім айналды күзге менің...

Телефон да шалмайсың, хабарың жоқ,
Шоққа айналып барады жанарымда от.
Қалтарыс пен бұлтарыс толған өмір,
Ұмытамын мен сені...Амалым жоқ.

Хат жазамын, сол ғана айла, күшім...
Жауабың жоқ...Әлсіз бе байланысың?
Сені сүйген шығармын кім біледі,
Өлеңдегі мұң менен ойлар үшін...

Таусылмастан төгілсе жарық қанша,
Мен өзіңді күтемін жалыққанша...
Келмейтінің белгілі...Олай болса,
Келесі бір өмірде жолыққанша!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 612
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .