Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Флирт) » ZHARAR © 2017 | акберен елгезек Флирт стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Флирт)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Флирт) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Флирт) на казахском языке

Кірпігіңнің ұшымен,
Белгі берші, өтінем.
Бәрін сонда түсінем,
Жүрегімнің шетімен.

Саусақтағы дірілді,
Шаштарыма тигізші.
Іңірдегі күбірді,
Ерініңнен сүйгізші.

Көздеріннің түбінде,
Айтшы неге бір шық тұр?
Жанарыма үңіл де,
Қарашыққа тұншықтыр!

Жиілеген тыныстан,
Өртеп ал да деміңе.
Ескерусіз бұрыштан,
Шығарып сал көгіме.

Қалтыраған сезімді,
Жылытайын көркіңе .
Қалшылдаған төзімді,
Жіберейін еркіне.

Мен іздеген жұмағым,
Бәлкім сенің жолында.
Шөлдетпеші бұлағым,
Бәрі сенің қолында...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 423
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .