Қазақша өлең: Түркістан » ZHARAR © 2016 | түркістан қаласы туралы өлең, түркістан қаласы туралы өлеңдер, түркістан олен казакша, туркестан казакша олен, отан туралы өлеңдер тақпақтар, отан туралы өлең тақпақ




  • »

Қазақша өлең: Түркістан

Қазақша өлең: Түркістан казакша Қазақша өлең: Түркістан на казахском языке

Тарихтарың сыр шертіп ғасырлардан ,
Көкте күнің Түркістан жарқыраған .
Ән арнадым рұхсат ет , бас иемін ,
Тебіренттің рухыңмен асыл бабам .
Қожа-Ахмет ойын тербеп шарлаған ,
Болашақтың шамын жағып Түркістан .
Кемтарларға дер кезінде дем беріп,
Сая болдың кезі болса шаршаған .
Түркі-Қазақ атанған жер анасы ,
Кіші Мекке Түркістан баб қаласы .
Бір өзіңді пір тұтып табынамын ,
Шығыстағы Мұсылман астанасы .
Хан Абылай елің үшін жаралған ,
Күмбездерің асыл нұрдан нәр алған .
Түркістаным гүл бақшаңа оранып ,
Әлем шарға қасиетің таралған .

Жібек жолың Үндіге жалғастырған ,
Әмір-Темір қолдары мың жасаған .
Имандылық Түркістан мекенісің ,
Тай қазаның ырыс боп оратылған .
Батырлырың шайқасқанда жауымен ,
Үш билерің ақылдасты қауыммен .
Түркістаным атты таңын жаңарып ,
Егеменді елім болып оңымен .



Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 4 185
Рейтинг:
(голосов: 4)

.

. .