Серікбай Маханов (ҒАСЫРЛАРҒА ЖАСАЙ БЕР)

 Серікбай Маханов (ҒАСЫРЛАРҒА ЖАСАЙ БЕР)

(Нұрсұлтан Назарбаевқа)

Қыран құстай қос қанаты талмайтын ,
Ер боп тудың бостандықты қорғайтын .
Жер бетінің тіршілігін жаңартып
Ғасырлардың Ұлы болдың қолдайтын .

Азияның көк Барысы атанып ,
Алты алаш қазағыңды басқарып .
Әлем шарға әйгілісің ісіңмен
Көріпкелдей болашақты ойланып .

Туындады халқыңа ақ жолдауың ,
Ата – салтын еске алып қолдауың .
Нткен ерлік – қазағыңды шет жерден
Басын қосып , Ана тілді қорғауың .

Із тастадың тарих бетін жаңартып ,
Аппақ нұрлы шұғылалы таң атып .
Өркениетті елу елмен тең болдық
Қазақстан Республикасы атанып .

Атқарылды жиырма жылда көп жұмыс ,
Басын иді көкшіл шыңдар ең алыс .
Молшылықың дастарханын жайдырған
Шетелдерге қазақ деген ел таныс .

Патшасы боп қарапайым халақтың ,
Сеніміне ие болып жолықтың .
Көк жүзіне сансыз жұлдыз самғатып
Нұрын құйдың сөнбес сәуле жарықтың .

Қасым хан мен Есім хандай ант беріп ,
Ізгілікті ел – жұртыма салт еніп .
Қасқа жолын , ескі қолын бабамның
Үлгі еттік Нұрсұлтанға ел сеніп .

Дауыс бердік Президенттік сайлауға,
Тыныш өмір , ұрпақ қамын қорғауға .
Ақ тілегі қабыл болып елімнің
Кезі келді тағы бір той тойлауға .

Ұлықтауға Президенттің тағына ,
Жаратылдың Адамзаттың бағына .
Жасай бергін ғасырларға мәңгілік
Тік көтеріп қазақ елін тағы да .

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады