Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Он алтыда қарындас) » ZHARAR © 2016 | сәбит мұқанов өлең Он алтыда қарындас олен сабит муканов стихи на казахском ,сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі , сәбит мұқановтың өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдер жинағы , сабит муканов стихи на казахском языке,




  • »

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Он алтыда қарындас)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Он алтыда қарындас) казакша Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Он алтыда қарындас) на казахском языке

«Большевик күз»
Деген ат тағынғансың,
Он алты мүшеліңді, қарындасым,
Шаттанып құттықтаймын,
Тойыңда өлең
Бұлақтай тастан атқан ағындасын!
Атыңды аспандата, ақын серпісін,
Серіпкенде жай серіппесін,
Ту ғып желпісін.
Лебізден ауаны өрлей ұшқан күйлер,
Достардың жер жүзінде бойын ертсін.
Ұмытпас бірақ, ақын ескі күзді,
Жатырқап өгей ұлы көрген бізді.
Қымс етсе улы таяқ астына алып,
Есіркеп бермеген ол, жылы жүзді.
Құшағы, ол сұмрайдың зәрден суық,
Лебінен үскірікті боран туып,
Секіріп жындай боран,
Мені мазақ
Қылатын
қаңбақ айдар желдей қуып.
Үкімін жүргізгенде
Бай, бек, төре,
Сүліктей сорған кезде қанымды өбе,
Кезеріп ернім,
Көзім өліктеніп,
Солғанда,
Семген гүлдей әлсіз дене,
Сұм тажал арандай ғып тісін ашып,
Аузынан тұншығарлық аңқып сасық,
Езуі құлағында,
Қарқ-қарқ күлген
Қысылып мен тұрғанда жанталасып.
Ол өлді, он алты жыл бұрын бұдан,
Қуанышта Октябрь самалынан
Бұрынғы сасық тұман жойылды да,
Сен шықтың бостандыққа қоса ұран.
Екеуміз тудық егіз құлындай боп,
Бірге өстік,
Жатсақ-тұрсақ,
Бірыңғай боп.
Біріккен идеямыз,
Шын шебердің
Қолынан қиюласқан жымындай боп.
Көркейді келбеттене біз туған жер,
Сен менің киім, тамақ, үйімді көр.
Советтік қалаларда
Аспанменен
Таласқан биік, зеңгір үйлері - ол
Тәрбие бақшасында балаларым,
Олардың көрсең күткіш аналарын,
Алмадай екі беттен нұры тамып,
Өлеңмен қарсы алады ағаларын.
Бұларды бұлай еткен кім десең?-
Ол,
Күшімен Октябрьді жасаған қол.
Құлдықтың шынжыр торын талқан
қылып
Игілік іс етуге босаған қол.
Мыңдаған заводтарды жүргізген қол,
Колхозға диқандарды кіргізген қол,
Полюсті, көктің жүзін түгел шарлап,
Әлемге батырлығын білгізген қол.
Сол қолдың арқасында денең толды,
Қайда бар сенен сұлу, сенен өңді,
Он алты жасқа жеттің,
Ұзақ жаса,
Нарттай жан, қарындасым, әкел қолды
Тойында ата-анаңа әкелдің сый,
Сыйларың арзан емес, қымбат ылғи,
Оларға баға қойып есептеуге,
Болғанмен қанша есепші жете ме ми!
Бір сыйың оттай жанған бидай алтын,
Бір сыйың күміс мақта
Нұрдай жарқын,
Бір сыйың сұр қорғасын -
Сұлы, және
Сыйладың жемістердің брильянтын.
Асылдан әкелмеген сыйың бар ма?
Сыйларың шағын емес,
Мың-мың арба,
Еш жердің «Торгсині»1 мұндай қымбат
Бұйымды өмірінде жыя алар ма?!
Тігулі саған көзін жердің шары,
Қарайды өскеніңе таң боп бәрі,
Олардың байы дұспан,
Сеніп қалма
Жауың көп,
Қарындасым, сақ бол әлі!
Тұлғаңа күзетші көп:
Оңнан, солдан,
Алдыңнан және артыңнан берік қорған,
Ол қорғаның - ер інің қызыләскер
Қарап тұр винтовкасы түспей қолдан.
Жолыңа ленинизм шамы жанды,
Тәрбиенің міндетін партия алды,
Партия азаттықтың тобын бастап,
Қарқынды құрылысқа ұран салды.
Кеңестің ұлы Одағы үйің сенің,
Аэроплан - алғыр –
Мың үйір сенің.
Көлігің тракторлар,
Сөзің эфир
Бойымен зымырайтын құйын сенің.
Фабрик, завод, шахта бір өзектен,
Үздіксіз даярлайды саған мол жем.
Ұлт демей, ру демей,
Одақтың бар
Ұлы-қызы аянбайды сақ күзеттен.
Одаққа болат топшы, бітті қанат,
Қанатты жай оғынан жылдам сабап,
Ұшты ол.
Сен де ілестің коммунизм -
Маякқа тесілдіре көзді қадап.
Мың сәлем,
саған алғыр большевигім!
Қымбатты сенсің жанға өлшегенім,
Туысқан махаббатпен алма беттен
Сүйейін құшырланып,
Келші, күнім!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 668
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .