Cәбит Мұқанов (Сөз - советтік армия)

 Cәбит Мұқанов (Сөз - советтік армия)

I

Сөз - халықтың қымбаттан қымбат кені,
Жүректің шахтасынан халық оны -
Мыңдаған жылдар қазып, кен тасына
Тереңнен әрең барып жетті қолы.
Жеткен соқ қолы сөздің кен тасына,
Кен күйінде қазына бомбасына
Түсініп, қорытуға әкеп төкті
Мидың мың градустық домнасына.
Мың градус ыстықтың қызуымен
Шымырлап қайнап, майдай шыжыды кен,
Шыжықтан шым болаттай мөп-мөлдір боп,
Шүпілдеп тегілуге жүзіді кен.
Қалық қаймақ көбікті, беті күлген,
Ажары артық жанған қызыл гүлден.
Сөз тасқыны көмейдің түтігі
Фонтандай атқылады саулап тілден.
Тіл тасқыны құлашын қаусырмады,
Болмады бөгет жолда тау шыңдары,
Теңіздей шалқыған сөз кең жайылып,
Мейірі қанып, халық сусындады.
Халықтың мойнында масыл залым,
Халықтан бүркеп сөздің асылдарын.
Сыртқа шықпай, ішінде кептеліп сөз,
Өткізді құлдар нелер ғасырларын.
Тұрмады бірақ тыныш тұсауда сөз:
Ұқсап бейне албырт күш асауға сөз,
Тулап, тістеп, теуіп ол құлданғанды,
Тынымсыз арпалысты босауға сәз.

II

Бұрын да сөз орын ап ел төрінен,
Сый тартып халыққа ең көркемінен,
Саулады мөлдір меруерт бұлақтай ол,
Тәтті қиял, бал дәмді ертегіден.
Тарихтың қиырдағы шөлінде ол,
«Бала қоғам» гректің елінде ол,
«Илиада»», «Одиссея» теңіздерін
Жасап, саулап құйылды Гомерден ол.
Болмаған күні қонып, қанат жайған,
Майданда сөзден қару-жарақ жиған,
Тасқын болып саулаған сарқылмай сөз
Римша плебейшіл Горацийдан.
Иранның бар тарихын кең қаусырған,
Бөлмеген ақын үнін ел даусынан,
Тасқын болып саулаған сарқылмай сөз
Атақты Абулқасым Фердоусидан.
Шеттен жау талағанда халқын келіп,
Князь Игорь, соңынан ерген полк
Тұтылғанда, Святославтан сөз
Саулаған ұшан-теңіз алтын болып.
Тағдыры ортақ елі, жеріменен,
Ханға қарсы, елінен жерімеген.
«Еменге иір біткен бұтақ»- батыр
Дос болған Махамбет сез өріменен.
«Шын адам махаббатпен еркін сүйген,
Көңілге алған ойға жетіп үйрен!»
Деп ерікті көксеген, жалын жанды,
Саулаған сөз тасқын боп Шекспирден.
Махаббат һауасымен тыныстаған,
Колына күйрек, нәзік гүл ұстаған,
Тасқын болып саулаған сарқылмай сөз
Жасты көз, жұқа жанды Руссодан.
Сан міндетін мойнынан етеген сез,
Тауды бұзып, тас жарып төтеден сез,
Жол ашып, көркем сөздің кең арнасы -
Саулаған тасқын болып Гетеден сөз.
Сан ғасыр жасаса да ескірмей сөз,
Шын дос болса бас тартпай ешкімнен сөз.
Сарқылмайтын толқынды тасқынымен
Саулады Александр Пушкиннен сөз.
Шын ақынның ұлтына қарай ма сөз?
Жан қимас жолдас болды талайға сөз,
Суарып қазақтың кең шөл даласын
Саулады сел, тасқын боп Абайдан сөз.
Қымбатты қазынам деп ел сүйген сөз,
Елдің қамын жоқтаған ер сүйген сөз,
Саулады сел-тасқын боп сарқылмайтын
Революция дауылпазы Горькийден сөз.
Әлденіп әлсіз, басын күшті иген кез,
Босанып бойға еркін күш тиген сөз.
Жаңбырдай құйылдың оқ боп, революция
Ұраншылы Маяковскийден сөз.
Әлемге Ленин үнін әкелген сөз,
Сан жүлде еңбекшіге әперген сез,
Қазақтан алғаш ұшқан - Қызыл Сұңқар,
Аспанда шарықтады Сәкеннен сөз.
Жазушы, драматург, ақынды сөз,
Ісіне Ұлы майдан шақырды сөз,
Олардың қамалынан досты алғап
Дұшпанды қарғап, оқ боп атылды сөз.
Халықтың көңіліне ұнағанды,
«Көркем ғып жаз!» деп халық сұрағанды.
Жасап олар, халыққа берді талай
Поэма, пьеса мен романды.
Көркем сөздің тозған бөз жейдесін сөздің,
Сыпырып, оның зарлы кеудесін сөздің
Аршып қайғы-зарынан, көркем сөздің,
Келтірді айқын, ашық бейнесін сөздің.

III

Фашизм пиғылы пасық құтырған аң,
Көзі күңгірт, көбікті аузында қан.
Тарпа бассап талайды әлі келсе,
Табанына тапталып адамдық заң.
Билетіп сұм фашизм бойын жынға,
Құлап қирап өлетін шығып шыңға,
Ұлиды қарап тұрып қаны қашып,
Бақытты біздің Отан СССР-ға.
Құтырған аң егер де шаппақ болса,
Улы тісін батыра қаппақ болса,
Сау денеге ауру жұқтырмақ боп,
Сасық қанды көбігін жақпақ болса;
«Отаннан таспадай жер берме жатқа!»-
Деп бұйрық беріп барлық азаматқа,
СССР елінің бас командирі -
Партия туды ұстап, мінсе атқа.
Екпіні желді тұсап, бұлтты үйіріп,
«Жауларды шөптей жапыр!» деп бұйырып,
Аттанса қызыләскер маршалдары:
Буденный, Тимошенко, Ворошилов.
Жаулардың сырын ашқан талай кезеп,
Отанды сақ күзеткен оғын безеп.
Аттанса Эн-Кә-Вэ-Дэ әскерлері,
Жаудырып жаңбырдай оқ, қылыш безеп.
Даусы гудоктердің жерді жарып,
Ұрандап шахта, фабрик, поезд, завод.
Аттанса қалың қолы жұмыскердің
Алдында командирі Стаханов.
Комбайн, тракторы кең өлкені
Күңрентіп колхоздың әйел, ері
Аттанса әйел демей командир ғып,
Алдына Нұрипа мен Демченконы.
Ел жұмылған майданнан қалмай шетте,
Аралас қоян-қолтық еріп көпке,
Аттанса, өнер-білім командирі:
Инженер, профессор, педагок те.
Алпыс ұлт, бір жүз жетпіс миллион жан
Бірі қалмай бір жандай қосып ұран,
Дүниенің тағдыры шешілетін,
Құрылса осындай бір ұлы майдан.
Ұранға даусын қосып осы кезде,
Еқ алдыңғы қатарда түсіп көзге,
Майданға аттанбақшы ақындардың
Жүрегін жарып шыққан жалын сөз де!
Фашизмнен Отанды тынбай қорып,
Жаудың бетін қайтара жасап жорық.
Құрылмақ ақындардың сөздерінен
Армиялар, корпустар, сансыз полк.
Боп сонда сыя теңіз, қалам кеме,
Сөз теңізге балықтай қаптап ере,
Сүқгуір қайық болып сүқгімен сөз,
Дүшпанның кемесінің түбін сөге.
Кітаптың қағаздары самолет боп,
Қаздай қалқып аспанға, жауға беттеп,
Зениттік орудия атқыласа.
Шалдырмай өтпек үстін баса-көктеп.
«СССР» атты қызыл тағып цифр,
Ұшқырлығы дерліктей «мынау сыйқыр!
Өлеқ жазған қағаздар қан майданда
Атқармақ қызметін истребитель.
Жақбырдай нөсерлетіп бұлт төккен,
Күн көзін көлеңкелеп жауға көктен,
Өлеңнен ағытылып түспек жолдар
Секіріп самолеттен парашютпен.
Жау әскерін үркітіп бөріктіре,
Еңбекшіні соңынан еріттіре,-
Сөз қолына мылтығын берік ұстап,
Жалынды таратпақшы үгітті де.
Әскерін тас-талқан ғып жаудың тозғын,
Ұшқынын найзағайдай шашып қоздың,
Поэмалар майданда армай-талмай
Атқармақ қызметін бомбовоздың.
Бомбовоз бомбаны мол жеткізеді,
Бұршақтай бұрқырата төккізеді,
Полкін, паркін жаулардың күл-талқан ғып,
Жеміріп жермен-жексен еткізеді.
Күркіреген күн даусы - дауыл екпін,
Құлағын керең қылып жер мен көктің,
Проза атқарады қызметін –
Ауыр артиллерияда зеңбіректің.
Күндіз демей, түн демей жанталасып,
Қанды майдан ішіне араласып,
Очерктер разведка қызметін
Атқарады тынбастан хабар тасып.
Мәдени майданды алып үлесіне,
Майданда сауық қойып, тыл ішіне,
Әскерге рухани азық беріп,
Алмайды дамыл, тыныштық пьесе де.
Майданда не қимыл теріс, не қимыл оң,
Зор бәйгеде кім неге қалады соң?-
Солардың себептерін ашып айтып,
Өзара сын жасайды фельетон.
Тағдыры шешер күні жер шарының,
Жасымның кезі болып дер шағының,
Ең зоры тілегімнің: бірі болсам,
Майданда поэзия маршалының!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады