Cәбит Мұқанов (Алатаудай ауылым)

 Cәбит Мұқанов (Алатаудай ауылым)

Он сегіз жыл бұрын бай, патша, бектен
Езілген, шерлі болған көкіректен
Жанған ыза жалыны Алатаудың
Астындағы қызудай, сыртқа тепкен.
Октябрь сол қызудың қабын жарған,
Құмыққан жалын үдей жайнап жанған,
Өртеңдей жаңа өмір өскен өрлеп,
Күйгенсін түсі сұр, сұм ескі жалған.
Өлкемде он сегіз жыл өсті өртең,
Кұлпырды кілемнен де өртең көркем,
Алатаудың алқызыл алмасындай
Елмен бірге қызара мен де бөртем.
Өскен өлкем таудың, шың, құздарындай,
Ызбары жауға - таудың мұздарындай,
Кайраты - Алатаудың астындағы
Вулканы жерді кере қызғанындай.
Ақпайтын тауды жармай, тасқа ұрынбай,
Білімі - долы өзен тасқынындай,
Жемісі өнерінің шығымды жыл
Колхоздың оратын мол астығындай.
Өлкемнің мен бұлбұлы жазын жырлар,
Жырымда нелер мың түс гүлдей нұр бар,
Кеудем кеннің шахтасы, әр сөзімнің
Әрпінде алтыннан артық құн бар.
Сөзімді социалдық табын малдай
Өргізіп, өрісіңді түгел шарлай,
Өлкем! Көркем, өлеңмен ән шырқаймын,
Үнімді құлағыңа құйып балдай.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі