Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алатауда)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алатауда) казакша Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алатауда) на казахском языке

АЛАТАУ

Иір-иір Алатау
Бұйра-бұйра жал ма екен?
Қарасам көзім талады-ау
Қияңа, асқар Алатау.
Бөлек-бөлек бала тау
Етекте шөккен нар ма екен?
Желкендегі, ару Алатау,
Жауһардан тізген жал ма екен?

ҚҰЗДАР МЕН ҚЫЗДАР

Алатаудың құздары
Аспанның сырын ұрлайды.
Жылытып жырмен мұздарын,
Күңірентіп таудың құздарын,
Қырғыздың ару қыздары
«Зекенбайды» ырлайды.
Алатаудың құздары
Қырғыздың сырын ұрлайды.

ҚОҚИ МЕН ҚАРТОЗ

Тұлымдары сүліктей
Селкілері бар болсын!..
Едірейіп еліктей,
Селкілері сүліктей.
Қоя-ақ қойды елікпей,
Көрініп қоқи қартозын.
Сымбаттары сүліктей,
Селкілері бар болсын!

ТАУДЫҢ ТОЛҒАУЫ

Ай шырайлы аяшың
Күл болып күйіп, солмасын.
Бозаға толып шанашың,
Күл болып күйіп аяшың,
Семетей менен Манасың
Қысыр бір қисса болмасын.
Айшөректей аяшың
Күл болып күйіп, солмасын.

ҮЙДІҢ ЕРІ

Тырнала, қырғыз, танабың,
Ел болмайсың оқымай.
Мола жұтсын манабың,
Тастапсың адыра танабың,
Боза бопты шалабың.
Атаң көрі, қоқи-ай...
Тырнала, қырғыз, танабың,
Ел болмайсың оқымай.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев Алатауда өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, алатау туралы өлең олен, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жум, Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алатауда), Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Алатауда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке