» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын сырым)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын сырым)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын сырым) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын сырым) на казахском языке
Жиырма үш жасымда
Бұл өлең жазылған,
Басында табылмай
Өзіне лайық ән.
Мұңлы, күйсіз, жесір боп жатыр еді,
Мінеки, ойланып,
Өз әні табылған.


Бақытсыз жүрегім
Жалындап жанып тұр.
Үмітті тілегім
Орынсыз қалып тұр.
Ақыл, қайрат, сабырдың бәрі кетіп,
Адасқан асығың
Мұңлы әнге салып тұр.

Көзіме көріндің,
Ашылмас сорыма,
Байқамай іліндім
Сиқырлы торыңа.
Жаду көзің басымды айналдырып,
Құрбан ғып шалдың ба
Жарыңды жолыңа?

Кетпестей сәуле бар
Ойымда нұрыңнан,
Ол неге жоғалар,
Айрылман мұңымнан.
Қарақаттай көзіңмен қызықтырып,
Ұстадың жанымды
Тұзақ қып тұлымнан.

Қадала қарайды
Үңіліп маған жар.
Жүректен тарайды
Сондықтан мұңлы зар.
Жүзін көрмей тұрғанда өлсем нетті,
Енді жоқ жанымда
Жанбауға ықтияр.

Нұрыңнан нұр алып
Аспанда жарық ай,
Келеді қозғалып,
Жақындап бері қарай.
Аямадың өлер деп мен ғарыпты,
Мейірімсіз сәулем-ау,
Сырыңды айт, бұл қалай?

Өртеніп, жанды ішім,
Ақыл жоқ бойымда,
Кетсең де, сәулешім,
Суретің ойымда.
Нұрлы жүзің сипаттап зарланайын,
Айтайын әлемнің
Істеген тойында.

Жібектей қап-қара
Таралған шашың бар,
Бұлдырсыз тап-таза
Жаралған басың бар.
Қардай аппақ әжімсіз маңдайың кең.
Қынаптан суырған
Қанжардай қасың бар.

Кірпігің тізіліп,
Миыма қадалар,
Нұр көзің сүзіліп,
Ойыма от салар.
Сиқыр жүзің ақылды байлап алып,
Тор шашың шырмалып,
Басымды ноқталар.

«Сүйем» деп бір рет
Келді жан ерінге,
Сезіп тұр қасиет
Аузыңнан, тегінде.
Пәрменіңді айт – шықсын ба, не қайтсын ба,
Жолыңа құрбан боп,
Шыдап тұр өлімге.

Күн батып жоғалды
Нұрыңнан ұялып,
Жұлдыз бен Ай қалды
Сәулеңнен нәр алып.
Жетіқарақшы айналып сені іздеп жүр,
Бәрі де сені ойлап,
Мас болып сандалып.

Үркер мен Таразы
Шашылды шашуға,
Шолпан да қарады
Мауқын бір басуға.
Темірқазық арқандап Қосбоз атын,
Жаратып, ойы бар
Тойыңа қосуға.

Таң атты бозарып,
Жоғалды Жұлдыз, Ай,
Шыдасын о не ғып,
Есі ауып жығылмай.
Тойға келген таң желі сыбырласып,
Сызылтып ән салып,
Шырқады бозторғай.

Жүзіңді көргелі
Күн шықты қайтадан,
Бір көріп өлгелі
Ұмтылды бері таман.
Бұлт перде бүркеніп сығалап жүр,
Көз жасы – жаңбыр ғой,
Асық боп жылаған.

Гүл билеп жайқалып,
Бұлбұлдар сайраған,
Жорға су тайпалып,
Бұраңдар жайнаған.
Жел мен бұлт дуана, бақсы болып,
Дүрілдеп, күрілдеп,
От-қанжар қайраған.

Бұл әлем ойланған
Асық боп сен үшін.
Шашыңа байланған
Дертінің емі үшін.
Ұят, ынсап бар ма екен, ойла, менде,
Жаралдың деп білем,
Сәулем-ау, мен үшін.

Ақыл-ес сұрама
Дуана сорлыңнан,
Менде ақыл тұра ма,
Байқасаң пормымнан.
Жаным, тәнім еркіңде – не қылсаң да,
Өзіңсің аямай
Әурелеп қор қылған.

Көңілде сәулемсің,
Көздегі, нұрым-ау,
Ақылды астыртын
Ұрлаған ұрым-ау.
Өмір бойы өртеніп жүргенімше,
Не өлтір, не тірілт,
Осы шын сырым-ау!

Автор: nurgul95 | 232 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алдымда суретің тұр ойнаңдаған)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ноль)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ноль)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жар көрмеген надандар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жар көрмеген надандар)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үш жасымда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үш жасымда)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыттың сарыны)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыттың сарыны)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шам Сенен жарықпын деп күнәлі боп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шам Сенен жарықпын деп күнәлі боп)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жүректен аққан қанымнан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан денеден жалықты)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан денеден жалықты)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Өз-өзімнен өртеніп барам жанып)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Өз-өзімнен өртеніп барам жанып)
Қазақша өлең: Орынбай ақын Бертағыұлы (Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Орынбай ақын Бертағыұлы (Ассалаумағалейкүм, батыр Ерден)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Шын сырым өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Шын сырым, шәкәрім құдайбердіұлы Шын сырым өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Шын сырым, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын сырым) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке