» » » Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)

Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)

Өлең: Күләш Ахметова (Алматы) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Алматы) на казахском языке
Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,
шапағаттанып жатасың-ау сен таңда тым.
Шілдеде — гүлге, ақпанда — қарға бөленіп,
шәйі бұлттардан шәлі байлаған Алматым!
Құйын фонтаннан сезімнің алып бастауын,
қыдырса алтын алма бақтарда жас қауым,
Сүйген жүректің лүпілін қосып үніңе,
сыңғырлаушы еді бұлақтан таққан шашбауың...
Серуенге шығам, шақырса кейде Көктөбең,
Көктөбе жақтан көрінеді екенсің көп төмен.
Көкпеңбек мұнар перделеп сонда жүзіңді,
қиялға батып, ойға қаламын көптеген...
Қым-қуыт ойлар басады кейде мысымды,
мезгілім маған беймаза күдік ұсынды.
Бұлақ суымен жуғым келеді бір уақ
жұлдызды жауып, аспанды басқан ысыңды.
Гүлдеймін бірге, гүлдейтін болсаң егер сен,
көгерем бірге көктемде өзің көгерсең.
Сенімен бірге селге де қарсы тұрам мен,
сенімен бірге көремін мен де, не көрсең!
Өзіңнен күндей тарар деп байтақ елге ізгі үн,
жыр жолдарына жақсы үмітімді енгіздім.
Тәкаппар таудың тәжді шыңдары сүйеген
намысымыз бен мәртебемізсің сен біздің!

Автор: nurgul95 | 136 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Шаттығым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Шаттығым)
Өлең: Күләш Ахметова (Достық жыры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Достық жыры)
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қызыл алма)
Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақ Жайықтан қайтарда)
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Бірге туған үш бала)
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлең: Күләш Ахметова (Перзенттік парыз)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Перзенттік парыз)
Өлең: Күләш Ахметова (Келісімдер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Келісімдер)
Өлең: Күләш Ахметова (Самайым ерте ағарды)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Самайым ерте ағарды)
Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Таластағы жер аттары)
Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Қарғалдақ...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Қарғалдақ...)
Өлең: Күләш Ахметова (Ая София)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ая София)
Өлең: Күләш Ахметова (Отанды сүю)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Отанды сүю)
Өлең: Күләш Ахметова (Қуан жүрек!)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қуан жүрек!)
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлең: Күләш Ахметова (Бұлбұлмен бірге оянған)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Бұлбұлмен бірге оянған)

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Алматы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Алматы, күләш ахметова Алматы өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Алматы, Өлең: Күләш Ахметова (Алматы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке