Жамбыл Жабаев (Сарыбайға)

 Жамбыл Жабаев (Сарыбайға)

Сареке, саллым бір сөз сыныңызға,»
Сіздің сын таразы ғой сырымызға.
Қолыма домбыра алып, талап қылдым,
Бересіз қандай бата ұлыңызға?
Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Біреулер малмен бәрін бөктеріп жүр,
Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр.
Көтеріп дүниенің көң-қоқырын,
Апарып қай шұқырға төккелі жүр?
Біреулер «қайтемін» деп қалтаңдап жүр,
Әркімнің аузына бір жалтаңдап жүр.
Біреулер біліп тұрып, жете алмайды,
Аяғын қандай нәрсе арқандап жүр?

Көңілі кейбіреудің бұлтта жүр,
Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.
Біреулер қара сөзді қамшы қылып,
Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.
Қайсысын маған соның еп көресіз?
Әкетсем өзім таңдап, өкпелерсіз.
Сүйекемнің сүйгенін ойласаңыз,
«Өлең болсын серігің» деп бересіз!
Айрылдым арманменен қайран, Бұрым,
Айдай ед толықсыған аппақ нүрың.
Алдандым, аяғымды шалыс бастым,
Білмедім жан ашымас аға сырын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді