Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Есек пен үкі) » ZHARAR © 2016 | Ахмет Байтұрсынов өлең Есек пен үкі, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке , стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке,ахмет байтурсынов олендери на казахском языке, ахмет байтұрсынов казакша олен,




  • »

Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Есек пен үкі)

Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Есек пен үкі) казакша Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Есек пен үкі) на казахском языке

Үркектеу, үйір емес онша қолға,
Бір Есек ұзақ сапар шықты жолға.
Есектің бойы тәуір болғанменен,
Есепте қосылмайды есі молға.
Және де бұл Есектің көзі соқыр,
Басшысыз соқыр қалай жүрсін оңға?
Лағып тура жолдан қаңғып кетті,
Қисайып, қыңыржақтап, шығып жонға.
Ішіне қалың орман барып кірді,
Білмеймін, не жол тауып, неғып жүрді.
Күн батып, қас қарайған уақытта
Есектің лаққанын Үкі көрді.
Үкі айтты: «Мінгіз, Есек, мені, - деді,
- Мініп ап, мен бастайын сені, - деді.
Жолды айтып, жөнді сілтеп мен отырсам,
Көзіңнің еш нәрсе емес кемі», - деді.
Бір ауыз сөз қайырмай, Есек көнді,
Мініп ап, Үкі отырды сілтеп жөнді.
Жерлерден адыр-бұдыр аман өтіп,
Ағаштың жиегіне жақын келді.
Жол тапқан қараңғыда басшысына
Ден қойып, «бастағыш» деп, Есек сенді.
Бір кезде таң сарғайып, машырықтан
Ағаштың арасына сәуле енді.
Үкілер күндіз соқыр, түнде көргіш,
Есекең іс мәнісін білмей ергіш.
Үкіден таң атса да айрылмайды,
Деп ойлап: «Жарықта да жөн сілтегіш».
Күн шықты, жарық болды дүние жүзі,
Үкінің бұлдырайды көрмей көзі.
Өзгеге жөн көрсетіп, бастау түгіл,
Әлі бар отырарлық жай ғана өзі.
Сонда да Есегіне сыр бермеске
Айтатын білгішсініп міне сөзі:
«Ал келдік жаман жерге, енді сақтан,
Жолама сол жақтағы өзенге аққан.
Бетіңді оң жағыңа сала жүріп,
Аман әт мынау жатқан лай қақтан».
(Ол жердің өзені де, қағы да жоқ,
Білмеймін, соқыр Үкі қайдан тапқан?!)
Есекті Үкі билеп, алып қолға,
Салыпты нақ ғазазыл түскен жолға.
Пәлен деп күн ілгері не қылалық,
Түскені ондай жолға бақ па, сор ма?
Бұл сөзді баяндаған болмас айып,
Әркімнің ісіне бар сөзі лайық.
Көркем сөз мұнан артық таба алмадым,
Тал түсте лаққанға жолдан тайып.
Көп білім, көпті үйретер болмасақ та,
Не пайда жабыққаннан құр мұңайып?!
Соқырға көрсеткенмен, көре қоймас,
Сонда да үміт үзіп, отырмайық.
Арланбай, адасқанды әшкерелеп,
Қоялық погоннойын жұртқа жайып.
Болады ақылсыздың мысалы Есек,
Ғылымсыз надан адам соқырға есеп.
Қалпынан Есек асып, ат болмайды,
Қойса да қорасына асыл төсеп.
Алтынды аяғыңа басқанменен,
Болмайды асыл азып балшық кесек.
Жақсыны жақсы деген мақтау емес,
Жаманды жаман десе, болмайды өсек.
Қауымынан мұсылманның шыққан жолды
Айып па ғазазылдың жолы десек?
Білгішсіп кей білімсіз жол айтып жүр,
Байқасақ, не оңды жол ол айтып жүр?!
Халыққа надан адам басшы болып,
Халықтың надандығын молайтып жүр.
Наданға надандықпен жұрт ерген соң,
Тал түсте лақты деп соны айтып жүр.
Жазған сөз жаным ашып Алашыма,
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан қан, еттен етім, бауыр жұртым
Қараған «Қара таудың» қаласына!
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша,
Сатылып жылтыраған танасына;
Әбілдің зияратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылмай моласына.,
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып дажалдың итханасына;
Ес кетіп, сабыр қалмай, сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына.
Ұмытып Құдайды да, Құранды да,
Бас ұрма Лат, Манат ағашына!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 7 010
Рейтинг:
(голосов: 6)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, Ахмет Байтұрсынов өлең Есек пен үкі, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, ахмет байтурсынов олендери на казахском языке, ахмет байтұрсынов казакша олен, , Ахмет Байтұрсынов өлең Есек пен үкі, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи а, Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Есек пен үкі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .