Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Туған күніңде)

Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Туған күніңде) казакша Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Туған күніңде) на казахском языке

Сен бүгін тойлайсың туған күніңді...
Қасыңда құрбың бар – бұрынғы,
жігітің – бүгінгі.
Иә, олар бақыт пен шаттықты тілеумен
Байқамай оятып алады мұңыңды.


Оларға өп-өтірік күлесің, жанарың жүдеулі,
Есіктен күтесің біреуді.
Жаңағы мұң келіп қонады қабаққа,
Үйренген түн сайын осылай түнеуді.

Досың көп...
Кім арам? Кім адал? Тауып ал!
Осында бәрі де: ішкені, сауы бар;
Есіріп билейді содан соң барлығы,
Ал, сенің жүрегің ауырар.

Сәлден соң
Жігітің вальске шақырар құлшынып.
Орныңнан тұрасың Мұңыңа қырсығып!
Мен, біреуді сағынып жазған сол әнге,
Билейсің, билейсің күрсініп...

Бір кіріп, шығады бір есің...
Күтесің...
Келмеймін...
Білесің...
Шалқыған шаттықтың ішінде,
Мөп-мөлдір мұң болып жүресің.

Естімей ендігі айтылар тостарды,
Көзіңе – жас тұнып, бокалың – бос қалды.
Солқылдап, солқылдап жыларсың, жыларсың
Шығарып салған соң достарды...

Шаршайсың. Доғарып өп-өтірік күлуді,
Аңсайсың жылуды.
...Бір түнің бір жылға есейтті.
Ешкімді күтпейсің... есігің ішінен ілулі.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мерген тоқсанбай Туған күніңде өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Туған күніңде, туган кун туралы олендер, туған күн туралы өлең жолдары, туған күн туралы өлең, туған күн туралы өлеңдер, мерген тоқсанбай Туған күніңде өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Туған күніңде, Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Туған күніңде), Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Туған күніңде) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке