Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Кім жазықты) » ZHARAR © 2016 | сұлтанмахмұт торайғыров Кім жазықты өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Кім жазықты




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Кім жазықты)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Кім жазықты) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Кім жазықты) на казахском языке

Бір сөзім бар шалдуар
Болмаса да тыңшысы.
Бұ күнде жоқ, соң туар
Роман мен сыншысы.
I

Түскендей әуе жерге қырық күн шілде
Ішкен мас, жегендер тоқ күнде-күнде.
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:
Кел, шық деп, иек қағып жарық күнге.
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай
Бас иіп, бәйік болып, жерге қонбай.
Найқалып таң желіне тербетілді
Көк майса көзі ілініп тұрған сондай.
Асыл шөп, жасыл шықтың иісі аңқып
Батқандай мелдігінен нұрға қалқып,
Күлімдеп көктің жүзі көңілі шат:
Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.
Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы,
Айнадай анандайдан көлдің суы;
Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,
Ән салды домбыра мен құстың шуы.
Мақтанып қара түнде нұрын шашқан,
Айдың да өлеусіреп түсі қашқан;
Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң,
Бірі жоқ таман жұлдыз бетін басқан.
Жайылып төрге қарай таңның ағы,
Көрінді ауыл-ауыл маңайдағы.
Қарайып, өрген сиыр, түйе менен,
Ауылдың малға толды әрбір жағы.
Ыңыранып қой қотанда таңды көріп,
Күн шықса, жайылысқа кетпек өріп.
Төбеттер үй алдына жаңа жатты
Түн бойы қой күзеткен, ұйқы бөліп.
Таяқты, жалаң аяқ шалдар тұрып,
Сүйкенген үйлеріне қойларды ұрып.
Бір молда шәугім ұстап, тысқа шықты,
Бүкшеңдеп, арба айнала қақырынып.
Қисайған қос секілді жалғыз қара -
Ауылдан арқан бойы тұрды дара.
Қолтықтап "Әптиек" пен "Құрандарын"
Жиналып жатыр сонда біткен бала.
Күн хабар сонда берді нұрын шашып,
Бір күлдік жүзіменен амандасып:
"Ал, бізге сәуле түсті алақай!" деп,
Ой мен қыр қарап тұрды жымыңдасып.
Өргізді қойшы тұрып қойын айдап,
Ерттеп ап арқандағы атын жайлап:
Торсыққа ақ боз үйден қымыз құйып,
Жанына мықтап алды байлап.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 150
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .