"Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың желідегі жазбасы тағы да қызу талқыға түсуде. Бұл жолы өнер иесі махаббат тақырыбы аясында сөз қозғаған. Ол сезім туралы танымал әннің мәтінін жазып, елді ойландырып қойды, деп жазады NUR.KZ тілшісі.
Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі
Вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады. Бұл туралы брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек?
Алматы полициясы интернет-алаяқтарының құрбаны болмас үшін не істеу керектігін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда ? 1 қарашадан бастап не өзгереді ?
Қазақстанда күздің үшінші айы жаңашылдықтарға толы болмақ. Бүгіннен бастап мектеп оқушылары күзгі демалысқа шықты, бірқатар тас жол енді ақылы, ал денсаулық министрлігі ревакцинация науқанын бастауды көздеп отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021" республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда тоғыз банк таратылады
Елімізде тоғыз банк таратылу процесінде тұр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату өндірісінің тәртібі, процесі және қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді.
Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды
BilimUstaz педагогтар қауымдастығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі — педагогтердің біліктілігін арттыру. Ол, негізінен, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және вебинарлар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Педагогтер біліктілігін арттыруға арналған онлайн-курстар bilimustazkz платформасында қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған әрі педагогика мен педагогикалық технологиялардың, мектеп психологиясының және цифрлық ресурстарды қолдана отырып оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған.
Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы
Қазақстанда соңғы бір жылдың ішінде баспана күрт қымбаттап кеткен. Президентке есеп берген бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы жылжымайтын мүліктің біршама арзандағанын айтты. Дегенмен, Қазақстанның құрылысшылары одағы баспана бағасы тағы 30 процентке көтеріледі деп отыр. Ал Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы, керісінше, арзандайтынына сенімді.
Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды
Елордада жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру 14 қазанда басталады. Қуанышты жаңалықты Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.