Алматы облысында мейірбике ауруханада үнді сериалын көремін деп қызметінен қуылды » ZHARAR © 2016 | интернетте, дейді, кесірінен, отырған, компьютерге, аудандық, Бірақ, орнына, мейірбике, кезде, тұрғыны, мейірбикенің, Алматы, облысының, көріп, кедергі, жұмысқа, Марал, ғаламтордың, телефонмен




  • »

Алматы облысында мейірбике ауруханада үнді сериалын көремін деп қызметінен қуылды

Алматы облысында мейірбике ауруханада үнді сериалын көремін деп қызметінен қуылды казакша Алматы облысында мейірбике ауруханада үнді сериалын көремін деп қызметінен қуылды на казахском языке

Алматы облысының тұрғыны үнді сериалының кесірінен жұмысынан айырылды. 22 жастағы мейірбикенің телехикаяға есі кеткені сонша, науқастарға қараудың орнына соны көру үшін компьютерге телміріп отырған.

Бірақ мейірбике мұнысын мойындаған жоқ. Енді компьютерге сериал емес, жаңалық көру үшін отырғанын сотта дәлелдемек деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақсу аудандық ауруханасының жедел жәрдем қызметкері Марал Самабекова осыдан бес ай бұрын қызметінен қуылған. Басшылары оны науқастарды емдеудің орнына үнді сериалына телмірдің деп сөгіпті.

“Қатаң сөгісте интернетте ойын ойнап отырғаны үшін жұмыстан қуылды деп жазылған. Мен ол кезде жаңалық көрдім. Жұмыста бос уақытта фельдшерлердің бәрі интернетте отырады ғой”, – дейді Алматы облысының тұрғыны Марал Самабекова.

Сериалға телмірген мейірбике кесірінен ғаламтордың жылдамдығы бәсеңдеп жұмысқа кедергі келтірген

Ал басшылықтың өз дәлелдері бар екен. Айтуларынша, сериалға телмірген мейірбике кесірінен ғаламтордың жылдамдығы бәсеңдеп жұмысқа кедергі келтірген. Ал науқастардың қараусыз қалғаны өз алдына дейді.

“Бұл кісі интернетте отырдым деп өзі айтты ғой. Ол ешқандай да интернетте отырған жоқ. Керісінше үнді фильмін көріп отырған”, – дейді Ақсу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Әшімғали Жұмагелдин.

Мейірбике ақыры жұмыстан заңсыз қуылғанын айтып, аудандық және облыстық сотқа шағымданған екен. Бірақ ондағылар арызын құптамады. Енді кассациялық сотқа кәсіподақ ұйымының көмегімен шағым түсіруді ойлап отыр.

“Өзіміз көріп жүрміз кез келген шенеуніктің кабинетінде теледидар бар. Олар да сөйлескен кезде ұялы телефонмен интернетте отырады. Кісі қабылдаған кезде олар телефонмен сөйлесе алады. Сондықтан бұл қызға бір рет сөгіс беріп, екінші рет қоймаса жазбаша сөгіс беруге болар еді”, – дейді кәсіподақ ұйымының төрайымы Жазира Камолданова.

Жұмыс уақытында ғаламторды пайдалануға болатынын Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегілер айтады. Бірақ оның қызметке кесірі тимеуі керек. Сондықтан үндінің сериалына үйір болған мейірбикенің бұрынғы жұмысына қайта оралуы екіталай.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 663
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .