Бейбіт Ыстыбаев - "Қазақстан барысы-2015" жеңімпазы

Бейбіт Ыстыбаев - "Қазақстан барысы-2015" жеңімпазы

Жамбыл облысының балуаны Бейбіт Ыстыбаев "Қазақстан барысы-2015" турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда қызылордалық Руслан Әбдіразақовты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ыстыбаев күрестің басынан-ақ басымдығымен көзге түсті, алайда оның қарсыласы өзінен салмағы ауыр балуанды шаршатып алмақшы болды. Айта кетейік, Әбдіразақов 115 келі тартса, Бейбіт Ыстыбаевтың салмағы - 145 келі. Раунд ортасында Ыстыбаев белсенділігі үшін бір ұпай алды. Қалған екі минутта Ыстыбаев есепті сақтап қала алды және тұңғыш рет "Қазақстан барысы" турнирін екі мәрте ұтып алған балуан атанды. Ол 150 мың АҚШ долларына ие болды. Жарыстың басты сыйлығы "Алтын тайтұяқты" жеңімпазға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍