Астана тұрғыны үйін бұздырмау үшін сыртына Назарбаевтың суретін жапсырып тастады (фото)

Астана тұрғыны үйін бұздырмау үшін сыртына Назарбаевтың суретін жапсырып тастады (фото)

Астана тұрғыны Несіпкүл Ұябаевалар үйінің сыртына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттерін жапсырып тастаған. Кейуана бұл қадамға үйін бұздырмау үшін барған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Ұябаеваның үйі Астанадағы "Майский" саяжай массивінде орналасқан.

Несіпкүлдің айтуынша, "мемлекет мұқтаждығына қажет" деген себеппен үйді сүргісі келетін биліктің әрекетіне президенттің 91 суреті кедергі болады деп отыр.

"Шенеуніктер тым болмаса президенттен қорқатын шығар деген оймен президенттің суретін жапсырып қойдық. Елбасымыз халық жақсы өмір сүру үшін, болашағымыздың жарқын болуы үшін өз саясатын ұстануда. Ал олар болса, біздің жерімізді тартып алып, далаға лақтырып тастады", - дейді Несіпкүл Ұябаева.

Айта кетейік, үйде жеті адам тұрып жатыр, олардың екеуі кәмелет жасына толмағандар.

Үй иелері жергілікті билік бастапқыда өтемақы ретінде 400 доллар, биыл 4 миллион 700 мың теңге ұсынған айтады. Алайда олар мұндай ақшаға пәтер сатып ала алмаймыз деп отыр.

Еске сала кетейік, 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында "қала көркін бұзатын ескі үйлердің" әлі де қалғанын сынға алған болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады