"Тиіссе, аямаймын": Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен қырылып қалғанын айтты

"Тиіссе, аямаймын": Керімбекова Гүлзира Айдарбековамен қырылып қалғанын айтты

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекова Қайрат Нұртастың анасымен қатты ұрысып қалған кезін есіне алды. Әнші мен Гүлзира Айдарбекова кезекті концерт алдында қырылысып, бір-біріне ауыр сөздер айтып қойған. Өнер иесі туындаған келіспеушілікке қатысты бар шындықты айтып, өзіне тиіскен адамды ешқашан аямайтынын жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова мен Гүлзира Айдарбекованың жанжалы туралы "Дастархан шоу" бағдарламасында белгілі болды. Эстрада өкілі ағынан жарылып, бұған дейін орын алған дауды егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді.

"Концертке бір апта қалғанда Гүлзира екеуміз қырылысып қалдық. "Мен өлең айтпаймын, болды" дегенмін. Гүлзира ханым ана дос қызыма, мына дос қызыма шығып әйтеуір ашуымды басып алды. Мен де қырсық адаммын ғой. Бір қырсықсам жаман болады. Мен біреу тиіспесе, өте жұмсақ адаммын, ал тиіссе аямаймын. Сол концерттің алдында сазгер Ержан Серікпаев ағамыз қайтыс болды.

Сол кісінің жерлеуіне кетіп қалдым. Гүлзира ханым сол кезде қоңырау шалып, "қайда жүрсің" деп айқайлайды. Ол кісіге жаназада жүргенімді айттым. Маған "тез қайт Алматыға, кешке дейін жет" дейді ғой. Мен Арыста жүрмін. Қазір күліп еске аламыз. Ал негізінде, біз бір-бірімізбен батырып да, асырып та сөйлесеміз. Өте жақсы көремін әрі құрметтеймін" , - деді әнші.

Аталмыш бағдарламаның Қайрат Нұртасқа арналған шығарылымының толық нұсқасы әзірге Youtube желісіне шыққан жоқ. Алайда, Instagram желісіндегі zhuldyzdy_otbasy парақшасында видео үзінділері жарияланып қойған.




Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас жары Жұлдызға қатысты тың мәліметпен бөліскен болатын. Ол анасына сүйіктісі басын дуалап алғанын айтқан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі