Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртасқа алданып қалғанына қынжылды

Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртасқа алданып қалғанына қынжылды

Әйгілі актер Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртастың "Өкініш" фильміне түскен кезде алданып қалғанын айтады. Тіпті актер бұл фильмде өзінің ойнағанын білмеген екен.

Оқиғаның жай-жапсарын танымал ардагер өзі баяндап берді, деп хабарлайды Qaznews.kz

Асанәлі Әшімов "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында: "Қайраттың шешесі өте пысық адам екен. Маған келіп, "Асанәлі аға, мына балама бата берсеңіз", деді. Е, берсем берейін деп аз сөзбен тілегімді айттым. Аппаратурасымен түсіріп жатқан. Отбасының шаруасы шығар дедім де қойдым. Соны фильмге кіргізіп жіберіпті ғой. Әйтпесе, Қайрат Нұртас арқылы атымды шығарып қайтейін", — дейді.

Қысқасы, Гүлзира Үсенқызы "Өкініш" фильмін жарнамалаудың айла-тәсілін тапқанға ұқсайды. Соның арқасында "Өкініштің" көрермені өте көп болды. Ал фильм туралы үлкен-үлкен жарнамаларға суреті ілінген Асанәлі ағамыз: "Мен халтурщик емеспін", — деп ренжіп отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу