Достық, дос туралы мақал-мәтелдер

Достық, дос туралы мақал-мәтелдер

Дос туралы мақал-мәтелдер

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.

Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.

Дәмді болса - достық қымбат,
Мәнді болса - жастық қымбат.

Дос — ажарың, жолдас — базарың.

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

Дос бергеннің түсіне қарама.

Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса

(Әбубәкір).


Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.

Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.


Қарап көріңіз:



Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.

Дос егіз, дұшпан сегіз.

Дос емес достың сөзін бөтен десе,
Достықтан бір өкпемен кетем десе

(Серәлі).


Дос емес досты сырттан жамандаса,
Кісі емес бір қатені жаба алмаса

(Ақмолда).


Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.

Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.

Дос көргеннен түңілме.

Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді.

Досқа ат берме,
ат берсең "жай жүр" деме.

Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.

Досқа келсең босқа келме.

Дос құшағы — жаз.

Доспен дос болғанша шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалтырасың.
Дұшпаныңмен көп сөлеспе,
Сырыңды алдырарсың.

Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.

Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.

Әкесі құрдастың баласы да құрдас.

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Достық туралы мақал-мәтелдер

Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.

Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең,
Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.

Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.

Құрдастардың құдайы бір.

Тектімен достас, тексіз доспен қоштас.

Досыңның досын, досың ет.

Досы көпті жау алмас.

Жақсы досқа жақсы мал бер.

Досың ұрса аңқылда.

Досыңның пышағымен мүйіз кес.

Нағыз дос дұшпан болмас.

Дос айырған боқ жейді.

Есепті дос айрылмас.

Досыңның атын алма, тайын ал.

Ас бар күнде дос жалықпас.
Дос сүйгеннің түсіне қарама.

Дос табылса ас табылмайды,
Ас табылса дос табылмайды.

Айтулы достың малы бір.

Дос болып, қатасқаннан сақта құдай.

Қасқырда жолдасына жат қас қылмайды.

Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат.

Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Жалған жолдас көзіне мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.

Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.

Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.

Жақсы көрші тапқаның,
Мол олжаға батқаның.

Аталастан ауылдас жақын.

Жалған достан жау артық.

Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.

Дос тұтқанды қадірле.

Жақсының күнде бір үйі кеңиді.
Жаманның күнде бір үйі кемиді.

Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.

Жақсымен жүрсең,
Жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең
Жын ұрып, бақсы боларсың.

Шошқаға ерген балшыққа аунар.

Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.

Жолдасын тастаған жолда қалар.

Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.

Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

Жартыны жарып жеген –
Татулықтың белгісі.


Жаңа дос келгенде,
Ескі достың көзінен жас шығады.

Достың орны - төр,
Дұшпанның орны – көр.

Жаман дос жауыңмен бірге шабады.

Досы жоқ адам -
Тұзы жоқ тағам.

Досыңа ат берме,
Ат берсең, ақырын жүр деме.

Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.

Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.

Елсізде ит те жолдас.

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Жолдасың жақсы болса,
Жолым ұзын деме.
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.

Көршің қолайлы болса, қораң кең.

Дос таппай көңіл тыным таппас.

Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше қас болады.

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.

Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.

Қасың менен досыңды
Қас-қабағың танытар.

Жолдасты жол айырады.

Жаман жолдастан мықты таяқ.

Ұрыстың мерейі – ерлік,
Ырыстың мерейі – бірлік.

Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.

Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

Татулық табылмас бақыт.

Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

Достық пен жолдастық
Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.
 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 34
  1. Оқырман Ернұр
    Оқырман Ернұр 01.02.2024 10:44
    5 + 1 -
    Өте мағыналы мақалдар бірақ Досың ұрса аңқылда дегеннен басқасы 😂 Қандай мақал өзі дұрыс мақал жазыңдар еее🫣
  2. Оқырман Рахмет
    Оқырман Рахмет 09.01.2024 19:50
    3 + 4 -
    Негізі мақалды бөлек мәтелді бөлек жазғанда
  3. Оқырман Асыл
    Оқырман Асыл 16.01.2023 20:37
    7 + 2 -
    Жаман досың болғанша Жақсы досың болсын
  4. Само
    Само 08.11.2022 22:13
    5 + 5 -
    Досың ұрса аңқылда дегеннен баскасынын бари кушти
  5. Оқырман Ақжол
    Оқырман Ақжол 27.02.2022 22:32
    7 + 3 -
    жаксы
  6. Көпеев Нұрдәулет
    8 + 3 -
    Достың қадірін
    Жалғыз қалғанда түсінесін
  7. Көпеев Нұрдәулет
    11 + 3 -
    Нағыз дос сенің басыңа қиындық келгенде тастамайды

    Нағыз дұшпаның басыңа қиындық келгенде тиседі

    Жолдасты жол айырады

    Досы жоқ адам - тұзы жоқ тағам

    Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық
  8. Оқырман Шугыла
    Оқырман Шугыла 01.12.2021 22:42
    4 + 4 -
    Оте керемет макал
  9. Оқырман Аружан
    Оқырман Аружан 25.11.2021 20:12
    7 + 8 -
    100тенген болғанша 1000тенген болсын! ????
  10. Оқырман Аружан
    Оқырман Аружан 25.11.2021 20:09
    9 + 4 -
    Маган ең керегі осы дос туралы мақал-мәтел сендерге өте рахметымды білдіремін!
    1. Окырман Сезим
      Окырман Сезим 29.03.2022 16:28
      5 + 1 -
      Менде келсемин
  11. Оқырман Мерей
    Оқырман Мерей 20.03.2021 23:07
    2 + 5 -
    Еұк-ну, ееееееееееее, ыккяыкявкфегшпвгпмкаүыф
  12. щшгнеуываргошщзждл
    8 + 5 -
    100 тенген болганша 1000 тенген болсын
  13. Керымкул даулет
    7 + 6 -
    50000 акша болганша 50000 досын болсые
  14. Ернұр
    Ернұр 01.12.2020 19:12
    7 + 4 -
    Дос туралы күшті мақал мәтелдер
  15. Ернұр
    Ернұр 01.12.2020 19:11
    6 + 2 -
    өте күшті
  16. Гость Жулдыз
    Гость Жулдыз 25.11.2020 13:49
    6 + 4 -
    Дос туралы мақалдар күшті
  17. Оте жаман,н,
    Оте жаман,н, 24.11.2020 12:23
    12 + 10 -
    Жаман
    1. орпавапролдлшрпач
      5 + 5 -
      озынды был
  18. Атон
    Атон 20.11.2020 15:29
    3 + 12 -
    Бол есепті кім өоиды
  19. САМАЛ
    САМАЛ 22.11.2018 20:59
    10 + 5 -
    Керемет қандай жағымды жазылған♡☆
  20. бақыт
    бақыт 12.04.2018 09:08
    5 + 3 -
    күшті

Ілмектер: Мақал-мәтелдер (Пословицы на казахском языке) – Достық туралы (О дружбе), Мақал-мәтелдер Достық туралы, (Пословицы на казахском языке) (О дружбе), Қазақша Мақал - Мәтел: Достық жолдас дос, Қазақша Мақал - Мәтел, Достық жолдас дос казакша макал мател, пословицы на казахском про дружбу, достық туралы мақал мәтелдер жинағы, ынтымақ бірлік татулық туралы мақал-мәтелдер, пословицы на казахском языке про дружбу, дос туралы макал мател казакша, достык туралы макал мател казакша, дос туралы мақал мәтелдер, достық туралы мақал-мәтелдер, досты0 туралы ма0ал