» » » Қазақша мақал - мәтел: Дүниеқорлық

Қазақша мақал - мәтел: Дүниеқорлық

Қазақша мақал - мәтел: Дүниеқорлық казакша Қазақша мақал - мәтел: Дүниеқорлық на казахском языке
Дүниеқор - дүниенің құлы.

Абзал арын ойлайды,
Надан дүниеге тоймайды.

Өзі тоймастың көзі тоймас.

Өзі тоймағанның сарқытын ішпе.

Ішіп тоймаған жалап тоймас.

Түйені түгімен,
Нарды жүгімен жейді.

Желкілдеген түйе жеген,
Желіні қарыс бие жеген.

Төрт тұрманы түгел бай,
Тырнақтай тарту алады.

Қара судан қаймақ алған.

Қу бастан қуырдақтың ет алған.

Іші қуырылмайды, пышағы суырылмайды.

Өзі сұранғаннан сарқыт дәметпе.

Қауып жегенің - қақалғаның,
Ажалыңа таңалғаның.

Көмбенің иесі екеу:
біреуі - көмген, біреуі - көрген.

Көмбені не көрген, не көмген алады.

Әркімнің өз қолы өзіне қарай бүкір.

Қазанға түскен қайтып қапқа түспейді.

Ашыққаннан құныққан жаман.

Көз бір уыс топыраққа тояды.

Жақсыны арман аздырар,
Жаманды құлқын тоздырар.

Нәпсі деген - пәле,
Жанған отқа салар.

Бүк түссе де менікі,
Шік түссе де менікі.

Қарау бай жаназасына жинайды.

Алтын көріп періште жолдан тайған.

Былшығын аламын деп,
Қылшығын алған.

Алтын тапқан адам аштан өлер.

Қазан түбінде шеміршек қалды деп дәметеді.

Күң көтінде күміс жылтырайды,
Оны бәйбіше сұрайды.

Берушіден қалмайды, сұраушыдан қалады.

Көп жұмысқа қиналсаң,
Машақатқа тап боларсың.

Азға қанағат етпесең,
Оған да зар боларсың.

Қылдан қиқым іздеген.

Айдай ажарды иттей нәпсі бүлдірді.

Тақыр жерге шөп шығарған.

Қуғынмен келген сүргінмен кетеді.

Ағаштан бал, шөптен сүт ағызған.

Қымыз қызулы, айран аяулы.

Үзіп жеген үнем болмайды.

Ит көтінен ине суырған.

Жеп жеті болмас, жалап жетпіс болмас.

Бит қабығынан биялай тоқыған.

Алып алты, жеп жеті болмайды.

Қысқа күнде қырық жерге көмбе қойған.

Желмен келген желмен кетеді.

«Ал» десең қуанады, «бер» десең күйінеді.

Қызғанғаның қызыл итке жем болды.

Қызыл дүние - көздің құрты.

Дүниеқоңыздың ішінде шайтаны бар.

Өзімдікі деген басын ұстайды.

Кеудеден көкірек жақын.

Жоғалған пышақтың сабы алтын.

Дүние деген - сордың суы,
Іше берсең, кептіре береді.

Автор: ZHARAR | 6 096 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Мақал - мәтел: Алтын
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Алтын
Мақал - мәтел: Үнемшілдік, үнемсіздік
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Үнемшілдік, үнемсіздік
Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүниеге ақын келгенде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Дүниеге ақын келгенде)
Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Өмірге тоймас адамзат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Өмірге тоймас адамзат)
Қазақша мақал - мәтел: Ұры, ұрлық
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Ұры, ұрлық
Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Көңіл-күй
Қазақша мақал - мәтел: Жалқаулық, еріншектік
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Жалқаулық, еріншектік
Мақал - мәтел: Антоним, Синоним, Омоним
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Антоним, Синоним, Омоним
Қазақша мақал - мәтел: Жетімдік
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Жетімдік
Қазақша мақал - мәтел: Есек
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Есек
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түрлі тойым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түрлі тойым)
Қазақша мақал - мәтел: Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Байлық, ақша, бай, кедей, кедейлік
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Әлемді түгел көрсе де)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Әлемді түгел көрсе де)
Мақал - мәтел: Ас, тағам, тамақ, нан
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Ас, тағам, тамақ, нан
Мақал - мәтел: Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік
Мақал - мәтелдер жинағы
Мақал - мәтел: Адамгершілік, жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік

KZ / Мақал - мәтелдер жинағы, тоймас, жалап, алған, деген, жеген, дүниеге, десең, жерге, Алтын, түссе, біреуі, Дүниеқор, дүниенің, көрген, болмас, Абзал, алады, боларсың, кетеді, тоймағанның, дүние туралы мақал мәтелдер, дуние туралы макал мател, Дүниеқорлық туралы мақал мәтелдер, дуниекорлык туралы макал мател, дүние туралы мақал мәтелдер дуние туралы макал мател Дүниеқорлық туралы мақал мәтелдер дуниекорлык туралы макал мател, Қазақша мақал - мәтел: Дүниеқорлық макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы