Замана

Замана

Дүние - үлкен көл,
Замана – соққан жел.

Заман – ұзақ сұрыпталған дәуір.

Замана айнасы - замандас.

Заманына қарай адамы.

Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.

Замана өзгерсе, заңы да өзгереді.

Замана зұлымдықты көтермейді.


Қажетті сілтемелер:



Заманына жақсаң, адамына жағасың.

Заманы бірдің зары бір.

Заманадан қорлық көрсең,
Зұлымды аға дерсің.

Ақырзаман боларда әулие көбейеді.

Заман ауғанда иттер қара қасқа болады.

Замана зордікі.

Заманы бірдің амалы бір.

Заманды жаратылыс билейді.

Әр заманда бір сұрқылтай.

Шежіреден заман озбас,
Озса да түбі тозбас.

Арғымақ мінген байлардың
Тайға мұқтаж күні бар.
Май шайнаған билердің
Нанға мұқтаж күні бар.
Елден безген залымның
Елге мұқтаж күні бар.

Атың тайғақ болса,
Ақтекенің мүйізімен тағала.
Заманың тайғақ болса,
Бір жақсыны панала.

Адам баласын заман өсіреді.

Заманды себеп билейді.

Ақыл ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділдіктен аттаса.

Мына заман қай заман,
Қаскүнемге жай заман.
Араздық пен өсекке
Өлшеуі жоқ бай заман.

Заманың түлкі болса, бүркіт боп шал.

Дүние кезек.

Жасы бір құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Тауына қарай түлкісі,
Заманына қарай күлкісі.

Заманың қалай болса,
Бөркіңді солай ки.

Түрлі-түрлі заман бар, заманға қарай амал бар.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Адамды заман билейді.

Әр адам - өз заманының баласы.

Әр заманда бір көреген.

Ғасырына қарай асылы.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалар.

Заманың түлкі болса, тазы боп шал.

Еңбек - адамның көркі,
Адам - заманның көркі.

Дүние екі жалпақ, түбі терең.

Әр заманның үлгісі өзіне қымбат.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Көпеев Нұрдәулет
    0 + 0 -
    21-ші ғасыр мықтылардын заманы емес
    21-ші ғасыр білімділердін заманы

    Бұ замандағы достық достықпа?
    Бұ замандағы достық сатқындық.

    Ел боламын десең бесігіңді түзе

    Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен

    Бірлік болмай,тірлік болмайды.

    Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

    Не ексең соны орасың.

    Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі


    Автор:Көпеев Нұрдәулет