Ойын

 Ойын

Ойыннан от шығар.

Ой түбі - алтын, ойын түбі - от.

Орынсыз ойын - сындырар мойын.

Ойыншының тамағы тоқ.

Ойында өрелік жоқ,
Ханда төрелік жоқ.

Ойнаса да, ойындағысын айтады.

Ойын сөзге шын жауап.

Оспадардың ойыны бұзық.

Ойнаса баласы,
Шындаса әкесі жығады.

Ойынды көтермегеннің басы таз болады.

Итпен ойнасаң - үрерсің,
Баламен ойнасаң - күлерсің.

Ойнақтаған бота от басады.
Келеріңде жетерсің ойын салып,
Айтарыңда кетерсің мойын салып.
Ойнасақ та біраз жерге шаптық.
Жаманның ойыны да жаман.
Алыспақ бар, атыспақ жоқ.
Көп ойнаған бір жылар,
Көп осырған бір тышар.
Сумен ойнама - батарсың,
Отпен ойнама - күйерсің.
Ақылсызды жіберсең, ойын бұзар,
Арамзаны жіберсең, жиын бұзар.
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен де қой бағып,
Құйрық жеген озар.
Көтергенің құрысын,
Қолтыққа қолды тыққан соң.
Ойнамасаң ойын бақ,
Қойшыбайдың қойын бақ!
Күңге күле қарасаң,
Көйлегіне жамау сұрайды.

Екі жеп, биге шыққан.

Аударыспақ ойнаса,
Аздың артық қылпылдар.
Бөрік алыспақ ойнаса,
Таздың арты қылпылдар.

Дырдушыл жастық — қайырсыз қарттық.

Атан өлсе сойылар,
Арыс өлсе қойылар,
Қансонар қайдан табылар?

Отпен ойнама - өртенерсің,
Доспен ойнама - өкпелетерсің.

Ережесіз ойын жоқ.
Аз ойна, көп ойла.
Ойынға ойсыз құмар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?