» » » Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электрлік орталықтандыру

Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электрлік орталықтандыру

Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электрлік орталықтандыру казакша Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электрлік орталықтандыру на казахском языке
Кіріспе
Техникалық қызмет ету – автоматика және телемеханика құрылғыларын тасымалдау, сақтау кезіндегі аталуы мен жұмыс істеу қабілеттілігінің басты кешені болып табылады.
Техникалық қызмет ету жөніндегі жұмыс түрлері: тексеру, сипаттамаларды өлшеу, реттеу, тазалау, бояу, ескірген заттарды ауыстыру, қайта қалпына келтіру болып табылады.
Автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуін аға электромеханиктер, электромеханиктер, электромонтёрлар атқарады.
Құрылғыларды жөндеу және қызмет көрсету ретін сигнал беру және байланыс дистанциясының бастығы орнатады.
Аға электормеханиктің міндеті – автоматика және телемеханика құрылғыларын жөндеу және сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету болып табылады. Қызмет ету құрылғыларының күйін білу, техникалық қызмет көрсетуін жоспарлық-графиктік бекітілуі бойынша құрылғыларды жүйелі түрде тексеру, құрылғылар жұмысының сенімділігін арттыру, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Электромеханиктің міндеті – құрылғыларды жөндеу, монтаждау, өлшеу және реттеу, қасындағы жұмысшыларды техникалық қызмет көрсетуге үйрету қызметін қамтамасыз етеді.
Электромонтёрдың міндеті – слесарлық және монтаждау жұмыстарын орындай білу, сонымен қатар өлшеу құрал-жабдықтарын пайдалана білу, құрылғылардың қызмет көрсетуіне байланысты электромеханиктердің тапсырмасын орындау.
Автоматика және телемеханикалық аралықты электр қоректендіру құрылғыларын эксплуатациялау кезінде мынадай ақаулар пайда болады: түрлендіргіштердің күйіп кетуі; найзағайдан қорғау тізбегіндегі разрядниктер мен түзеткіштердің бұзылуы; жерге қосу қорғағыштары мен жұмыстық кедергісінің күйінің бұзылуы; түзеткіштердегі түзету кернеуінің төмендеуі; аккумулятор пластиналарының сынуы мен сульфатациясы және пластиналар арасындағы қысқа тұйықталу, резервті қоректенудің ақаулығы.
Түзеткіштердің күйін тексеру, найзағайдан қорғау аспаптарын тексеру және реттеу, жерге қосудың жұмыстық және қорғау кедергілерін өлшеу жұмыстарын жылына 1 рет өткізеді. Барлық ескі түрлендіргіштерді жаңасына ауыстыру үшін мына уақыттар аралығы қарастырылған: номинал тоғы 5 А-ге дейінгі сақтандырғыштарды жылына бір рет; АВМ типті автоматты сөндіргіштерді және номинал тоғы 5 А-ден жоғары болатын сақтандырғыштарды 3 жылда 1 рет ауыстырып тұрады.
Разрядниктер мен түзеткіштерді электромеханик жылына 1 рет ауыстырады.
Бекеттік құрылғылардың сипаттамалы ақауларының электрлік қоректендірілуі мынадай: қалқанды қондырғыдағы ЭО-дағы электрлік қоректендіру құрылғылары тізбегінің номинал кернеулерінің ауытқуы; сақтандырғыштардың, ауыстырып-қосқыштардың кернеуді автоматты реттеу блоктарының, ауыстырып-қосу және түйіспелі пакеттерінің, түймелерінің, реле түйіспелерінің, түзеткіш пластиналарының (тілімшелерінің), ДГА резервті электростанциялардың, резервті қоректену түрлендіргіштерінің ақаулықтары; найзағайдан қорғау (сақтау) тізбектеріндегі түзейткіштер мен разрядниктердің бұзылуы; бекеттегі айнымалы ток резервті кернеуінің ақаулығы ЭО-дағы қоректендіру құрылғылары тізбегінің бүкіл кернеуін 4 аптада 1 рет тексеру қажет.
Қалқанды құрылғылардағы ЭО-дағы қоректендіру құрылғылары тізбегінің бүкіл кернеуін және кернеуді автоматты реттеу блоктарының дұрыс жұмыс істеуін, ауыстырып-қосқыштардың таза жұмыс істелуін электромеханик аптасына 1 рет тексеріп тұруы керек.
Найзағайдан (сақтау) қорғау аспаптарын тексеру және реттеу, жерге қосудың қорғанышы мен жұмыстарының өлшеу кедергілерін, разрядниктерді және түзетуші кернеулерін ауыстыру жұмыстары жылына 1 рет жүргізіледі.
Аккумуляторлы бөлмедегі вентиляциялау жұмысын 4 аптада 1 рет тексереді.
Кернеуді автоматты реттеу жүйесі үшін аккумулятор күйінің, соның ішінде электролит тығыздығы мен кернеуін өлшеу 4 аптада 1 рет тексеріледі.
Бекеттегі және аралықтағы айнымалы токпен жұмыс істейтін резервті қоректену ақаулығын тексеру жұмысын 3 айда 1 рет орындайды.
Түзеткіш күйінің түзетілген кернеуін өлшеу жұмысы да 3 айда 1 рет орындалады.
1. Электрлік орталықтандыру
Электрлік орталықтандыру – электрлік энергия көмегімен қоректенетін бекеттегі бұрмалар мен бағдаршамдарды бір орталықтан басқару жүйесі болып табылады. ЭО-дағы бұрмалар мен бағдаршамдардың басқарылуы орталықтанған пост арқылы жүзеге асады.
ЭО құрылғылары бекеттің өткізу қабілеттілігі мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, сонымен қатар еңбек мәдениеті мен өнімділігін де арттырады. Өткізу қабілеттілігінің арттыруы ЭО-ның бұрмалары мен бағдаршамдарының маршрут орнатуы мен олардың автоматты ажыратуының үдеуінің көмегімен іске асады. Егер бұрмалармен басқаратын қолмен күрделі маршрутты дайындауға 10-15 мин уақыт жұмсалатын болса, ал ЭО-да 5-7 с құрайды. Содан кейін бекеттегі ЭО-ның өткізу қабілеттілігі жуықтап алғанда 2 есе арта түседі. Қозғалыс қауыпсіздігінің артуы мына жағдаймен қамтамасыз етіледі, яғни бекеттегі барлық қозғалыс орталықтанған және маршрутталған сонымен қатар тек бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткішімен орындалады, ал бекеттің жолдары мен бұрмалы секциясы электрленген релелік орталықтандырумен жабдықталады.
Темір жолдағы ТПЕ (техникалық пайдалану ережесі) бойынша ЭО құрылғыларына бір қатар талаптар қойылады. ЭО құрылғыларының жұмысына негізгі талапты бірі – бұрмалар мен бағдаршамдарының тығыздай бекітілуінің қамтамасыздануы болып табылады. Сонымен бірге ЭО құрылғылары мыналарды қамтамасыз ету шарт: басқару аппаратындағы және бұрма жағдайының және жолдар мен бұрмалы секцияның бос екендігінің бақылануы; бағдаршамның бір уақытта жабылуымен бұрма қиылуының бақылануы; жергілікті басқаруға бұрманың берілуі; маневрлік бағдаршамдардың көрсеткішімен маневрлік қозғалу.
ЭО жүйесінің алыстығына, алшақтығына тәуелді басқару объектісі орталық постының байланыс тәсілі бойынша екі топқа бөлінеді: егер алыс бекеттегі әрбір бұрма мен бағдаршамды жеке кабель сымдары бойынша орталық посттан басқарылса, онда тікелей басқару, ал бұрма мен бағдаршамдар сызықты тізбек бойынша телебасқарудың кодалық сигналдарының тасымалдануымен басқарылса, кодалық басқару болып табылады.
ЭО жүйесіндегі бұрмалар мен бағдаршамдар басқару тәсілі бойынша тікелей басқару екі түрге бөлінеді: жеке және маршруттық басқару. Жеке басқаруда – әрбір бұрма мен бағдаршамды жеке тұтқамен немесе түймемен басқарады. Маршрутты басқаруда – толық маршрут үшін бұрмаларды бұру мен бағдаршамдарды ашу екі түймені басумен жүзеге асады: ол маршруттың басы мен соңы.
1.1 – сурет. Микро-ЭВМ базасындағы электрлік орталықтандыру
Қолданылу орнына тәуелді ЭО-ның барлық құрылғылары посттық және жергілікті болып бөлінеді. Посттық құрылғылар орталық постта орналасады. Оларға: блоктар, стативтер, релелер, басқару аппараттары, бекеттегі жолдың даму сұлбалары, электрқоректендіру көздері тиісті болып келеді. Жергілікті құрылғылар бекет территориясында орналасады. Оларға: бұрмалы электрлі жетектер, бағдаршамдар, релелік және батареялық шкафтар, рельс тізбектері және кабельді желілер.
1.1. Бағдаршамның шамдарын тексеру
Бағдаршам – темір жол көлігінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мен маневрлік жұмыстарды нақты ұйымдастыру үшін қызмет ететін негізгі сигналдардың бірі.
Сигнал – бұйрық берілетін шартты белгі болып табылады. Сигналдардың талаптары міндетті түрде орындалуы керек. Темір жол көлігінің қызметкерлері барлық мүмкін құрылғыларымен сигналдар талаптарын орындауға міндетті.
Темір жол көлігінде жолдар қатынасы министрімен бекітілген сигналдар ғана қолданылады. Сигналдық приборлар МПС бекітілген түріне сәйкес келіп, түсі де орнатылған стандарттар мен үлгілерге қатаң сәйкес келуі керек. Сигналдар көрсеткіштері жеңіл қабылданып, күндіз де, түнде де кез-келген климаттық жағдайда тез әрі нақты анықталуы керек.
Бағдаршам тәулік бойы қызмет ететін сигналдарға жатады. Тәулік бойы қызмет ететін сигналдар тәуліктің жарық та, қараңғы да уақытында беріледі. Орнату сипаты бойынша бағдаршамдар тұрақты сигналдар болып табылады. Тұрақты сигналдар темір жолдың белгілі бір нүктесінде немесе локомотив кабинасында орнатылуымен сипатталады. Бағдаршам жарық сигналдарының көмегімен пойыздар қозғалысын реттеуге және белгілі бір түсті сигнал оттарының көмегімен арақашықтыққа бұйрықтар жіберуге қызмет етеді.
Пойыздық бағдаршамдарды сигналдандыруға қабылданған негізгі түстер – қызыл, сары, жасыл. Жасыл түс – орнатылған жылдамдықпен қозғалысқа рұқсат береді; сары түс – қозғалысқа рұқсат береді және жылдамдық төмендетуді талап етеді; қызыл түс – тоқтауды талап етеді.
Бекетте маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру үшін келесідей сигналдық түстерді қолданады: ақ түс – маневрлік қозғалысқа рұқсат береді; көк түс – маневрларға тиым салады.
1.1.1 – сурет. Бекеттік бағдаршамдарды орналастыру сұлбасы
Бағдаршамдар тағайындалуы бойынша: кіріс, шығыс, маршруттық, өтпе, жабын, ескертуші, қоршау, қайталауыш, маневрлік, локомотивтік, дөңестік болып бөлінеді (1.1.2 – сурет).
Барлық бағдаршамдар әріптік және сандық немесе тек қана әріптік түріндегі белгілеуге ие. Кіріс бағдаршамдарды қозғалыс бағытына байланысты Ч немесе Н (тақ және жұп) белгілеп, шығыс бағдаршамдарды қозғалыс бағытына байланысты Ч немесе Н белгілеп, жөнелту жолының санын тіркейді (Ч3, ЧП, Н3 және т.б.). Маневрлік бағдаршамдарды М әрпімен және бекет алқымында пойыздарды қабылдау бағытына байланысты реттік тақ немесе жұп нөмірмен белгілейді (М1, М3 және т.б. – тақ; М2, М4 және т.б. – жұп). Маршруттық бағдаршамдар қозғалыс бағытына байланысты ЧМ және НМ болып белгіленеді. Автоблоктаудың өтпе бағдаршамдары қозғалыс бағытына байланысты тақ (1,3,5,7 және т.б.) немесе жұп (2,4,6,8 және т.б.) сандармен нөмірленеді.
Кіріс бағдаршамдар – Ч және Н бекетті аралықтардан қоршайды және пойызға аралықтан бекетке кіруге рұқсат береді немесе тыйым салады. Кіріс бағдаршамдарында сигналдық оттардың келесідей түстерін қолданады: жасыл, сары, қызыл, ай түстес ақ (шақырушы) және жасыл жолақ. Қосымша кіріс бағдаршамдар ЧД, НД екі жолды аралықтың бір жолы капиталды жөндеуде болғанда пойыздардың қозғалысы бір жолда екі бағыт бойынша жүргізілген кезде, пойызға аралықтан бекетке бұрыс жолмен жүруге рұқсат береді. Қосымша кіріс ЧД, НД бағдаршамдарында қызыл және екі сары сигналдық оттар қолданылады.
Шығыс бағдаршамдар – Н1, Н3, Н5, ЧП пойызға бекеттен аралыққа жөнелтілуге рұқсат береді немесе тыйым салады және әр жөнелтілу жолында орналасады. Олар сигналдық оттардың келесідей түстерін қолданады: жасыл, сары, қызыл.
Маршруттық бағдаршамдар – НМ пойызға бекеттің бір ауданынан екіншісіне өтуге рұқсат беріп немесе тыйым салып, кіріс бағдаршамдарын да сигналдандырады.
Өтпе бағдаршамдар – 7,8 пойызға бір блок учаскіден екіншісіне жүріп өтуге рұқсат береді немесе тыйым салады. Өтпе бағдаршамдарының сигналдандырылуында сигналдық оттардың келесідей түстері қолданылады: жасыл, сары, қызыл. Ауыр салмақты пойыз тоқтағаннан кейін қозғала алмайтын, ұзаққа созылған өрлерде орналасқан автоблоктаудың өтпе бағдаршамдарында Т әріпі түріндегі мөлдір ақ түсті қосымша сигнал беруші шағылыстырушы щит орнатылады. Мұндай өтпе бағдаршамды тыйым салушы көрсеткіште тоқтаусыз өту тек қана белгілі бір жүк категориялы пойыздарға аса қырағылықпен және кейінгі қозғалыста кедергі кездессе, тоқтауға дайындықпен
20 км/сағ жылдамдықпен рұқсат етіледі.
Жабын бағдаршамдар – 12...15 пойыздар қозғалысына қауіпті жерлерді қоршауға аз әрекетті жолдар мен кіріс жолдарда қолданылады. Олар темір жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен, ажыратылмаған көпірлер және өткізгішпен өтетін жерлермен қиылысатын орындарды қоршайды. Жабын бағдаршамдары қоршау орнынан 50м қашытық-
та орнатылады және жасыл, қызыл оттармен сигналдандырылады.
1.1.2 – сурет. Бағдаршамдар түрлері мен орнату орындары
Ескертуші бағдаршамдар – ПЧ, ПН кіріс, өтпе (автоблоктауда әр өтпе бағдаршамдар келесі бағдаршамға қатысты ескертуші болып табылады) және жабын бағдаршамдарының көрсеткіштері туралы алдын-ала хабарлайды (тежеу жолынан кем болмайтын арақашықтықта).
Қоршау бағдаршамдары – 31 және 32 переездерде, ірі жасанды құрылғыларда, опырылып құлау мүмкін орындарда қозғалыс үшін қауіп пайда болған кезде және бекеттерде вагондарды қарау және жөндеу үшін, құрамдарды қоршау үшін пойыздардың толық тоқтауын талап етеді. Оларды қоршалатын орыннан 50 м кем емес арақашықтықта жолдың екі жағынан орнатады. Қалыпты қоршау бағдаршамы өшулі, ал пойыздар қозғалысы үшін қауіп пайда болған кезде жолдан қызыл от қосылады.
Қайталауыш бағдаршамдар – ПН1 жергілікті шарттар бойынша негізгі бағдаршамның қажет анықтылығы қамтамасыз етілмесе шығыс, маршруттық немесе дөңес бағдаршамдардың көрсеткіштері туралы сигналдандырады. Қайталауыш бағдаршамда жасыл оттың жануы кіріс немесе маршруттық бағдаршам ашық екендігін білдіреді. Қайталауыш бағдаршамдардың сигналдық оттары қалыпты жанбайды және осы жағдайда сигналдық мәні жоқ. Қайталауыш бағдаршам щитінің ромб типтес пішіні оның жылдамдықтың мәні жоқ екендігін білдіреді және жолдық бағдаршамдардан кез-келген арақашықтықта орнатылады, машинист оны ескертуші бағдаршам ретінде ескермейді.
Маневрлік бағдаршамдар – М1, М3, М5, М7, М2, М4 бекеттің маршрутталған маневрларға бұрмалық аймақтарында орнатылады. Бұл ...................
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 24 | 20.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Метрология | Қазақстан Республикасының өлшем бірліктері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Метрология | Қазақстан Республикасының өлшем бірліктері
Курстық жұмыс: Метрология | Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Метрология | Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі
Курстық жұмыс: Экономика | Еңбекті нормалау және оның еңбек өнімділігін жоғарлатудағу рөлі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Еңбекті нормалау және оның еңбек өнімділігін жоғарлатудағу рөлі
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Өрт қауіпсіздігі және күзет дабыл жүйесі
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Өрт қауіпсіздігі және күзет дабыл жүйесі
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру
Курстық жұмыс: АВТОМАТИЗАЦИЯ  | ГАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: АВТОМАТИЗАЦИЯ | ГАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
Қазақша Ашық сабақ: Информатика | Ақпарат және информатика (5 сынып)
Қазақша Ашық сабақтар жинағы
Қазақша Ашық сабақ: Информатика | Ақпарат және информатика (5 сынып)

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Электрлік орталықтандыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар электр жүйесі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Электрлік орталықтандыру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар электр жүйесі жобалар курстық ж, Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электрлік орталықтандыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін