Экономика | Экономика және бюджет жоспарлау Маңғыстау облысы

 Экономика | Экономика және бюджет жоспарлау Маңғыстау облысы

Мазмұны
Кіріспе_______________________________________________________3
1. Маңғыстау облысының «Экономика және бюджет жоспарлау департаментінің»жалпы Ережесі мен оның құрылымын талдау__________5
2. Экономикалық жоспарлау бөлімінің Ережесі_________________________9
3. Экономикалық жоспарлау бөлім бастығының лауазымды нұсқаулығы____12
4. Маңғыстау облысының әлеуметтік экономикалық дамуына талдау жасау 14
Қорытынды__________________________________________________ 39

Кіріспе
Экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында елімізде көптеген алғышарттар жасалуда. Президентіміздің осы жылдың 27 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, жиырма төртінші бағытындағы Жаңа Кезеңнің дамуына қарай, әкімшілік реформаларды іске асыру және атқарушы билік құрылымдарын ілгерілету бойынша келесідей ұсыныс берілген: әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспары болуы керек, барлық мемлекеттік органдар қызметінің мақсаты, басымдылықтары айқындалып, нысаналы көрсеткіштері белгіленуге, әр мемлекеттік қызметшінің жұмысы соларға жетуге бағдарлануы шарт. Мұның өзі жоспардың қажеттілігінің айқындығын сипаттайды.
Жоспарлау үрдісінің мазмұны халық шаруашылық көрсеткіштерін әзірлеу, негіздеу, орындаудың жағдайын жасау мен оны ұйымдастыру болып табылады. Халық шаруашылығын жоспарлау- іс жүзіндегі көп қырлы қызмет қана емес, сонымен бірге өзінің қажеттілігінен туған кең ауқымды экономикалық ғылымның аясы.
Экономикалық ғылымдар жүйесінде халық шаруашылығын жоспарлау саяси экономия мен салалық экономика деген бөліктерден тұрады.
Саяси экономия қоғамдық үздіксіз өндірістің дамуының заңдылықтарын қарастырады. Осы заңдылықтарды талдау шаруашылық жоспарлардың мазмұнын анықтайтын, қоғамдық өнімнің үздіксіз өндірісінің заңдылықтарын сипаттайтын жоспарлау ғылымының теориялық базасын қалыптастырады.
Салалық экономика жекелеген салалардағы үздіксіз өндіріс үрдістерінің жоспарлы ұйымдастырылуының ерекшеліктерін зерттейді.
Жоспарлауда обьективті экономикалық заңдарды қолдану кешенді сипатта болады. Ол қоғамдық өмірге қатысушылар бір- бірімен өзара байланыста болғандықтан, жоспарлардың барлық бөлімдері өзара себептік -салдарлық байланыста болу керектігімен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары Қазақстанда халық шаруашылық кешенін жоспарлаудың жүйесі өзіне келесідей элементтерді қосады: ұзақ мерзімді ғылыми болжамдар мен тұжырымдамалар, стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламалар, елдің әлеуметтік экономикалық дамуының ағымдағы және орта мерзімді индикативті жоспарлары.
Қазақстан Республикасында халық шаруашылығын жоспарлауды мемлекеттік орталық атқарушы орган -«Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі» атқарады және аймақтар бойынша осы министрліктің департаменттері мен бөлімдері қызмет етеді.
Жоспарлаудың маңыздылығын ұғынып, әсіресе аймақтық кесіндідегі қажеттілігін түсініп, білу үшін менің өндірістік практикамды Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау» департаментінде өтуімнің себебі де сол.
Практика өтудегі негізгі мақсат- «Экономиканы мемлекеттік реттеу» және оған шектес пәндер бойынша, соның ішінде экономиканы аймақтар кесіндісінде жоспарлауда алған теориялық білімімді өндіріс жағдайында пысықтау, нақты облыстың халықтық шаруашылығын жоспарлау бойынша тәжірибе жинақтау.
Практика өтудегі негізгі мақсат:
- Облыс әкімшілігінің құрылымымен жалпы танысу;
- «Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің» жұмыс ережелерімен толықтай танысу;
- «Экономика және бюджетті жоспарлау департаметінің» экономикалық саясат және жоспарлау бөлімі қызметімен танысып, оған талдау жасау;
- Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшылығымен облыстың әлеуметтік және экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау;
- Жоспарлау жүйесінің тиімділігін бағалау;
- Маңғыстау облысының даму бағдарламаларын қарастыру;
- Облыстың қазіргі жағдайының дамуы бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізу;
- Республика бойынша облыстың дамуының қосатын үлесін білу.
1. Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік
жоспарлау департаменті»
1. Жалпы ереже
l. Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» (бұдан әрі--Департамент) мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заң шеңберінде экономикалық саясат пен бюджетті қалыптастыру, сондай-ақ лицензиялау саласында мемлекеттік басқару мен бақылау жасау қызметін атқаруға өкілетті мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімдік қаулыларына, Маңғыстау облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық. формасындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңға сәйкес банкіде шотесебі бар.
Департамент өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасайды.
Департамент, егер ол заңға сәйкес осыған өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір жағы ретінде әрекет етеді.
4. Заңды мекен-жайы: Ақтау қаласы 14 ықшам аудан, 1үй
5. Департамент қызметі мен өкілеттілігі Маңғыстау облысы аумағына таралатын республикалық мәндегі қаланың жергілікті атқарушы органына жатады.
6. Департаменттің қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.
7. Департаменттің шектеулі штаттық саны 69 адам.
8. Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде—
Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті»;
орыс тілінде—Департамент экономики и бюджетного планирования Мангистауской области
9. Осы Ереже Департаменттің құрылтайшы құжаты болып саналады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, қызметі және құқықтары
Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
1) Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың ұзақ, орташа және қысқа мерзімдік перспективаларына арналған стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтарына сәйкес өңірлік фискалдық, бюджеттік және инвестициялық саясатты қалыптастыру;
3) облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың бағдарламалары мен болжамдарын жасау жөнінен қала атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
4) бюджеттік заңнамаға сәйкес перспективалық бюджеттік жоспарлау мен бағдарламалау;
5) берілген өкілеттілік шеңберінде лицензиялау туралы заңды жүзеге асыру, облыстағы лицензиялау қызметін үйлестіру;
6) перспективалық экономикалық жоспарлау және болжам жасау;
7) Департамент Маңғыстау облысы әкімі белгілейтін, сондай-ақ қолданыстағы заңға сәйкес басқа да міндеттерді басшылыққа алады.
11. Департамент қызметіне мыналар жатады:
1) Маңғыстау облысы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын жасауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2) мемлекеттік қарыз алу мен борышты, сондай-ақ бюджеттік несиелеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асыру;
3) қаржыландырудың жылдық жоспарын жасау;
4) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінен шаралар қолданып, өңірлік бағдарламалар мен басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шет ел инвестициясын тартуға ықпал жасау;
5) Маңғыстау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінен ұсыныстар жасау;
6) мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбек ақы жүйесін жетілдіру жөнінен ұсыныстар жасау;
7) Департамент құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жасау;
8) Маңғыстау облысына әлеуметтік-экономикалық дамытудың мониторингін өткізу;
9) экономикалық талдау мен болжау жасау;
10) экономикалық қауіпсіздік мәселелерінің мониторингі;
11) бюджеттік түсімдерді болжау;
12) өңірлік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тиімділігіне баға беру;
13) мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің қатысуымен құрылған басқа да ұйымдардың қызметінің тиімділігіне талдау жасап, баға беру;
14) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестесіне талдау жасауды жүзеге асыру;
15) экономикалық достастық жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, халықаралық және экономикалық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынас жасау;
16) бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жасау;
17) Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарларын, бағдарламаларын, орта мерзімдік болжамдарын жасап, оларды жүзеге асырудың мониторингін өткізу;
18) өңірлік орта мерзімдік фискалдық саясатты жасауға атсалысу;
19) ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестициялық стратегияны айқындау және басым инвестициялық жобалардың тізбесін жасау;
20) бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру;
21) салық салу жүйесін жетілдіру, бюджеттің кіріс бөлігін диверсификациялау және оныңшығыс бөлігін ықшамдау жөнінен ұсыныстар дайындау;
22) орта мерзімдік кезеңге және кезекті қаржы жылына бюджет жобасын жасау;
23) жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды, сонымен қатар лицензиаттардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
24) Департаментке Маңғыстау облысының әкімі жүктеген және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыру;
12. Қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Департаменттің мынадай құқықтары бар:
1) Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) Департамент құзырындағы мәселелер бойынша Маңғыстау облысының әкіміне ұсыныс жасауға;
3) Департамент құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен әкімдік қаулысының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және Мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шыруашылық жүргізуші субъектілердің—лицензиаттардың лицензияларының әрекетін тоқтата тұруға және қайтарып алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық және басқа да заңдарға сәйкес өтініш берушілер мен лицензиаттарға тексеру жүргізуге;
6) сараптамалар жасау, кеңестер беру және лицензиаттарға тексеру жүргізу кезінде басқа мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан мамандар шақыруға;
7) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
8) Департаменттің қолданыстағы заңға сәйкес басқа да құқықтары бар.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
13. Департаментке Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындап, қызметінен босататын директор басшылық жасайды.
Департамент директорының (бұдан әрі--Директор) заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалып, қызметтен босатылатын үш орынбасары бар.
14. Директор Департаменттің жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз қызметін жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.
15. Осы мақсатта Директор:
1) өз орынбасарлары мен Департамент бөлімдерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңға сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңда белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Департамент бөлімдері туралы ережені бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Департамент атынан сөйлейді;
6) заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Департаменттің мүлкі
16. Департаменттің жеке мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.
Департаменттің мүлігі оған мемлекет берген мүліктен тұрады және негізгі қорлар мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ Департамент балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.
17. Департаменттің мүлігі коммуналдық меншікке жатады.

5. Департаментті қайта құру және тарату
18. Департаментті қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Департаментті қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) Маңғыстау облысының әкімінің қаулысы бойынша жүргізіледі.
20. Мәжбүрлеп қайта құру заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойнша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
21. Қосылу формасында қайта құрылғаннан басқа жағдайда жаңадан пайда болған заңды тұлға тіркелген сәттен бастап Департамент қайта құрылған болып есептеледі.
Департаментті оған басқа заңды тұлғаны қосу жолымен қайта құрған жағдайда бұлардың біріншісі заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуіне қосылған заңды тұлғаның қызметі тоқтатылды деген жазба жазылған сәттен бастап қайта құрылды деп есептеледі.
22. Департаментті тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында белгіленген тәртіп негізінде жүргізіледі.
23. Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне жазу жазылғаннан кейін Департаментті тарату аяқталды, ал Департамент--өмір сүруін тоқтатты деп есептеледі.
1-схема. Маңғыстау облысы «Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің құрылымы.
2. Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлігі болып табылады.
2. Бөлім өзінің жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару”, “Бюджет Кодексі туралы”, ҚР Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бөлімнің іс әрекеті жөніндегі басқа да нормативті-құқықтық актілерін, Экономика және бюджетті жоспарлау департаментті туралы ережесін, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
II. Бөлімнің негізгі тапсырмалары
2.Бөлімнің негізгі тапсырмалары болып:
2.1. Маңғыстау облысының стратегиялық жоспары мен әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу және олардың жүзеге асуын қадағалау;
2.2. Маңғыстау облысының стратегиялық жоспары мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жинақтап қорыту құжаттарын және қаланың түйінді мәселелерін шешу жөнінде ұсыныс әзірлеу;
2.3. Қолданымдағы заңнамаға сәйкес басқа да тапсырмалар.

III. Бөлімнің міндеттері
3.Бөлімнің негізгі міндеттері болып:
3.1. Маңғыстау облысының экономикалық дамуына және болжамына талдау жасау;
3.2. Облыстың экономикалық дамуының түйінді мәселелерінің сәйкессіздігін анықтау және олардың шешімін табу жөнінде ұсыныс әзірлеу;
3.3. Облыстың экономикасының қорын анықтау, қаланың динамикалық дамуы үшін оларды толық пайдалану жөнінде ұсыныс әзірлеу;
3.4. Маңғыстау облысының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың мониторингісін жүргізу және әзірлеуді үйлестіру;
3.5. Жергілікті атқару органдарының Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді болжамын әзірлеу жөніндегі жұмысын үйлестіру және оларды тиісті министерстволар мен ведомстваларда келісу;
3.6. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы іс шара жоспарын, салааралық және функционалды бағдарламаларын әзірлеу және келісіу;
3.7. ҚР Үкіметіне еліміздің аймақтарының іс әрекетін рейтинг бағасы бойынша бағалау арқылы жинақталған ақпарат әзірлеу;
3.8. Рейтинг бағасының көмегімен аудан әкімдерінің іс әрекетін бағалауды жүзеге асыру және нұсқамасын әзірлеу;
3.9. Жоғары органдарға ақпарат әзірлеу:
- Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы;
- Маңғыстау облысының стратегиялық жоспарының орындалуы туралы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс шарлар бағдарламасының шаралар жоспарының орындалуы жөнінде;
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі түйінді мәселелері мен оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныс әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің көрсеткіштер жүйесінің негізгі индикаторы жөнінде;
- халықтың тұрмыс деңгейін көрсететін негізгі көрсеткіштер туралы;
БАҚ-қа және қалалық сайтқа жіберу үшін Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы құжаттарды әзірлеуде Департамент бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
3.10. Маңғыстау облысында инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру жөнінде қабылданған шаралар бойынша жинақталған ақпарат әзірлеу;
..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі