Бухгалтерлік есеп | Тауарлы- материалдық қорлар

 Бухгалтерлік есеп | Тауарлы- материалдық  қорлар

Мазмұны
Кіріспе
1. Тауарлы материалдық қорларға жалпы түсінік
1.1 Тауарлы материалдық қорлар және оның жіктелуі....................................4
1.2. Материалдық есептерді ұйымдастыру және материалдардың номенклатурасы........................8
1.3. Материалдық қорларды түгендеу............................................................10
2. Тауарлы материалдардың есебі
2.1 Материалдар қозғалысының есебі және олардың жіктелуі....................14
2.2.Тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістері....................................19
2.3. Материалдық қорлардың қоймадағы есебі, бухгалтериядағы есебі............................................22
Қорытынды .............................................................................................................27
Қосымшалар ............................................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ..............................................................................30

Кіріспе.
Жұмысшылардың өзектілігі. Қазіргі нарықтық уақытта экономикалық мәселелер төңірегінде жүргізіліп жатқан зерттеулер өздерінің қоғам мен экономиканың дамуы өзекті поблемаларды көтеруімен ерекшеленеді. Соның бір ғана бөлігі курстық тақырып ретінде зерттелуге алынып отырған – Тауарлы- материалдық қорлар. Тауарлы- материалдық қорлар экономикада бухгалтерлік есеп жөніндегі ғылыми әдістемелерде қарастырылып жүр. Оның негізгі бір себебі Тауарлы- материалдық қорлардың жалпы ғылыми жүйеде өз жауабын таппаған. Сондай-ақ, Тауарлы- материалдық қорлардың құжаттарының рәсңмделуі мәселесі де жүйелеп, бір ізге түсіруді қажет ететін өзекті іс. Біз өз жұмысымызда Тауарлы- материалдық қорлардың жалпы сипаттамасын жасап, методологиялық базасын өз деңгейімізде жеке күрделі мәселе ретінде айқындауға тырыстық. Жұмысымыздың өзектілігі осыған орай анықталады.
Зерттеу нысаны. Зерттеуге Тауарлы- материалдық қорлардың жалпы мәселелері алынды.
Зерттеу әдістері. Тақырыптың өзектілігіне орай талдау, жинақтау, статистикалық есептеу әдістері қолданылады.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Қазақстан Республикасының осы күнгі қолданып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек.
1. Тауарлық-материалдық қорлар жайлы тусінік
1.1 Тауарлы – материалдық қорлар және оның жіктелуі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйьндары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ак жұмыстарды орындау және қызметгерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ьдыстьиқ материалдары, жартылай фабрикатгар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдьқ қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгн еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы кұнын түгелдей ендірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатьш өнімнін, атқарылатын жұмыстьң өзіндік құныньщ көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек затгары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудіц негізгі міндеттері:
1. Дайьшдалған, келіп тускен және ендіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артьш немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
4. Материалдарды ендірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын аныктау.
5. Материалдардың ендірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
6. Дайындалған материалдардың өзіндік құньш анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығьш тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін гигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұгымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:
• тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақ-тайтын қойма немесе белме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардьщ белгілі бір тұрін сақтауға арналған болуы керек;
• материалдар қойманьщ әр бөлігінде ездерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардьң әкімшілігі материалдарды сақтайтын жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстыгын қадағалап отыруы керек. ¥йымның басшысы материалдарды қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарга жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп
отыруы қажет. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құкығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамньң жүмысы болып табылады.
Материалдардың есебін дүрыс және үтымды ұйьшдастыру ушін мыналар керек:
• материалдардьщ бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
• құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
• бірыңғайланған алғашқы есеп қүжатгары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар материалдарды алдағы уақытгарда пайдалану үшін ендіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардьң қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.
Тауарлық-материалдық қорлардың жіктелуі
Еңбек затгары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міңдеттеріне қарай, сондай-ак физикалық және химиялық касиеттеріне қарай өзара айырмашылыктары бар. Сондықтан да материалдар есебін дүрыс ұйымдастырудың ең басты мэселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің езгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізатгар өндірілетін өнімнің қүрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген затгарды атайды. Бүлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
мекемелерінің өндірген енімдері - мүнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да баска материалдар жатады,
Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік қүнын қүрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.
Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады.
Материалдардың бул түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бүндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына қүрылыс үйымдарында — бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда—шойын мен болатгы жатқызуға болады.
Көмекші материалдарга - әр түрлі химикатгар мен майлайтын, сүртетін жэне жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың
негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды, Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бүл түріне бояуларды, әктерді(известь) жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде белек топ болып отындар, ыдыс және ыстық матермалдар қосалқы бшектер, кұрылыстериалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия ендіруге, үй -жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.
9.3« Материалдарды есептеуді ұйымдастыру
¥йымның типтік бухгалтерлік есепшоггар кестесінің екінші белімінде »Материалдар» есебі мына шоггарда жүргізіледі. — шикізат пен материалдар;
- сатылып алынған жартылай фабрикаттар;
- отындар;
- ыдыс және ыдыстық материалдар;
- қосалқы бөлшектер;
- басқадай материалдар ;
- өңдеуге берілген материалдар;
- қүрылыс материалдары.
Шикізаттар мен материалдар шотында өндірілетін енімнің қүрамына кіріп, оның негізін жасайтын немесе енімді дайындағанда оның керекті қүрастырушысы болып табылатын шикізаттар мен негізгі материалдардың, өнім
өндіруге қатысатьш немесе шаруашылық қызметіне сондай-ақ техникалық мақсатқа пайдаланатын, өнім өндіру үдерісіне әсер ететін материалдардың үйьмдардағы есебі, олардың кіріске алынуы мен шығыс етілуі есептеледі.
Сатылып алынган жартылай фабрикаттар шотында өндіріліп шығарылатын өнімді жинақгау үшін сатылып алынған өңдеу және жинақтауды керек ететін жартылай фабрикаттардың, жинақтауышы бүйымдардың, белшектердің кәсіпорындағы есебі жүргізіледі.
Отындар деп аталатын шотта тасымалдау қүральна пайдаланатын, сондай-ақ өндірістің технологиялық қажетіне, энергия өидіруге және үйді жылытуға пайдаланатын (мұнай өнімдері мен фтор, газ, көмір тағы да басқа) отындардың қалдығы және кірісі мен шығысы есептеледі.
Ыдыс және ыдыстық материалдар шотыида үйымдағы ыдыс және ыдыстьқ материалдардың барлық турлерінің (шаруашылык қүралы ретінде пайдаланатындардан басқасы), сондай-ак ыдыстарды өндіріп (жасап) шығаруга,
оларды жөндеуге арналған материалдар мен бөлшектердің кіріске алынуы мен шығыс етілу есебі жүргізіледі. Жабдықтаушы, өткізуші немесе саудамен айналысатын кәсіпорындар тауарлар салынған ыдыстарды «сатылып алынған тауарлар» шотында есептейді.
Қосалқы бөлшектер деп аталатын шотта ұйымның пайдалануындағы машиналар мен жабдықтарды, тасымалдау құралдарын және тағы сол сияқтыларды жөңдеуге, мүжілген жерлерін ауыстыруға арналған косалқы
бөлшектердің кірісі мен шығысы және қалдығы есептеледі.
Басқадай материалдар деп аталатын шотта өндіріс қалдықтары, түзетілмейтін өндіріс ақаулары, үйымның езінде материал, отын немесе қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға жарамайтын есептен шығарылған негізгі қүралдарды бүзғаннан алынған материалдардың, металл сынықтарының есебі жүргізіледі.
Сонымен қатар бүл шотта ауыл шаруашыльқ кәсіпорындары өз өндірісіне қажетті түқымдарды, отырғызылатын кешеттерді, мал азығын дайындаудағы тыңайтқыштарды, ауыл шаруашылық дақылдарын дайындауда зиянын тигізетін жәндіктермен күресу үшін пайдаланатын улы химикаттар мен дәрі-дэрмекгерді және тағы да басқа материалдарды есептейді.
Өңдеуге берілген материалдар шотында қайта өңдеу үшін басқа үйымдарға берілген, келешекте өңдеуден алынған бүйымның өзіндік қүнының құрамына кіретін материалдар есептеледі.
Құрылыс материалдары атты шотта тікелей қүрылыс салуға және монтаж жұмыстарына, сондай-ақ қүрылыс бөлшектерін дайындауға пайдаланатын материалдар және құрылыс қажетіне керекті басқадай материалдар есептеледі.
1.2. Материалдарды есептеуді ұйымдастыру және материалдардың номенклатурасы
Материалдар есебін дүрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған лұрыс.
Материалдардың номенклатурасы деп ендірісте пайдаланатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа кәрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады. Номенклатуралық тізімде әр материалдың дұрыс аты, оған берілген номенклатуралық нөмірі мен елшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуральқ бага көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен үйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі бір ездерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мелшерлері бойынша жікгеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр *** цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дүрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындағанда сол шифрдан материалдың қай шотка, сондай-ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау керек. Материалдардың номенклатуралық нөмірін жеті цифрдан құрастыру ыңғайлы болып табылады. Оның алдыңғы үш цифры шотгың келесі екі цифры қай топқа жататынын көрсетсе, соңғы екі цифры материалдардың осы топ ішіндегі ретгік санын керсетеді. Номенклатуралық нөмірді бес саннан да құрастыруға болады. Ол жағдайда оның алдыңғы бірінші цифры шотгың келесі екі цифры қай топқа
жататынын, ал соңғы екі цифры материалдың топ ішіндегі реттік санын көрсететіндей болып тағайындалуы керек. Номенклатуралық баға көрсеткіштерінде материалдар өздерінің статистикалық есеп берудегі қаралған тізімдердегі тәртібі бойынша топталғаны дұрыс. Номенклатуралык тізімде материалдың әр тобы бойынша жаңадан алынатын материалдарға бос орын және реттік сан қалдырылады. Егер бағаларында көп айырмашылық болмаса бір номенклатуралық нөмірге түрлері бір тектес, бірақ бағасы мен сортында аздап айырмашылығы бар материалдарды біріктіруге болады. Бұл жағдайда олардың есептеу бағасы орташа бағаға сәйкес тағайындалады. Материалдарға қойылатын номенклатуралық нөмірі, өлшем бірлігі ол материалдың барлық кіріс-шығыс құжаттарында, қоймадағы есеп карточкасында (үлгілі түрі М-17) және материалдық есеп беруде керсетіледі. Егер ұйымдарға кейбір материалдар басқа өлшем бірлігімен келіп тұссе ондай материалдар номенклатуралық немірде көрсетілген өлшем бірлігі бойынша қайтадан саналып кіріске альнады. Материалдардың номенкла-туралық баға көрсеткіші, әсіресе материалдар есебін оперативтік (жедел) қалдық тәсілін қолдану арқылы жүргізгенде өте тиімді.
1.3 Материалдық қорларды түгендеу
Қазақстан Республикасында осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің меншігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдай-да жүргізіледі:
• Жылдық есеп беру (жыл аяғында) алдында маусыммен жұлыс істейтін қайта өндіруші үйымдар, сондай-ақ дайындаушы және басқа да үйымдар материалдар мен шикізаттарға олардың қалдығының азайған кезінде түгендеу жүмысын жүргізе алады.
• Материалдық қорларды міндетті түрде түгендеу материалдарға жауапты адамның ауысуына байланысты, үрлық және қиянат жасалғанда, сондай-ақ материалдық қорлар бүзылғанда, табиғи апат, өрт болғанда, ұйым таратылғанда (қайта құрылғанда) тағы да басқа жағдайларда жүргізіледі.
Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы қүрылады. Бүл комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссия-сы қүрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарьш отырады.
Кәсіпорын басшысының бүйрығымен түгендеу жүргізу оның басталуы және аяқталуы мерзіміне жауапты адам тағайындалады. Түтендеу жүмысы материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың түрлері
және олардың сақтаулы түрған жерлері бойынша жүргізіледі. Кәсіпорында сақталып тұрған, бірақ оның өз меншігіне жатпайтын яғни басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдарында түгендеу керек.
Түгендеу - бүл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жүмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып түрған жерлері және материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып (үлгілі түрі инв-3), кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Үйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?