Экономика | ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ

 Экономика | ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ

Мазмұны
Кiрiспе ..........................................……………........3
I. Тауарлық-материалдық қорлар аудиті және жетілдіру жолдары...............………...5
1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті.................................................5
ІІ. Тауарлық-материалдық қорлар аудиті және жетілдіру және есебінің теориялық негізі...............................13
2.1.Кәсіпорында тауарлық-материалдық қорлар есебінің...............................................13
ІІІ. Аудиторлық қортынды..............................................................................24
Қорытынды ....................................................................................……………..29
Қолданылған әдебиеттер ...............................................................…………….33

КІРІСПЕ
Тауарлық-материалдық қорлар –бұл шаруашылық субъектісінің өнімді өндіру, қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау мақсатындағы шаруашылық қызметте пайдалану үшін сатып алатын әр түрлі шикізаттар,материалдар,отындар,энергиялар,жартылай фабрикаттар.
Тауарлық-материалдық босалқылар келесідейактивтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар,материалдар,сатып алынған жартылай және құрастырушы бұйымдар,оын,ыдыс және ыдыстық материалдар,дайын өнім, тауарлар.
Тауарлық-материалдық қорлардың ауыстырылатын және ауыстырылмайтын түрлері бар. Мысалға энергияны өндірістік қажеттілік үшін көмірді, ағашты,жел, атом энергиясын пайдалану арқылы өндіруге болады. Ал, таза сары майды өндіру үшін тек сүт қолданылады. Бұл ауыстырылмайтын қорларға жатады.
Материалдық қорлардың негізгі және көмекші деген екі түрі болады:
Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Тауарлық-материалдық қорлар туралы сипаттап, түрлерін,есептелуін, құжаттық рәсімделуін толықтай қарастыру.
Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтау, басқа жаққа және өндіріске босату мен пайдалану мөлшерін белгілеп оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу,бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет етіледі.
І.ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР АУДИТІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудиті
Тауарлы-материалдық қорларға сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады.Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды,құжатта рәсімдеуді,тиеу-тасу жұмыстарын,материалдық ресурстардың қозғалысын,сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатын алу,өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:
1.Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
2.Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
3.Қорлардың жағдайынжәне олрдың қолданылу деңгейін бағалау.
4.Қойма шаруашылығынұйымдастырудың жағдайын тексеру.
5.Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операциялардыесепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
6.Қорларды түгендеудің жүйелілігімен дұрыстығынзерттеу.
7.Тауарлық-материалдық құндылықтардықолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
8.Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін,басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі.Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды,шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.
7 кесте
Қорларды сатып алу мен басқарудың функционалдық аудит
бағдарламасы
Аудит процедуралары Ақпарат көздері мен бағалау критерийлері
1 2
1Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды талдау Жылдық,тоқсандық және ағымдағыесеп,сонымен жедел мәліметтер
2.Бастапқы есепті,қорлардың қозғалысы туралы есеп беру жағдайын тексеру 4-9 БЕС қойма есебі карточкалары ТМҚ жоғалту туралы акті
3.ТМҚ синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыстығын тексеру Бас кітап,6,7,10,журнал ордер есеп регистрлері
4.Баланстағы ТМҚ бағалаудың дұрыстығын тексеру 4-7,30 БЕС, материалдық құндылықтарды түгендеу актісі
5.ТМҚ бар болуымен сақталуын,уақтылығымен дұрыстығын зерттеу Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар,бастапқы құжаттар,түгендеу актілері
6.Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың дұрыстығын зерттеу Техникалық құжаттама,қойма шаруашылығын ұйымдастырудың стандарттары мен нормативтері
7.Қойма есебін,ТМҚ қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру Бастапқы құжаттар,қойма есебініңкартокалары
8.Кәсіпорынның өндірістік қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау Стандарттар,нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар
9.Түскен материалдарды алуды тексеру Бастапқы құжат, шот-фактура,кіріс ордері
10.Өніммен жабдықтау,жұмыспен қызметті орындау,сақталуын бақылау Бас кітап,шарттар,нарядтар,сертификаттар
11.ТМҚ-ны өндіріске босату жөніндегі операциялардың негізділігімен оларды шоттарда көрсетудің дұрыстығын талдау 10журнал ордері,бас кітап
7-кестенің жалғасы
12.ТМҚ бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын тексеру 6,10 журнал ордер,
13Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру Ішкі тәртіп,4-10,13,24,30 БЕС
14.ТМҚ өткзу мен қайта өңдеуге беру дұрыстығын тексеру Сенім хаттар,кіріс ордері,24,30 БЕС
15.ТМҚ табиғи кему,бүліну және оларды арзандатудағы белгіленген нормадан тыс кем шығуын есептеп шығаруға арналған құжаттар талдау Түгендеу актісі, нарықтық баға мен сатып алу бағалары туралы мәліметтер
Қойма шаруашылығының жақсы жағдайы тауарлы-материалдың құндылықтардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып саналады. Қойманың ұй-жайы тұйықталған, дабылдамамен, стеллаждың, жәшіктердің, еденшелермен (поддон), механизация жабдықтарымен және салман өлшейтін приборлардың қажетті мөлшерімен жабдықталуға тиіс.
Қойма ішінде материалдардың әрбір тобы, топшасы мен түрі белгілі бір жерде сақталуға тиіс. Сақтайтын әрбір жерге материалдық затбелгі бекітіледі. Басшының бұйрығымен қоймада жұмыс істейтін материалды жауапты адамдардың тізімі бекітіледі. Олармен материалдың жауапкершілік шарты жасалады. Материалдардың қоймадағы есебін тікелей осы адамдар жүргізеді. Материалдың құндылықтардың қоймалық есебі үш әдістің біреуімен ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірінші әдіс - сандық-сомалық есеп әдісі. Осы әдіс негізінен қорлар номенклатурасы кішігірім, шағын кәсіпорындарда жүргізіледі. Бұл орайда қоймада және бухгалтерияда материалдық құндылықтардың әрбір номенклатуралық нөміріне сандық-сомалық есептің карточкалары ашылады. Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі құжаттың әрбір дерегі кар-точкаға жазылады. Ай соңында карточкалардың жиыны шығарылып, олар жылдық, сорттық, айналымдық ведомоске көшіріледі. Мұндай әдіс кезінде қосарланған есеп жүргізіледі. Ол өте кең ауқымды және талдамалық есептегі жазулар санын арттырады.
Екінші әдіс - сальдолық (жедел-бухгалтерлік) әдіс. Материалдың құндылықтардың есебін қойма меңгерушісі жүргізеді. 1 қаңтарда бухгалтерия материалдардың қоймадағы есебінің №17-нысандағы карточкаларын ашады. Мұндай әрбір номенклатуралық нөмірге 1 қаңтардағы қалдың сандық өлшеммен енгізіледі. Карточкалар тізілім бойынша қойма меңгерушісіне беріледі, ол келіп түскен материалдық құндылықтарға кіріс құжатын толтырады және шығыс құжаттарына сәйкес оларды босатады. Бұл ретте ол кіріс пен шығысты карточкада натуралдық көрсеткішпен бөліп көрсетіп, әрбір жазба операциясынан кейін қалдығын шығарады. Осындай тәртіппен материалдық құндылықтардың қоймадағы күн сайынғы есебі жүргізіледі. Қойма есебі карточкаларының жүргізілуін бухгалтерия қадағалайды. Оның қызметкерлері аптасына немесе он күнде кем дегенде бір рет тікелей қоймада қойма меңгерушісінің қатысуымен қойма операциялары бойынша бастапқы құжаттар мен қарточкалардағы жазудың мерзімділігі мен дұрыстығын тексеруді жү-зеге асыруға міндетті. Операциялардың жазылуы мен қалдықтардың шығарылуын тексеруді бухгалтерия қызметкері №17-нысанының тиісті бағанына қолын қою арқылы растайды. Тексеру қойма меңгерушісінің бухгалтерия бастапқы құжаттарды табыс етуімен ұштасады. Өткізілетін құжаттардың деректері №18-нысанындағы құжаттарды қабылдау-өткізу тізіліміне енгізіледі, бұл жерде олардың нөмірі мен саны көрсетіледі. Тізілім құжаттарды қоса отырып, бір данада жасалады. Егер қоймалар кеңсе-жайдан (офистен) алыс жерде болса, онда карточкалардың дұрыс толтырылуына бақылау орталық бухгалтерияда жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда қойма меңгерушісі белгіленген мерзімде ай соңындағы материалдардың қалдық ведомосін екі дана етіп жасап, бухгалтерияға өткізеді. Ведо¬мость сандық өлшеммен есепті айда қозғалысна түскен материалдар бойынша ғана жасалады. Ведомоске цех (учаске) бастығы қол қояды және құжаттарды ресімдеу дұрыстығы тексерілгеннен кейін, оның бір данасы ескертулерімен бірге қоймаға қайтарылады. Материалдарының номенклатурасы кішігірім қоймаларда карточканың орнына сорттың есеп кітабын жүргізуге рұқсат етіледі. Ай соңында бухгалтериядан материалдардың қалдық есебінің кітабы (қалдықтарды есепке алудың №20-нысанындағы ведомосі) қоймаға беріледі. Қойма меңгерушісі оған материалдар есебі карточкасынан қалдықтарды көшіреді. Бұдан кейін жинақтау және жалпы кітап бойынша материалдың құндылықтың есептік топтары бойынша жиынын есептен шығару үшін бухгалтерияға қайтарылады. Бұл әдіс кезінде:
— Бухгалтерлік есеп жедел есепке негізделеді және онымен тығыз
байланысты;
— қоймадағы және бухгалтериядағы есепті жедел салыстыру, демек есепті айда жіберілген қателіктерді жою мүмкіндігі туындайды;
— есептік бағаларды қолдану ай сайын қорлардың орташа құнын анықтау жөніндегі қиын жұмыстарды жояды.
Бұл түгендеу жүргізуді жеңілдетеді және есептің жедел функцияларын күшейтеді, құжаттарды өңдеу және есептік тіркелімдердің жағдайын жақсарту бойынша компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қорлардың талдамалы есебінің синтетикалық есептен қалуына жол берілмейді. Сальдолық әдіске тән қасиет — қорлардың сандық есебі тек қоймада жүргізіледі, ал бухгалтерияда қорлар сомалық өлшеммен сақталатын жері бойынша және әрбір шот немесе қорлар тобы бойынша ескеріледі.
Үшінші әдіс — материалдық есеп берулер әдісі. Қойма меңгерушісі (құрылыс учаскесінің бастығы, прораб, шебер) қоймада (учаскеде) санақта тұрған материалдардың барлық номенклатурасы бойынша №19А-нысанындағы материалдық есепті ай сайын жасайды. Есеп беруде 20 (материалдар)-бөлімшенің шоттары бойынша ай басындағы қалдық, кіріс, шығыс және ай соңындағы қалдық келтіріледі. Өткен айдың материалдық есептемесінен есепті айдың басына көшіреді, содан кейін түсімдер мен шығыстар туралы алғашқы құжаттардың алдын ала топтастырылған деректерінің негізінде материалдық-жауапты адамдар кірісті түсім көздері бойынша, ал шығысты материалдардың пайдалану бағыты бойынша толтыра-ды. Материалдардың ай соңындағы қалдығы есептеу жолымен анықталады. Алғашңы құжаттары қоса берілген материалдық есептемеге оны жасаушы қол қояды және есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірместен (немесе кестеге сәйкес айдың күні) бухгалтерияға тапсырылады, Онда оны жасау-дың дұрыстығы тексеріледі, кірістелген, берілген және жұмсалған материалдардың саны бухгалтериядағы деректермен салыстырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім.
Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп мыналарды анықтауы тиіс:
1.Дайын өнімен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды рәсімдеу дұрыстығы.
2.өнімді тиеуге арналғанқұжаттарды рәсімдеудіңдұрыстығы.
3.Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы.
4. Дайын өнімді тиеу өткізу есебінжүргізудің дұрыстығы.
5.Өнімді тиеу мен өткізужөніндегі бухгалтерлікөткізбелердіжасаудың дұрыстығы.
6.Синтетикалық және аналитикалықесеп жазбаларының 1210/301»Алынатын шоттар» және 6010 /701 «Дайын өнімді(тауарларды,жұмыстарды,қызметтерді) өткізуден түсетін табыс» шоттры бойынша сәйкестігі.
Тауарлық-материалдық қорларды түгендеумен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу,өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады.
Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін ,соның ішінде , материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары , көмекші материалдардың , шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!