Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс на казахском языке
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. ДАУЫСПЕН ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Дауыстың негізгі сипаттамасы
1.2. Дауыстың физиологиялық негізі
1.3. Қалыпты жағдайда дауыстың дамуы. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының дамуы.
1.4. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының ерекшеліктері
1.5. Бала-бақшада жүргізілетін дауыспен жұмыс
2 БӨЛІМ. ЗЕРТТЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ӘДІСІ
3 БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ НАШАР ЕСТИТІН БАЛАЛАРДЫҢ ДАУЫСЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ
Нашар еститін және естімейтін балалардың ауызша сөйлеу тілінде дауыспен жұмыс ең негізгі бөлім болып табылады. Дауыс төңірегіндегі даулар мен оның қалыптасу мәселесін көптеген ғалымдар қарастырған. Олар: лингвисттер, психолингвисттер, логопедтер,фониаторлар, сурдопедагогтар. Осы тұста мына ғалымдардың жұмыстарын атап өтуге болады: Алмазова Е.С, Вильсон Д, Дмитриева Л.Б, Ермакова И. И, Жинкина Н.И, Ларова Е.В, Максимова И.А, Митринович-Моджеевска А, Правдина О.В, Рау Ф.Ф, Таптапова С.Л, Телеляева Л.М. Хватцаева М.Е. Бұл ғалымдардың жұмыстарында дауыстың дамуы және қалыптасуының теориялық және практикалық көптеген мәселелері қарастырылған. Ауызша сөйлем, темп, бірігу, әуен, сөздік немесе логикалық екпін секілді дауыс сипаттамалары дауыстың сапасы мен дауысты игере білуде көп әсер етеді. Дауыс ауызша сөйлеу тілінің нақтылығын, дұрыс мәнерін, интонациясын анықтайды.
Есту қабілеті зақымдалған балалар үшін нормаға жақын дауысты қалыптастыру, яғни дұрыс күштегі, биіктігі дауыстар, ырғақтың өрескел бұзылысынсыз дауыс қалыптастыру ең қиыны мәселесі болып табылады. Мұл мәселені дауыс сапасына қатысты жүргізілетін арнайы жұмыссыз шешу мүмкін емес. Мектеп жасына дейінгі кезең балалар дауысының дамуының сентитивті кезеңі болып табылады. Дауысты қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жүйелі түрдегі толыққанды жұмыстар есту қабілеті зақымдалған балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде жүргізілуі тиіс. Естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың дауысына қатысты жүргізілетін жұмыстардығы арнайы әдістердің жоқтығы балаларда сөздік біліктің қалыптасуының төменгі деңгейімен сипатталады. Осы зерттеу жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың дауысымен жүргізілетін жұмыстарды талдау.
Мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының келесідей міндеттері анықталды:
1. Дауыстың және дауыс шығару механизмдерінің негізгі сипаттарын анықтау.
2. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысының дамуы мен дауыс дамуы ерекшеліктері жайлы білімдерді жинастыру.
3. Есту қабілеті зақымдалған балалардың өзіне тән дауыс ерекшеліктерін бөліп көрсету.
4. Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың дауыс жағдайын зерттеу.
5. Нашар еститіндерге арналған бала-бақшадағы балалардың дауысымен жүргізілетін жұмыстарды сараптау.
6. Дауыспен жүргізілетін жұмыстардың әдістемелік ұсыныстарын анықтау.
Зерттеу жұмысының объектісі ауызша сөйлеудің ерекше компоненті ретінде орын алатын дауыс болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні ретінде есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың дауысымен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері анықталды.
Зерттеу жұмысының келесідей әдістерін қолдану ұсынылады:
I. Ғылыми әдебиеттер негізін зерттеу әдісі.
Жалпы және арнайы психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық және медициналық жұмыстарды талдау.
II. Ұйымдастырылған әдістер.
1. Балалардың есту қабілетінің жағдайын анықтау.
2. Сөздік даму деңгейін зерттеу.
3. Мектеп жасына дейінгі балалардың дауысын зерттеу.
III. Эмпирикалық әдістер.
1. Сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта балалардың сөйлеуін бақылау.
2. Балалардың анемнестикалық мәліметтерін сараптау.
3. Анықтаушы эксперимент есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың дауысының жағдайын зерттеу әдісі болып табылады.
1 БӨЛІМ. ДАУЫСПЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Дауыстың негізгі сипаттамасы.
О.В. Правдина атап көрсеткендей, адамға тән дауыс ұғымына жаңа туылған сәбидің рефлекстік айғайынан бастап атақты әнші немесе шешеннің қалыптасқан дауысына дейінгі адам баласының бойынан шығатын кез келген дыбыстар жатады екен (27, 60 бет).
Ең қарапайым дауыстар шыңғыру, айғай, күлкі, жөтелдің дыбысы секілді адам бойындағы реакцияларда орын алады. Дауыстың мейлінше даму аймағы сөйлеу мен ән айтуда байқалады. Адами дауыс өзінің әртүрлі тербелістеріне байланысты кез келген кезеңдегі адамға тән әртүрлі эмоционалды көңіл-күйді көрсете алады.
Е.В. Лаврова дауыс туралы өз анықтамасын береді. Дауыс – бұл жылтыр дауыс бүрмелерінің өзгеруі нәтижесінд пайда болатын өз сипаты жағынан әртүрлі болып келетін дыбыстардың жиынтығы (17, 197 бет). Біздің көзқарасымыз бойынша бұл анықтама дауыс түсінігін толық ашады, өйткені ол дауыс дыбыстарының физикалық құрылмын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, себебі дыбыстың акустикалық сипаттамасын білу дауыстың керекті сапасын мақсатты түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Дауыс дыбысы түсінігін анықтауға кірісейік.
Л.М. Телеляева көрсеткендей, дауыс дыбысы - бұл жиырылғыш және ажыратқыш толқын түрінде таралатын ауа бөліктерінің өзгеруі (9, 24 бет). Мұндай толқындардың пайда болуының негізгі көзі адамдағы дауыс бүрмелері болып табылады. Адам дауысының барлық әртүрлі дыбыстары дыбыстың уақытқа сай тек үш негізгі акустикалық өлшемдерінің өзгеруі нәтижесі болып табылады. Ол үш негізі акустикалық өлшемдер мыналар: өзгеру жиілігі мен олардың амплитудасы және дыбыстың күрделі құрамы, оның спекрлары - сәйкесінше дыбыс биіктігі, күші және ырғағы.
Міне, дәл осы дауыстың үш сипаттамасы негізгі ретінде көптеген зерттеушілердің еңбектерінде бөлініп көрсетілген. Ол зерттеушілер: Л.В. Неймон, О.В. Правдина, С.Л. Таптапова, Е.В. Лаврова.
Алайда, көптеген авторлар дауыстың күші, биіктігі және ырғағынан басқа өзге де дауысқа тән сипаттамаларды бөліп көрсеткен. Мысалы, О.В. Правдина, Ф.А. Ивановская айтылу ұзақтығы сияқты дыбысқа тән құрылымды анықтаған.
Г.Ф. Назарова дыбыс сипаттамасына дыбыс диапазонын, яғни дауыстың шығаратын тонының санын да қосқан.
Е.В. Лаврова, Д. Вильсон өзге де негізгі сипаттамалармен қатар резонансты да қарастырған. Сонымен қатар, Е.В. Лаврова негізгі назарды бас және кеуде резонансына аударса, ал Д. Вильсон мұрын және ауыз резонансының сәйкестігіне назар аударған.
Жоғарыда айтылып өткен зерттеушілердің мәліметтеріне сүйене отырып,зерттеу жұмысында дыбыстың күш, биіктік, ырғақ, резононс сияқты сипаттамаларына назар аударылады, өйткені олар дауыстың дыбысталуының сапасын анықтаушы құрылым болым табылады.
Дыбыс биіктігі – бұл есту мүшесінің тербелиелі қозғалыстардың жиілігін субъективті қабылдануы. Ауаның кезеңдік тербелісі жиі қайталанған сайын, біз дыбысты мейлінше жоғары қабылдаймыз. Дыбыстың биіктік сапасы 1 секунд ішіндегі дауыс бүрмелерінің тербеліс қозғалыстарының жиілігіне байланысты болады. Олар өздерінің өзгері процесі барысында қанша қабысу мен ашылуды жүзеге асырса және жиырылған бүрме астынан ауаның қанша көлемін жіберсе, пайда болған дыбыстың жиілігі, яғни тонның биіктігі де соншалықты болады. Негізгі тонның жиілігі Герцпен өлшенеді және кәдімгі сөйлеу тілінде ерлерде - 85 пен 200 Гц аралығында, ал әйелдерде – 160-тан 340 Гц-қа дейін өзгеріп отырады. Тонның биіктігі (оның өзгеруі) сөздің анықтылығын айқындайды және адамдардың сөздік қарым-қатынасы барысындағы мағыналық және эмоционалдық ақпараттарды берудің маңызды құралы болып табылады (26, 49 бет).
Дауыс дыбысының күші деп тербелмелі қозғалыстардың көтерілуінің субъективті құбылысын, оның амплитудасын айтады. Тербелмелі қозғалыстардың амплитудасы көп болған сайын, дауыс та соғұрлым күштірек естіледі. Дауыс дыбысының күші мен оның биіктігі дауыс жолына беріледі және бүрме асты қысымның артуымен өсе түседі (9, 26 бет).
Дауыс саңылаулары арқылы ауаның мейлінше көп бөлігі өтсе, соғұрлым олар алып келетін энергия да арта түседі және ауа бөліктерінің өзгеру амплитудасы да жоғарылайды, осыған сәйкес олардың құлақ дабырына жасайтын қысымы да күштірек болады. Тек бүрме асты аймақтардағы қысымның аз ғана бөлігі дыбысқа ауысады. Көмей бұлшықетттері өзге де дыбыс шығаратын мүшелердің бұлшықеттері секілді бүрме асты қысымның артуына септігін тигізеді, яғни көмекейде пайда болатын дыбыстардың энергиясын ауа өтетін мүшелер бұлшықеттерінің және көмей бұлшықеттерінің нәтижесі болып табылады.
Р. Юссонның көрсетуі бойынша, «тек 1/10 – 1/50 дыбыстық энергия көмейде түзіліп, ауыз қуысынан шығады екен, ал қалған бөліктері бастың, мойын мен кеуденің бұлшықет дірілін тудырады» (9, 27 бет). Яғни дауыс аппаратының пайдалы әсер ету коффиценті өте аз және дауыспен жұмыс жасаған кезде оны жоғарылатын механизмдерді негізге алу керек; бұлшықеттер энергиясының мейлінше аз жоғалуы кезінде осындай дауыс құрылымын өңдеу арқылы жақсы акустикалық эффектіге жетуге болады.
Дыбыстың ырғағы мен бояуы дауыс сапасының маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол күрделі дыбыстардың акустикалық құрамын көрсетеді және тербелістің жиілігі мен күшіне тәуелді болып келеді. Күрделі дыбыста оның естілу жоғарылығын және бөлшектік дыбыстарын немесе күрделі дыбыстардың сипаттамасын көрсететін естілу жалпы санының үніне негізделген негізгі үнді бөліп көрсетеді.
Дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысының (обертон) жиілігі дауыстың негізгі үнінің жиілігіне қарағанда негізінен 2,3,4 және одан да көбірек арта түседі. Дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысының пайда болуы себебі дауыс бүометері негізгі үн шығара отырып тек өз ұзындығы бойымен ғана өзгермейді, сонымен қатар бөлек бөліктерімен де өзгеріске түсетіндігімен тығыз байланысты. Бөл бөлек үндер ырғақты анықтайтын тербілістің жалпы формасын көрсетеді, сонымен қатар ырғақ жалғалмалы түтікшенің жағадйынан да өзгеруі мүмкін. Әрбір сөздік дыбыстың ырғағы кез келген дыбысқа тән физиологиялық орналасуына тәуелді болып табылады. Әрбір адамның дауыс бояуы жалпы дауыс аппаратының құрылуы мен қалыптасуына байланысты. Сол себептен, дыбыстағы жекеше бояу дауыс бүрмелерінің жеке бөліктерінің өзгеріске ұшырау нәтижесінде пайда болған дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысы беріп отырғаннан кейін жұмыс істейді. Әртүрлі дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысының күшеюі резонанс (жаңғырық) құбылысының салдарынан болады, яғни резонанс дауыс ырғағына маңызды әсер етеді деген мағынаны білдіреді (17, 62 бет).
Резонанс - сыртқы күштер тербелісінің жиілігі мен жүйенің өзіндік тербелісінің жиілігінің сәйкестігінен пайда болатын тербеліс амплитудасының қарқынды өсуі. Акустикада резонатор ұғымы ретінде сыртқы жолы бар берік қабырғаға бекітілген кез келген ауа көлемі түсіндіріледі (9, 30 бет).
Адамның дауыс аппаратында – трахея және бронхы, көмей, жұтқыншақ, ауыз, аңқа (жұтқыншақ пен мұрын қуысының қосылған жері), мұрын және мұрын айналасының қойнаулар қуысы сияқты резонанс құбылыстары дами алатын көптеген қуыстар мен түтіктер бар.
Л.Б. Дмитриев, Л.М. Телеляева осы қуыстардың бірі (мысалы, мұрын айналасындағы қойнаулар және мұрын аймығының формасы мен өлшемі бойынша өзгермейді, осыған сәйкес сол бір ғана дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысты күшейте береді, дауыста әркезде де болатын дыбысшаларды әрқашан өзгертеді, олар кез келген өзге бір ғана дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылыстар үшін арнайы бейімделе алмайды. Ал өзгелері өз формасы мен өлшемін тез өзгертеді (жұтқыншақ, ауыз қуысы) және арнайы тонның топтарын арттыра отырып, шығыс ырғағын өзгерту үшін қолданылуы мүмкін.
Е.В. Лаврова негізгі екі резонаторға назар аударады: бас және кеуде резонансы. Бас бөлігіне таңдай дөңесінен жоғарғы, бастың бет бөлігінде орналасқан қуыстар жатады. Бұл резонансты қолданғанда дауыс ашық әрі анық сипатқа ие болады, бастың беттік бөлімінде діріл пайда болады.
Кеуде резонансында кеуде клеткаларының (жасуша) дірілі анық байқалады. Бұл жерде резонаторлар ретінде трахея және үлкен бронхылар қызмет атқарады. Кеуде резонансы кезінде дауыс анық, ырғақ «жұмсақ» болады. Жақсы, толыққанды дауыс бас және кеуде резонаторлары көмегімен бір уақытта айтылады.
Дыбыстың бас және кеуде бөліктерде резонаторлық күйге түсу құбылысынан дауыс тіркелімдері бастық, кеуделік және аралас (микст) деген атауға ие болады.
Бас тіркелім өз құрамына жоғарғы дыбыстарды кіргізеді. Ол өз кезегінде дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылыстың жоқтығымен немесе аздығымен ерекшеленеді. Бас тіркелімнің өзіне тән кәдімгі үлгісі өте биік, шіңкілдеген дауыс болып табылады.
Кеуде тіркелімі дауыс үндестігіне жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысына бай. Оларға дауыстың төменгі тондары жатады.
Ал миксті тіркелімге дауыстың орта тондары жатса, аралас тіркелімге бас және кеуде резонанстары тән және осындай дауысты сөз сөйлеу барысында мейлінше тиімді әрі жағымды деп санауға болады.
Өзара байланысты резонастардың жүйесі (көмей, жұтқыншақ, ауыз қуысы) өзінің бойында дыбыс энергиясын жинау арқылы резонаттап ғана қоймай, сонымен қатар өзгере отырып жұмыс жасап тұрған дауыс бүрмелеріне анық бір жоғарыдан қарсылықты тудырады. Бұл қарсылық (тосқауыл) импенданс деп аталады. Л.Б. Дмитриев, Л.М. Телеляева, С.П. Таптапова, Е.В. Лаврова дауыыс аппаратының функциясы үшін жасалған оптималды жағдай бүрме асты ауа көлеміне бүрме асты аймақтардың анықталған қарсылығын тудыруға мүмкіндік жасайтындығын көрсеткен. Ал ол бүрме асты ауа тербелмелі дауыс бүрмелері арқылы өтеді, себебі бұл жағдайда дауыс бұлшықеттері дауысты үлкен күшпен шығара отырып үлкен энергия қорын жолғалтатын тербелісті қимыл-қозғалыстар жасайды. Сол себептен, дауыстың қойылуын жалғалмалы түтікше, дауыс бүрмелерінің бұлшықеттерінің жиырылуы және бүрме асты қысымдардың ұлғаюымен арада болатын дұрыс өзара байланысты табу процесі ретінде қарастыру керек.
Қорыта келгенде, дауыс түсінігі өзінің негізгі құрылымына мынадай ұғымдарды ендіреді: күш, биіктік, ырақ, резонанс. Көрсетілген құрылымдардың үйлестірілген және күрделі тербелісі дауыстың дыбысталуының көптеген түрлерін пайда болдырады және ауызша сөздердің интонация мен анықтылығының байытылған түрімен қамтамасыз етеді.
1.2. Дауыстың пайда болуының физиологиялық негіздері
Толықтай және сөздік қарым-қатынас үшін пайдаға жарамды дауыс қалыптастыру үшін дауыс аппаратының барлық бөліктерінің өзара байланыста жұмыс істеуі қажет. Сол себепті дауыспен жұмыс жұмыс жасағанда физиологиялық негізді бөліп алу маңызды болып табылады. Дауыс аппаратының құрылуы мен функциясын және дауыстың пайда болу механизмін әртүрлі ғылымдар саласындағы ғалымдар қарастырған. Олар: Н.И. Жинкин, Л.Р. Зиндер, А. Митринович-Моджеевска, Л.В. Нейман, О.В. Правдина, Ф.Ф. Рау, С.Л. Таптапова және тағы басқалар.
Ең алдымен, дауыс аппаратының қалыптасуына назар аударайық. Дауыс аппараты дауыстың пайда болуы процесінде үлкен үлесін қосатын мүшелер мен жүйелердің жиынтығы болып табылады.
Негізінен логопедия ғылымында дауыс аппаратының үш негізгі бөліктерін бөліп көрсетуге болады. Олар: дауыс желбезегінен тұратын көмей-дауыс генераторы; жалғалмалы резонаторлы бөлім-жұтқыншақ, мұрын және ауыз қуысы; тыныс алу (энергетикалық) аппарат-трахея, бронхы, өкпе жолдары, диафрагма. Алайда, кейбір авторлар (Л.Б. Дмитриев, Л.М: Телеляева) төртінші бөлімін де бөліп көрсеткен. Ол – артикуляциялық аппарат. Оның құрамына ауыз қуысы, тістер, ерін, қатты және жұмсақ таңдай кіреді.
Дауыс аппараты – барлық функциялары өзара байланысты және бас миының қыртысы арқылы реттелетін күрделі жүйе. Дауыс аппаратының негізгі бөлігі болып табылатын дауыс желбезектері көмейде орналасқан. Көмей жоғарғы жағында жұтқыншақпен шектелсе, ал төменгі жағынан трахеямен шектеледі және бірнеше шеміршектен тұратын конусты формаға ұқсаса түтікше тәрізді денені құрайды. Жұтқыншақ қабырғасы жүзік тәрізді, қалқанша, көмей және бас сүйектік шеміршектен тұрады. Олар өз арасында желбезектер және бұлшықеттермен байланыстырылған. Сыртқы бұлшықеттер көмейді дененің өзге де бөліктерімен байланыстырады, олар он көтеріп және түсіріп тұрады. Ішкі бұлшықеттер өзінің жиырылуы арқылы кез келген көмей шеміршегін қозғалысқа келтіреді. Көмейдің жоғарғы бөлігінде дауыс бүрмелерінің екі жұбы бар. Төмендегілері нағыз дауыс бүрмелері деген атауға ие, олар үшбұрышты формада болып келеді және бұлшықет ұлпаларынан тұрады. Олардан жоғарырақ алдамшы дауыс бүрмелері болады және оларда бұлшықет талшықтары баяу дамыған. Дауыс желбезектері арасындағы аймақ дауыс тесігі деп аталады. Бірқалыпты тыныс алған кезде көмейдің барлық бұлшықеттері босаңсып қалады, дауыс желбезектері барынша жайылған күйге енеді. Қатты және күшті қарқынмен тыныс алған кезде дауыс желбезектері ажырайды және ауа өту үшін үлкен саңылау пайда болады, дауыс тесіктері үшбұрышты форманы құрайды.
Фонация (сөйлеу мүшелерінің қызметі нәтижесінде тіл дыбыстарының айтылуы) кезінде дауыс желбезектері жақындай түседі және дауыс тесіктерінің көріну аймағы жоғалып кетеді, бірақ ол толық жабылып қалмауы керек, ал ондай жағдайда көмейдің ішкі бұлшықеттерінің жиырылуы байқалады.
Көмейдің иннервациясы симпатикалық жүйке мен жоғарғы және төменгі көмейлік нервтердің шатасқан жүйкесінің екі талшығы арқылы жүзеге асады. Жоғарғы көмейлік жүйке ішкі және сыртқы екі талшықтан тұрады. Ішкі талшық мейлінше мықты, ол сезімтал жүйке болып табылады. Сыртқы жүйке қозғалтқыш жүйке болып табылады. Төменгі көмейлік жүйке қозғалтқыш талшықтар арқылы көмейдің барлық ішкі бұлшықеттерін жабдықтайды.
Дауыс аппарытының функциялануы және функцияның сараптамасын қарастыру бөліміне көшейік.
Көмей 3 түрлі функцияны атқарады: тыныс алу, қорғаныс және дауыстық.
Тыныс алу функциясына өкпеге ауаны өткізу процесі жатады. Осы кезде дауыс желбезектері тесік жасай отырып жайыла түседі.
Қорғаныс функциясы бөтен денелердің төменде орналасқан тыныс алу мүшелеріне өтіп кетпейін қадағалап, оған жол бермеу қызметін атқарады.
Көмейдің дауыс функциясына, яғни пайда болудың тікелей механизміне қатысты мәселеге келер болсақ, бұл өте күрделі мәселе болып табылады. Сол себепті де осы уақытқа дайін бұл мәселе толығымен зерттелмеген.
XIX ғасырдың орта шегінен бастап зерттеудің физиологиялық және акустикалық әдістерінің дамуымен байланысты дауыстың пайда болуы механизмін ғылыми негіздеу мүмкін болды және көптеген ғалымдар осы мәселе төңірегінде сұрақтарға жауап беруге тырысты.
Бұл мәселені өз уақытысында зерттеп, фонацияның миоэластикалық теориясын ойлап тапқан және негізін қалаған Ферранды атауға болады (22, 21 бет). Осы теорияға сәйкес дауыыс бүрмелері баяу әрі пассивті өзгерістерге ұшырайды, бұл энергетикалық аппараттардың көмегімен жасалған ауа токтарының жиналған жағалауы арасынан өту нәтижесінде болады және олардың тербеліс жиілігі дауыс бүрмелерінің ұлпаларының мықты эластикалық құрылымына тәуелді болып табылады.
Осыған сәйкес, дауыстың пайда болуының негізгі факторлары мыналар болып табылады:
1) ауаның желбезек асты қысымы;
2) көмейдің ішкі бұлшықеттерінің күш-қуаты (массалардың әрекеті мен дауыс бұлшықеттерінің таралуы).
Дауыс пайда болу кезінде жиырылған дауыс бүрмелері, олардың бұлшықеттерінің қысылуы және бүрме асты қысымдар арасында мынадай тығыз өзара әрекеттестік орнайды: трахеядағы ауа қысымы күшті болған сайын, бүрмелер соғұрлым қарсылық көрсетеді. Тыныс алу бұлшықеттерінің күрделі жүйесі кез келген дыбысты шығаруға қажетті ауа қысымын қажетті деңгейде рефлекторлы түрде қолдап тұрады. Дауыс бүрмелері ауа қысымының ауқымдылығына толықтай тәуелді емес, олар өздерінің белсенді әрекеттері арқылы орталық жүйке жүйесі жағынан болатын тоқтаусыз қадағалау кезіндегі тыныс алу мүшелерінің бұлшықеттердің қуат-күшін реттеп отырады. Бүрме асты қысымның ауқымын өзгерту қажеттігі туындағаннан кейін, бас миының қыртысы көмейдің ішкі бұлшықеттерін және дауыс бүрмелері бұлшықеттерінің куат-күшін өзгерте отырып, дауыс бүрмелерінің тербеліс жиілігін жоғарлата немесе төмендете отырып «аяқ асты жылдам шешімдер қабылдайды». Бұл процесс дауыс анализаторының қатысуы көмегімен кері байланыс принципі арқылы күрделі рефлекторлық жолмен реттеліп отырады.
Дауыс пайда болуының миоэластикалық теориясы кең таралыста болғандығын ескерте кеткен жөн. Бұл теорияның идеясын көптеген зерттеушілер қолдаған және келісімге де келген. Қазіргі күнге дейін оның дәлелі ретіндегі айғақтарды Н.И. Жинкиннің, Л.Б. Дмитриевтің, С.Л. Таптапованың, Е.С. Алмазованың және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінен көруге болады........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 27 | 2.02.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі  шектеулі  балаға арнайы  білім  беру  жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке  дейінгі  және  мектеп  жасындағы  мүмкіндігі  шектеулі  балаға арнайы  білім  беру  жүйесі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі
Курстық жұмыс: Педагогика | Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие  жұмыстарының ерекшеліктері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Курстық жұмыс: Педагогика | Дамуында ауытқуы бар  балалар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Дамуында ауытқуы бар балалар
Курстық жұмыс: Педагогика | Дамуында ауытқуы бар  балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы педагогика
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Арнайы педагогика
Реферат:  Биология |  Балалардың физикалық дамуы
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Балалардың физикалық дамуы
Реферат:  Биология |  Нерв жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері
Қазақша Рефераттар жинағы
Реферат: Биология | Нерв жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайы, Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған балалардың дауысымен жұмыс дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін