Экономика | Қолма қол ақшаның есебі

 Экономика | Қолма қол ақшаның есебі

Мазмұны

Кіріспе

1. Вексельдер арқылы есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
4. Валюта шотындағы қолма-қол ақшалардың есебі
5. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының есебі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Ақша қаражаттарының есебі

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап жоне міндеттемелері бойынша төлемдерін, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Үлттық банкісінің нормативтік құжатгарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңцы түлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерівде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бүл банк пен клиентгер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңге мен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі жоне ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Есеп айырысу шоттары — шаруашылық есепте түрған, дербес балансы бар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің органдарына тіркеуден өткен заңды түлғаларға;
Аеымдагы шоттар — жергілікті бюджеттегі мекемелерге, бюджеттік мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндірістік және коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық үйымдар мен жеке түлғаларға;
Бюджеттік шоттар - Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетіндегі мекемелерге;
Корреспонденттік шоттар — банк Іпоттары, бүл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды түлғалар үшін, сондай-ақ завды түлғаның ақшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап агымдағы (есеп айырысу) шоттар
ашлуы мүмкін. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын :әне басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау шін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді; қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді демесе олардың индосаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін үсынуды; инкассалық жарлығын үсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады. Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма талап төлемдері; кеден мен салық қызметі оргавдарының инкассалық жабдықтары болып табылады,
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім шарт негізінде анықтайды.
Ақша қаражатын есепке алу міндеттері ақша қаражатының сақталуын және олардың мақсатына сай лимиттерге, сметаларға сәйкес пайдаланылуына бақылауды қамтамазыс етуі; ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақытылы қүжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау; талдамалдық есепке алуды уақытылы және дүрыс жүргізу; ақша қаражатына толық және нақтылы түгелдеу жүргізу; төлемдерді банк арқылы ақша аудару жольшен жасау болып табылады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңгай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде үсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге қүқылы. Кәсіпорындардьщ банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық емес /бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына және басқалары/ деп бөлуге болады.
Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары үсынылады: төлем тапсырмалары, чектер,.аккредитивтер, төлем-талап-тапсырмалары, көлікпен жөне темір жолмен есеп айырысу жөніндегі жиынтық талаптар.
Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеуші мен алушыньщ арасындағы шартпен /келісіммен, жекелеген уағдаластықтармен/ айқындалады.
Субъектілердің арасындағы келісім бойынша өзара талаптар мен міндеггемелерді есептеу жүргізілуі мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысу нысандарын қарастырайық.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмасы субъектінің қызмет көрсетуші банкке өз шотынан белгілі бір соманы аударуы туралы тапсырмасы болып табылады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерде тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша банктің шолып қарауы үшін /кейін қайтаратьш етіп/ шарттарды, салықтық шот-фактураларды жоне төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды тапсыруға міндетті. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады /жазылған күн есепке алынбайды/. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында өаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
Тараптардың уагдастығы бойынша төлем тапсырмалары жедел мерзімді, мерзімнен бүрын және мерзімі кейінге қалдырылған болуы мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нүсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни, тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни, тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмей жүргізілуі мүмкін.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты /зейнетақы, алимент, жалақы, іссапар шығыстары, авторлық қаламақы/ жекеленген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелері жоқ жергілікті жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жөніндегі шығыстарды субъектілерге қаражат аударуды байланыс кәсіпорындары арқылы жүзеге асыра алады.
Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп апырысу.
Төлем талап тапсырмасы төлем жасаушының қызмет көрсететін банкіне жіберілген есеп айырысу және тиеу қүжаттарының негізінде келісім-шарт бойынша жөнелтілген өнімнің, орындалған жүмыстың, көрсетілген қызметтің қүнын төлеу туралы жабдықтаушының сатып алушыға талабын білдіреді. Төлем талап тапсырмаларын төлем жасаушы бланкке жазып, жабдықтаушының банкіне тізімдемемен бірге төрт дана етіп береді. Жабдықтаушының банкі барлық ревизиттердің толық толтырылғанын тексеріп, талап-тапсырманы сатып алушының банкіне жібереді, екінші данасы жабдықтаушыға қайтарылады. Сатып алушының банкі талап-тапсырманы алған соң,' оны тіркейді, барлық даналарға алынған күнді қойып шығады /жоғарыда оң жақта/ және оны төлем жасаушыға келісімін алу үшін береді.
Төлем талап тапсырмасын толық немесе ішінара төлеуге келіскенде төлем жасаушы барлық даналарға шотқа билік жүргізуге уәкілеттілігі бар адамдардың қолын қойғызумен және мөр басумен рәсімдеп, оны қызмет көрсетуші банкке өткізеді, олардың:
біріншісі - төлем төлеушінің шотынан қаражатты есептен шығару үшін негіз болады және операция жүргізілгеннен кейін банк құжаттарына тігіледі;
екіншісі — жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі;
үшіншісі — тиеу қүжаттарымен бірге тауарларға, орындалғаи жүмыстар мен көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге және есепке қабылдануына болатындығын растайтын қолхат ретівде төлем жасаушыға қайтарылады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы үсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа джа құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем қүжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де үсынуы мүмкін. Бүл қүжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның элекртондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері /көрсеткіштері/ көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген /идентификацияланған/ коды /ЖТК немесе ИИК/
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды /БК немесе КБе/ және жіберушілердіц коды /ЖК немесе КОД/ - бұл кодтар екі символдан /белгіден/ тұрады:
біріншісі - резиденттік белгісін, ал екіншісі — экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген /идентифшсацияланган/ банктіқ коды /ЖТБК немесе ИИК/ - филиаларалық айналымдарының коды /ФАК немесе МФО/;
- төлем арналымыныц коды - ҚР ҮБ нормативтік-қүқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан /белгілерден/ түрады;
- бюджеттік классификациясынық /жіктемесініц/ коды —
салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валютелген куні — ақша қаражатын бенефициардың /алушының/ банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауга рүқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындагы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бүрын және мерзімі кейінге қалдырылган болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нүсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тилгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бүрын немесе мерзімі кейінге қалдырылган төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайъша зиян келтірілмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты /зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы/ жекелеген азаматтардың атына; х-салақы төлеуге арналған, банк мекемелерінед аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем қүжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем қүжатын үстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті үстайшының ақшалай міндетгемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатьтн кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі — депозиттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бүл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге /заңды және жеке түлға/ чегін төлеуді, ягаи чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкті белгілеген /демек чектерді беру мен пайдалану/ ережелерін сақтауға міндетті. Чек үстаушылардың қүқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем қүжаттарына қол қою қүқығына ие түлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету жоне өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезівде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек үстаушы төлеуге чек жазылган күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек үстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке үсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден /немесе чек үстаушыдан/ чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жащайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем қүжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса
/немесе түзетулар бар болса/;
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе /қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек/;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған қүжаттырдағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек үстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өнделуін тез арада тоқтатады. Бүндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу.
Көлік үйымдарының тапсырыс берушілермен /жүк жөнелтушілермен немесе жүк алушылармен/ жүк тасымалдағаны үшін, сондай-ақ көліктік-экспедициялық қызмет көрсетулері үшін орталықтандырылған есеп айырысулары жиынтық талаптар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Айыппүлдар жөніндегі сома жиынтық талапқа енгізілмеуге тиіс. Көлік қызметіне тапсырыс жасаушыларға қызмет көрсетуші банк мекемесі тиісті шоттан қаражаттың депонеттелгенін, көлік ұйымдарының қызметіне ақы төлеу тапсырыс берушінің тиісті шотынан бүл шотта уақытша қаражат болмаған кезде банктің кепідцігінен жүзеге асырылғандығын куәландыратын кепілдікті анықтама береді. Анықтаманың күшінде болу мерзімі тараптардың келісім-шартымен айқындалады.
Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу.
Өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген есеп айырысулар деп борышкерлер мен несие берушілердің бір-біріне қойылған талаптары мен міндеттемелері тең сомада өтелетін және осы талаптар мен міндеттемелердің арасывдағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп айырысулар жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп айырысуларды банктер субъектілердің өтініші бойынша нақты тиеленген немесе босатылған тауарлы-материалдық құндылықтар және негізгі қызметі бойынша көрсетілген қызметтер үшін жүргізеді.

1. Вексельдер арқылы есеп айырысу

Вексель - біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем қүжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло вексель) - талап етуі бойынша немесе белгіленген мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель үстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауга жатпайтьш міңдеттемесінен түрады.
Аударма вексель (тратта) - вексель берушінің үшінші түлғаға бірінші вексель үстаушыға немесе оның бүйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не үсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Айдарма вексель өз табиғаты бойыша "бүйрыққа" үқсас болып келеді.
Вексель қүжат мәтініне енгізілген, күжат қай тілде толтырылса,сол тілде "вексель" деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бүйрықты; төлуге тиіс түлғаның атауы - тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; кімге немесе кімнің бүйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол түлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді жөне овда вексельді берген түлғаның қолы қойылады,
Аударма вексель вексель берушінің бүйрығы бойынша ақы төлеуге жататын вексель ретінде берілуі мүмкін. Ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші түлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші түлға түрған жерде немесе төлем жасаушының түратын жерінде немесе қандай да бір басқа орында төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме көрсетілуі тиіс, мүндай нүсқау болмаған жағдайда шартқа қол қойылмаған деп саналады. Пайыздың есептелгенкүні күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастш есептелінеді.
Егер вексель беруші аударма вексельде "бүйрыққа емес" немесе осыған үқсас мағынада сөз жазылса жоне ол қүжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына жасалуы мүмкін.
Индоссамент 'қарапайым, алдын ала ешбір келісім шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жащайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған болып есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады. Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа (аллонажға) қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық қүқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесебасқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцент пен төлемге жауап береді. Ол кейінгі ивдоссаментке тыйымсала алады; бұл жагдайда вексель кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың алдында жауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік болғанымен, заңды аударма вексель үстаушы түлға ретінде қарастырылады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол "авалъ деп есептелсін" деген сөздермен немесе осындай мағанасы бар белгілі мөтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды. Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!