Экономика | Қазақстан Республикасындағы лизинг дамуы

 Экономика | Қазақстан Республикасындағы лизинг дамуы

Мазмұны

КІРІСПЕ

1-ТАРАУ. ЛИЗИНГ ТӨЛЕМДЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Лизинг төлемдер түсінігі
1.2. Лизинг төлемдерінің түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары
және ерекшеліктері

2-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ТӨЛЕМДЕРІ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЛИЗИНГ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1. Лизинг төлемінің қолданылуы, лизинг төлемдерін өзгерту және бұзу 2.2. Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар дамуының қазіргі жағдайы

3-ТАРАУ. ҚАЗАҚСАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 ТАРАУ. ЛИЗИНГ ТӨЛЕМДЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1. Лизинг төлемдер түсінігі және оның түрлері

Инновациялық процестердегі лизингтің рөлін терең анықтау үшін лизингтің экономикалық мәнін және оның қаржы ресурстарының жетіспеушілігі жағдайында негізгі қорларды қайта құру процесіне ықпалын анықтау керек.
«Лизинг» термині ағылшынның «lease» етістігінен шықты және «жал» деп аударылады, лизинг келісімінің негізінде тараптардың мүлікті уақытша пайдалануға қатысты қатынастары жатқанûмен, келісімнің сипаттамасы осымен шектелмейді. Неміс тілінде «leasіngvertrage» термині «тұрғын үйді бұзу және жөндеу үшін жауапкершілік жалға алушыда болатын жалдау келісімінің түрін» білдіреді.
Тек француз тілі «credіt-baіl» түсінігінің мазмұнын кішкене ашуға мүмкіндік береді: «жалгер-кәсіпорын үшін арнайы алынған құрал-жабдықтарды жалдау».
Қазақстан Республикасының Қаржы лизингі туралы Заңына сәйкес «лизинг»- лизинг беруші сатушыдан өз меншігіне сатып алған және лизинг шартымен келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір төлемақысына және белгілі бір талпптармен уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық қызметтің бір түрі. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың біріне немесе бірнешеуіне сай келуі тиіс:
1) лизинг нысанасын алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға тіркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
2) лизинг мерзімі лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзімінің 75 процентінен асады;
3) лизинг төлемдерінің лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі ағымдық (диконттық) лизингтің ьерілген нысанасы құнының 90 процентінен асады.1
Бірінші лизингтік компания 1952 жылы Америка Құрама Штатында құрылды. Осы қысқа мерзімде, яғни 1959 жылы лизинг операциясының көлемі 300 миллион долларды құрады. Германияда лизингтік компания 1962 жылы, ал, Жапонияда - 1963 жылы құрылды. Италияда лизингтік бірінші қызмет 1966 жылы енгізілді. Осы кезеңдерден бастап лизингтік бизнестің ауқымы барынша кеңейді. Қазір бұл инвестициялық қаржыландыру механизмінің дамыған нарық экономикасындағы банк бизнесінің жүздеген миллиард қаржысын құрайтын табыс көзіне айналды. 1980 жылдың соңында АҚШ-та лизингтік жабдықтау мен машинаны инвестициялау көлемінің 28-30 пайызын құрады. 1995 жылдың мәліметі бойынша Батыс Еуропа елдерінде лизингтік жабдықтау, оны жеткізу көлемі 12-16, Ұлыбританияда - 31, Австрияда - 32 пайызға жетті.
Лизинг – бұл лизинг берушінің құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруді қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Сондай-ақ, лизингтің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл, оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизингтің екі негізгі түрін белгілейді: қаржылық және оперативті , басқа авторлар үш түрін белгілейді: оперативтік, қаржылық және қайталама, кейбіреулері – төрт және одан да астам: қаржылық, оперативтік, жылжымайтын мүліктің және жабдықтардың лизингі және т.б.
Е.Н.Чекмарева, Л.Прилуцкий, В.Голощапов, В.М.Джуха өз схемаларында төменде көрсетілген сегіз нышандарға сүйене отырып, лизингтің түрлеріне жіктеме береді: мәмілелер қатысушыларының құрамы, лизингке берілетін мүліктің типі, оның өтелімділігінің дәрежесі, амортизация жағдайлары, қызмет көрсету көлемі, операция жүргізілетін нарықтың секторы, салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы, лизингтік төлемдердің сипаты.
А.С.Смагулов лизинг типтері жіктемесінің сызықты және сатылы принципінің жақтаушыларын белгілейді1. Олар үшін лизингтің екі түрі бар – қаржылық және оперативтік, ал қалғандары осы нысандардан туынды болып табылады, оларға В.В.Бочаров, Р.Г.Ольхова, И.Т.Балабанов, Л.Павлова, В.Я. Горфинкель жатады. Сонымен қатар, екі жіктемеде бірқатар кемшіліктер бар: сызықты принциптердің ізбасарлары үшін осы ұғымның бір жақтылығы, оларға Е.Чекмарева жатады. Лизингтің қаржылық және оперативтік болып бөлінуі жоқ, ол лизинг жүргізу механизміндегі негіз салушы болып табылады, сондай-ақ сатылы жіктеудің ізбасарлары үшін кемшіліктер жоқ – лизингтің жеке түрлеріндегі түсінік беру аяқталмаған.
А.С.Смагулов жалпыға танылған жіктемені келесі сегіз нышандармен толықтыруды ұсынады: мәміленің мерзімімен /кезеңімен/, қосымша және қарыз қаржылармен, мәміленің масштабымен, мәміленің сомасымен, лизингтік мәміледегі опционның болуымен, негізгі мерзім ішінде шартты бұзу шарттары, мүлікті бухгалтерлік есептеу тәсілімен. А.С.Смагулов ұсынып отырған лизингтің әзірленген жіктемесінде лизингтің ұйымдастыру нышандары бойынша дифференциация мәселелері жеткілікті терең баяндалған. Лизинг түрлерінің кең спектріне келесі факторлар әсер етті:
- шетел терминологиясының сөзбе-сөз аудармасы мен ұғынуының айырмашылығы;
- құқықтық мәртебенің айрымашылығы және түрлі елдердегі заң базасының дамуы;
- түрлі елдердегі лизинг бизнесінің мемлекет тарапынан қолдау дәрежесінің айырмашылығы;
- түрлі елдердегі лизинг түрлілігі үшін салықтық және амортизациялық қалқанның айырмашылығы;
- лизингтік мәміленің барлық қатысушыларына арналған несиемен салыстырғанда лизинг тартымдылығындағы айырмашылық;
- нақты лизингтік операцияның ұлттық спецификасы.
Лизингтің барлық түрлерінің нақтыланған жіктемесі терминдердің әр түрлілігі және лизингтік мәміле жасау шарттары үшін қиын болып табылады. Бұндай жағдайда олардың негізін салушы нышандарын қарау және лизингтің мәнін түсіну үшін жіктемелі сипаттамасын бөлу маңызды.
Лизингтің анықтамасы және мазмұны бойынша зерттеулердің қорытындыларын зерттеп, келесі 16 сипаттамалар бойынша лизинг түрлерінің жіктемесін нақтылау керек. Осы сипаттамаларда лизингтің жеке түрлері нақтыланған және А қосымшасында көрсетілген лизинг түрлерінің сипаттамаларында жүйелілік пен көлемділікті біріктіру талпынысы жасалған. Осыған байланысты, зерттеуде отандық және шетелдік авторлардың көзқарастарын критикалық шолу негізінде сипаттамалар бойынша лизинг түрлерінің шектелу критериялары нақтыланған және толықтырылған:
-Ұйым нысаны мен қатысушылар құрамы;
- Мәміленің объектісі;
- Өтелімділік дәрежесі мен амортизация шарттары;
- Қызмет көрсету көлемі мен дәрежесі;
- Қаржыландыру түрлері;
- Нарықты қамтамасыз ету;
- Мақсаттық белгілеу;
- Шарттың сипаты.
Төлемдердің сипаты, олар мыналарға бөлінеді:
- төлем нысаны бойынша;
- лизингтік төлемдерді төлеу тәсілдері бойынша;
- төлемдер мерзілімділігі бойынша;
- төлем түрлері бойынша;
Мүлікті сатып алуға қа.тынас;
Мәміленің ұзақтылығы;
Жеке меншік нысаны мен саласы;
Лизингтік келісім-шарттың сомасынан тәуелдену;
Лизинг беруші үшін тәуекел дәрежесінен тәуелді.
Ұлттық нарықтың дәлдігіне және даму спецификасынан тәуелді.
Түрлі елдердегі бухгалтерлік есеп жүргізудің қолданылынатын стандарттары.
Лизинг нысанының алуан түрлілігіне байланысты отандық және шетел авторлар негізгі түрі ретінде қаржылық және оперативтік лизингті таниды, оларға лизингтің қалған түрлері бөлінеді.
Лизингтің барлық түрлерінің ішінен қаржылық лизингті сипаттайтын негізгі нышандар белгіленеді:
- қатынастың жаңа субъектісінің пайда болуы – мүлікті өндіру-сатушысы;
- лизинг берушінің лизингке арнайы өткізуге сатып алынған мүлік, сонымен қатар мүлік пен сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыға жатады.
- Мүліктің сапасы, оның жинағы бойынша наразылық, кепілді мерзім ішінде кемшіліктерді жою бойынша талапты мүліктің сатушысына тікелей ұсыну, яғни лизинг жабдығының өндірушісіне, ал лизинг беруші бұндай жағдайда ешқандай жауаптылық көтермейді.
- Лизинг мүлікті қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін мүліктің кездейсоқ бұзылуының барлық тәуекелі лизинг алушыға көшеді.
Соңғы екі тармақ қаржылық лизингтің оперативтік лизингтен айырмашылығын көрсетеді. Оперативтік лизингке ғана тән нышандарды қарастырайық /1 кесте/.
Осы ерекшеліктермен қатар, оперативтік лизингтің келесі сипаттамалары белгіленеді:
- лизингтік шарт нормативтік шарттан аз мерзімге жасалады, сондықтан да лизинг беруші өзінің барлық шығындарын бір лизинг алушының түскен лизингтік төлемдер есебінен өтеуді ескермейді;
- лизингке лизинг алушының өтінімі бойынша арнайы сатып алынған емес, лизинг берушінің қолындағысы өткізіледі;
- лизингтік мәміле екіжақты сипатталады /лизинг беруші-лизинг алушы;
- мүлік лизинге көп есе өткізіледі;
- лизингтің шарты аяқталғаннан кейін мүлік лизинг берушіге жаңа шарт қол қою және лизинг алушы сатып алу мүмкіндікпен қайтарылады.
1 кесте
Оперативтік лизингктің ерекшеліктері
Қатынастардың мазмұны Сипаттамасы
Меншіктік құқық Мүлік лизинг берушінің меншігі болып табылады
Лизинг алушының құқығы Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және лизинг берушіге мүлікті қайтару
Мүлікті қайтару кездегі қатынас Лизинг алушы белгіленген күнге шартта көрсетілген мүлік құнының айырмашылығын өтейді /мүліктің болжамдалған қалдық және жою бағасы арасындағы айырмашылық.
Лизингтік төлемдер-дің жүктемесі Жоғары, өйткені лизинг беруші жүргізетін сервистік қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жатады.
Лизингтік мәмілердін мерзімі Мүлік тозу кезеңінен елеулі қысқа/бір реттік, маусымдық.
Қасиеттері Қаржы болмаған жағдайда лизинг алушы мерзімін ұзартып мүлікті пайдаланады
Лизинг берушінің тәуекелі Мүлікті бұзған жағдайда оның құнын өтеу
Лизинг алушының кепілі Мүліктің белгіленген қалған құнын шарттың мерзімі аяқталуына дейін қамтамасыз ету.

Оперативтік лизинг жүргізу кезінде лизинг алушыға келесі факторлар тартымды болып табылады:
- кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын көбейтумен өндірістің рентабель-ділігін көтеруге мүмкіндік беретін технологиялық жаңалықтары бар жаңа мүлік алу мүмкіндігі;
- мүлікті иелену құқықсыз тозудың жоғары қарқынымен мүліктің ұзақ емес уақытқа пайдалану;
- мүліктің моральды тозуы бойынша минималды тәуекелдер;
- салықтық міндеттемелердің төмендеуі;
- жабдықты ұстау бойынша шығындардың болмауы;
- лизингтік жабдықтардың арнайы техникалық қызмет көрсетуін алу мүмкіндігі;
- лизингтік мүліктің алғашқы құнын жабусыз оның пайдалануынан табыс шығару мүмкіндігі;
- жабдықты қысқа мерзімде пайдалану кезінде нарықтың өзгеріп отырған конъюнктурасына оралымды қатынас.
Оперативтік лизингтің аталған ерекшеліктері ауыл шаруашылық, транспорт, тау-кен өнеркәсіп, құрылыс сияқты салаларда оның таралуын белгілейді.
Л.Прилуцкий айтқандай «оперативтік лизинг» бізге белгілі жалдаудың ерекше түрі1.
Қаржылық және оперативтік лизингті салыстыру кезінде лизинг алушы үшін лизинге сұраныс болмаған жағдайда лизинг объектісінің қалған құнын өтеу бойынша тәуекел өсе бастайды. «Сондықтан да, біздің ел тұрған лизинг бизнесі дамуының бастапқы кезеңінде лизинг берушілерінің мүдделеріне мүлікті толық амортизация кезеңіне жақын мерзімге беру нысаны жауап берер еді, яғни қаржылық лизинг. Бірақ та, бұл жерде егер де кепіл беру және қамтамасыз етудің әрекетті және сенімді механизмдері араласпаса несие берудің қысқа мерзімді құралы ретінде оперативтік лизингке мүддемелілік білдірген лизингтік компания мен несие беру мекемелер мүдделерінің қайшылығы байқалады. Бірақ та, қазақстан экономикасының жағдайларында оперативтік лизингті жүзеге асыру механизмдері әлі әзірленбеген, оны жүзеге асыру үшін заң және құқықтық негіздер жоқ.
Қаржылық және оперативтік лизингтердің салыстыру қорытындылары бойынша олардың айырмашылықтары айқындалды /2 кесте/.
2 кесте
Қаржылық және оперативтік лизингтің ұйымдастыру айырмашылықтары
Қаржылық лизинг Оперативтік лизинг
1 2 3 4
Артықшылықтары Кемшіліктері Артықшылықтары Кемшіліктері
Амортизациялық шығындар және мүлікке салық салу клиентке жүктеледі Өте қауіпті операция /тәуекел мүлік жоғалу салдарынан пайда болуы мүмкін/ Мүлікке құқық лизингтік компа-нияда қалады. Мүлік ұстау үшін қосымша шығын-дарды талап етеді /қосымша шығын-дар/
Тәуекел бойынша, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету бойынша жауаптылық-ты клиент көтереді Клиенттердің қаржылық жағдайын белгілеу бойынша жұмысты талап етеді. Мүлік бақылау мүмкіндігі
Лизингтік төлемдер өнімнің өзіндік құнына жатады Бірінші үлкен жарна Бірінші үлкен арна жоқ Өзіндік құнға лизингтік төлем-дер жатпайды.
Табыс салық бойынша жеңілдіктер Персоналмен және қызмет көрсетумен лизинг ұсыну мүм-кінділігі Табыс салығы бойынша жеңіл-діктердің болмауы

Қаржыландырудың барлық нысандарының құрылуының теориялық негiздерiн қарастыру лизингтiң негiзгi капиталды құрудың басқа нысандарынан негiзгi айырмашылықтарын және байланысын анықтауға мүмкiндiк бердi. Олар 3-кестеде бейнеленген.
Бұдан басқа, лизинг кәсiпкерлерге лизингтiк құрал-жабдықты алуға қажеттi қаражаттың 1/3 бөлiгiмен қосымша жұмыс орындарын құрумен өз iсiн бастауға мүмкiндiк бередi. Лизингтiк келiсiмге қатысушылардың әрекет ету бостандығын шектемейдi. Лизинг объектiсi негiзгi қорлардың құрамдас бөлiгi бола тұра, кәсiпкерлiк iстiң тиiмдiлiгiн, өндiрiстiң құрылымдық қайта құрулардың сипатын және ауқымын, материалды-техникалық базаны жаңартудың әдiстерiн анықтайды
Сонымен, лизинг түрлерін және оның жіктемелерін зерттеу қазақстан экономикасының ерекшеліктеріне бейнеленген лизингтік қаржыландырудың
қолданылынатын нысандарын айқындады. Лизингтік іс-әрекетте кез келген экономикалық процессте сияқты түрлі шаруашылық құрылымдарда оның практикалық іске асырылуының нақты ұйымдастыру нысандары мен мәні белгіленеді.

1.2. Лизинг төлемдерінің түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары және ерекшеліктері

Қаржы лизингі туралы Заңда лизингті төмендегідей түрлерге жіктейді1:
1) нысандары бойынша: а) Ішкі лизинг; б) халықаралық лизинг;
2) түрлері бойынша: а) қайтару лизингі; ә) қайталама лизинг; б) банк лизингі; в) толық лизинг г) сублизинг д) таза лизинг.
Инновациялық процесстердің қаржы салу жүйесінде лизингтік механизм қаралуына байланысты мәселелерді нақтылау үшін лизинг нысандары мен түрлілігін тереңірек зерттеу қажет. Лизингті жүзеге асыру механизмінің процесінде пайда болған қатынастардың көпқырлылығы оның жеке түрлеріне жіктеудің нақтылауын және олардың әрқайсысының инновациялық ерекше-ліктерінің сипаттамасын талап етеді. Осындай саралау күрделі болып табы-лады және қазақстан экономикасының жағдайларында лизингті практикада қолдану үшін өзінің жоғары маңыздылығына қарай оның түрлерінің және түрлершілерінің әрқайсысы бойынша тегжейлі және толық бейнеленуі тиіс.
«Лизингтің мағынасын кеңінен түсіндірудің мәні алынған мүліктерді ұзақ мерзім (бір жылдан 15-20 жыл) пайдаланған соң оны қайта өткізуден туындайтын кешенді мүліктік қатынасқа байланысты.
Қашан мүлікті иелену құқығынан пайдалану құқығы алшақтап, кәсіп-орынды пайда табу үшін ұзақ мерзімді капитал салушылардың қаржыландыру қызметі бейімділігінің ерекшелігі өзгерген шақта экономикадағы лизинг мәні өзінен-өзі әртүрлі көріністегі тауарлық үлгіге ауысады. Лизинг үш жақты келісім шеңберінде жүзеге асады: лизингтік фирма (лизинг беруші), дайындаушыдан мүлікті тұтынушының қалауымен сатып алуы, ол соңғысының қарамағына беріледі.
Екі жақты қатысушылар лизингтік келісім-шарт жасайды, оған мыналар кіреді: қаржы мен мерзімінің келісімдік қызметке реттелуі, жалға төленетін ақының мөлшері, пайыздық өсім қойылымы, төлемнің мерзімдік уақытысы, жалға беру мерзімінің аяқталуына байланысты мүліктің қалдық құны, жабдықты дайындаушыдан лизингі алушылардың мүлік қабылдау хаттамасы, мүлікті сақтандырудың шарттары, жалға берудің мерзімі аяқталуына байланысты мүлікке ие болудың тәсілдері /1-схема/. Келісім күшіне енгенге дейін мүлікке заңды иелік жасау құқығы лизинг берушіге тиесілі, ал пайдалану құқығына лизингті алушы ие.
Лизингтік механизмді пайдаланған кезде лизинг алушы кәсіпорындар оған өзінің қаражатын кетірмей немесе қарыз тартпай қымбаттық құрал-жабдықтарды толық инвестициялау мүмкіндігіне ие болады, оның үстіне лизингке алған мүлік кепіл бола алады, яғни лизинг алушы тарапынан қосымша кепіл қажет етпейді және жалпы шығындарын төмендетеді.
Лизинг жүйесіндегі ең бастысы - лизинг алушының лизингтік төлемдерді жүзеге асыруға қажетті қаражатты өзінің шаруашылық қызметі үрдісінде таба алу қабілеттілігі, себебі лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі бойынша лизинг .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?