Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы казакша Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы на казахском языке
Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................5
І Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде
1.1.Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары.........................................................................................................6-7
1.2.Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің
міндеттері.......................................................................................................8-16
ІІ Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан -2030 стратегиясы
2.1.Аграрлық секторды интенсивтендіру Қазақстан-2030 стратегиясының басты мақсаттары мен көздеген нысаналары...........................................17-20
2.2.Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірісі жұмыс істеуінің табиғи экономикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері....................................21-22
Қорытынды................................................................................................23-24
Пайдаланған әдебиеттер...............................................................................25
Қосымшалар....................................................................................................26


І Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп экономиканы дамытудың басты бағыты ретінде
1.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі
бағыттары
Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынстардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқталып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті:
«... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі жне батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді даытудың артықшылықтары туалы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агро өнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық бағдарламасын» жасады.
Оны жасау барысы кезінде мынадай көптеген объективтік факторлар еске алынды:
- егемен мемлекетті құру
- материалдық өндіріс сферасындағы нарықтық қатынас заңдары
- адам тамақтанудың ғылыми негізделген нормалары
- жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің шикізатқа деген қажеттілігі
- табиғи аймақтардың потенциалдық биоклиматтық мүмкіндіктері
- аграрлық ғылым мен техника жетістіктері
- ауыл шаруашылық өнім өндірісінің тиімділігі.
Бағдарламада жергілікті жағдайда азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізат өндірудің тиімділігі, сондай-ақ негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін сыртқа шығару және сырттан алу мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан объективті және қатаң түрде талданды.
Тұжырымдық Бағдарлама тиісті министрліктер мен ведомстволар, облыстық әкімдер мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің мәжілісінде сындарлы жағдайда қаралып, Үкіметтің арнаулы қаулысымен мақұлданды. Сөйтіп, мемлекеттің жаңа аграрлық саясатының негізі қаланды.
Бұл Бағдарламаның орындалуы Респубика агроөнеркәсіптік өндірісінің дағдарысқа түскен қолайсыз жағдайында жүріп жатыр. Оның басты себептері төмендегідей:
- материалдық – техникалық ресурстар, шикізат және азық-түліктің республика ішінде, әсіресе ТМД елдерінде қозғалу арнасының бұзылуы
- меншік, баға және несие саясатына қатысты реформаның жүйелі іске асырылмауы
- шаруа еңбегінің мүддесін қоғамдық өндірістен жеке өндіріске қайта бағдарлау; іскерлік үлгідегі жаңа тауар өндірушілер қалыптасу кезеңін бастан өткізуде, ал өндірістік құрылым мен меншіктік қатынастар түбірімен реформаланбаған рынок жағдайында кеңшарлар мен ұжымшарлар бейімсіздік танытуда
- нарықтық қатынастарды игеруді тежейтін басқарудың әкімшіл - әміршіл жүйесінің қалып қойған құрылымындарындағы консерватизм. Ішкі көздердің есебінен өндірісі құралдарын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнімін өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған: меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпукладты экономиканы қалыптастыру және агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу
1) агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық – несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист-кәсіпорындар өнімінің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру
2) тауар қорларын қалыптастырып реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы, баға конъюктурасы мен өнімді тиімді пайдалану деңгейін арттыратын агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі заманғы инфрақұрылымын құру
3) агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру: республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе талаптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымының әлемдік рынок конъюктурасына сәйкескендірілуі; ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану; қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру; экономиканың көпукладтылығы және жеке-меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту; агроөнеркәсіптік кешен араласатын экожүйелердің барлық элементтерінің экологиялық қауіпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника – технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.


1.2.Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен
кеңейтудің міндеттері.
Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуының басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды тереңдету және кеңейту қажеттілігі туып отыр. Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайтын қызметтің кез-келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандығы қарам-қатынастарына негізделеді. Дей тұрғанмен, агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін проблемалар ерекше болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргігу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа-райы жағдайларына тәуелді болуы мен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің төмен рентабельдігін, ірі бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.
Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадын тыс араласуы жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да мемлекеттік реттеу ең қажетті шаруалармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:
- нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң және нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау
- баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру
- агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру
- халықаралық экономикалық және ғылыми –техникалық ытымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру
- ауыл шаруашылық және жер ресірстарын бөлу, жер реформасын жүзеге асыру, жер кадастарын енгізу
- шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін құру жолымен агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу; Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысты тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қасмтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу.
- ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндріске енгізу
- ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету
- азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру
- табиғи ресурстарды пайдалуға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық-түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру
- жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқару
- агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құқықтық тұрғыдан қорғау.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда Республика агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттен алу және жекешелендіру, ондағы меншікті тікелей тауар өндірушілерге, яғни шаруаларға беру проблемасы ерекше маңызды болып табылады. Экономистер мен заңгерлер, философтар мен социологтар оның мазмұнын анықтауда үнемі пікірталас жүргізіп келеді. Бұл жөнінде де тұтас ілім мен жүйелер қалыптасты. Бірақ, барлық уақытта да және әр түрлі елдерде де меншіікті ғылыми түсінуден басқа оны жай қарапайым тұрмыстық көзқараста қабылдау да қалыптасқан. Бұл проблема төңірегіндегі негізгі тұжырымдарға шолу жасау ғылыми ойды дамыту жай түсініктен бастап ең күрделі философиялық – құқықтық және әлеуметтік – экономикалық көзқарас пен ілімге дейін барғанын дәлелдейді.
Ежелгі Римнің өзінде зағгерлер меншікті затты пайдалану және шамадан тыс пайдалану құқығы ретінде анықтаған. Олар жеке меншіктің шексіз билік, адамның меншік объектісі – затты өз қалауы бойынша иеленуінің құқығы ретінде классикалық үлгісін қалыптастырған. Құл да тірі зат ретінде құл иеленушінің шексіз билік жүргізетін объектісі болып қарастырылған Алайда, нақты өмірде меншік объектісіне шексі билік жүргізу үнемі шектеуге кезігіп отырған.
Мысалы, затты шектен тыс пайдалану сол заттың, яғни меншік объектісінің жоғалуына әкеліп соққан. Құлды, жұмысқа жегілетін малды дұрыс күтпеу олардың өлуіне себепші болған. Құлдар тек қана өздерінің билеушілерін жек көріп қана қаойған жоқ, сонымен бірге еңбек құралдары мен заттарын да ұнатпай, оларды істен шығарды және көзін жоюға тырысты. Міне, осылай затты шектен тыс пайдалану немесе дұрас пайдаланбау меншікктің жоғалуына алып келді. Әсіресе, жерді дұрыс пайдаланбаудың ақыры жақсылыққа әкеліп соқпады, жер мұндай жағдайда өзінің құнарлылығын жоғалтып, көпке дейін, тіпті өмір-бақи байлық көзі болудан қалды. Өмір өзі тұрақты көрсетіп отырғандай, біреулердің затты иеленуге ұмтылуы басқа адамдардың да осындай ұмтылысына кезігіп отырған. Сондықтан да жеке меншікке құқықты жүзеге асыру осы басқа адамдардың келісімімен байланысты болған. Міне, осылай меншік жеке бір адамның затқа деген ай қатынасы емес, мүлікті иелену, пайдалану және билеу мәселелеріне байланысты қоғамдық қатынас ретінде әрқашанда көрінуі тиіс.
Меншік ұғымы адамды немесе адамдар қауымын меншік иесі ретінде бекітетін бастапқы негізбен анықталады және онымсен әрқашан байланыста болады. Орта ғасырларда мұндай негіз соғыс, зорлап тартып алу, тіпті ұрлап алу болып табылды. Алайда, азаматтық қауымдастықтың қалыптасуымен және дамуымсен адамдар бұл проблемаларды шешудің ақылға қонымды жолдарын тезірек іздестіруді ойластырды. ХҮІІ ғасырда ағылшындық ғалым Д. Локк бір адамның өмір сүруінде, оның табиғи теңдігінде, өз өмірін сүруін сақтауының табиғи заңын бірдей пайдалануда меншіктің табиғи құқықтық негізі бар деген идеяны дамытты. Бұдан көріп отырғанымыздай, Д. Локк адамды жеке меншік субъектісі ретінде қарастыратын негізге байланысты ойларын ашық айтып отыр.
А. Смит пен Д. Рикардо табиғи, бостандықтағы жеке меншік туралы Локктің идеясын қолдай отырып, осындай меншікке экономикалық негіздеу берді. Жеке меншіктің мәңгілігін және қоғамдық меншіктің ақылға сыйымсыз екенін дәлелдеген Гегель өзінің «Құқ философиясы» еңбегінде дәлелдеді. Оның ілімі бойынша менік өзінің мәні жағынан тек қана бостандықтағы, толық жеке меншік болып табылады.
Осы бір өткенге аз ғана көз жүгірту қоғамдық, оның ішінде әміршіл-әкімшіл экономика билік құрған кезеңдегі мемлекеттік меншікті дәріптеу теориясы қате көзқарас екенін дәлелдейді.
Сондықтан да қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында өндірушіге өз еңбегімен жасаған өндіріс қорын қайтару керек пе, әлде қайтармау керек пе деген әңгіме төңірегіндегі пікірталасты жүргізудің ешқандай қисыны жоқ екендігі дәлелдеуді керек етпейді. Бұл – нарыққа апаратын, дағдарысты жойып, экономиканы көтеретін ең қысқа жол. Оның үстіне өндіруші бұған дейін болған құбылысқа қарама – қарсы жағдайды иеленіп, құрал – жабдықтарды меншігіне айналдыра отырып, мемлекетті экономикаға қызмет етуге мәжбүр етеді.
Сондықтан да мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жоғарыда көрсетілген себептері агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық жаңғырудың ең басты негізі болып табылады. Тұжырымдық бағдарлама мемлекеттен алу және жекешелендірудің теориялық және әдістемелік бағыттарын анықтай келе агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі салаларының, кәсіпорындары мен ұйымдарының ерекшеліктерін еске ала отырып, мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін мемлекеттен алу және жекешелендіру жөніндегі Президенттің тиісті жарлықтары мен Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына сүйенеді. Нақты жекешелендіру төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
- кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындарды шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға, олардың ассоциацияларына және басқа шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес тәсілдеріне көшіру
- акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін құру
- меншіктің тұлғаландырылған тәсіліндегі ұжымдық кәсіпорындарға көшіру
- мемлекеттік мүлікті конкурс бойынша немесе аукционда сату.
Тұрақты өзін-өзі ақтамайтын кәсіпорындарды жекешелендіру осы шаруашылықтың еңбек ұжымы құратын шаруашылық серіктестік-теріне немесе акционерлік қоғамдарға олардың мүлкін тегін бері немесе ұжым бұл мүлікті алудан бас тартқан жағдайда аукцион немесе конкур арқылы сату жолымен жүргізіледі. Біртұтас және технологиялық ажырамас өндірісі бар құс фабрикалары, мал шаруашылығы кешендері, жылыжай комбинаттары және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары басым жағдайда акционерлік қоғамдарға және корпорацияларға айналдырады.
Нан өнімдері, ет, сүт, тамақ, жеміс- көкініс қалбырлау өнеркәсібі жүйесіндегі және материалдық – техникалық жабдықтау, жөнедеу, машина жасау, агресивтік қызмет көрсету, траспорт және ауыл шаруашылық өнімдерін тарату саласындағы кәсіпорындарды және құрылыс пен су шаруашылығы кещендерін мемлекеттен алу және жекешелендіру көпшілік жағдайда акционерлердің мүдделері барынша толығырақ қорғалады. Ауылдық шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтаумен тікелей байланысты салаларда, сондай-ақ қызметін пайдаланатын және өңдеумен өндірістік өнімдерін әкелетін кәсіпорындарға, шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына өткізілуі тиіс.Ұсақ және орта дайындау, өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарының мүлкі жекешелендірілгенде, оларды селолық өндірушілердің қатысуымен жабық акционерлік қоғамға айналдырған жағдайда мемлекетке акциялардың бақылау пакеті қалдырылмайды. Республика немесе облыс рыногінде ерекше орын алатын кәсіпорындар, сонай-ақ ірі және маңызды кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекет қатысуымен ашық акционерлік қоғамдарға айналдырылуы керек. Мемлекеттің спирт, ликер-арақ, және темекі өнімдерін өндіретін салаға монополиясын сақтау маңыздылығы есепке алына отырып, сондай-ақ шикізатты, материалдар мен құрал-жабдықтарды сырттан сатып алу үшін валюталық қорды тиімді пайдалану қажеттілігіне байланысты өнеркәсіптің бұл саласындағы кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде олар акциялардың 51 пайызы мемлекет меншігінде сақталынатын ашық акционерлік қоғамға айналдырылады.
Жекешелендіруге жатпайтын кәсіпоарындар мен ұйымдар:
- мал дәрігерлік қызмет
- өсімдік карантинасы
- мемлекеттік тұқым иснпекциясы
- өсімдіктердің сорттарын сыгнау жөніндегі комиссиялар, сорт сынау стансиялароы және мемсорт учаусткелері
- хиимяландыру және өсімдіктерді қорғау стансиялары
- өнім сапасы жөніндегі испекциялар
- мемлекеттік ауылшаруашылығын бақылау
- жоғары және орта оқу орындарының оқу шаруашылықтары
- мемлекеттік асыл тұқымды және жылқы зауыттары
- мемлекеттік асылдандыру шаруашылықтары
- дәрілік өсімдікитер кеңшарлары
- су шаруашылығы және суландыру жүйелері мен құрылыстары объектілері
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілері
- мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының балансында тұрған өндірістік инфрақұрылым объектілері.Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешенді өндірріс құрал жабдықтарына мемлекеттік және жеке меншік базасында жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда І сфера басым жағдайда мемлекеттік меншікке негізделеді; ІІ сфера жеке; ІІІ сфера жеке және мемлекеттік меншікке.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 36 | 12.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
Дипломдық жұмыс: Экономика |  Ауыл щаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауыл щаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдары
Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Экономика | Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттыру
Курстық жұмыс: Экономика | Аграрлық секторды интенсифтендіру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Аграрлық секторды интенсифтендіру
Қазақстанда жанармаймен жүретін автокөлік өндірісі тоқтатылады
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстанда жанармаймен жүретін автокөлік өндірісі тоқтатылады
2017 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер
Qazaqstan жаңалықтары
2017 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндер
Қазақстан 2030 жылы әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына енбек
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстан 2030 жылы әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына енбек

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы, курстык Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты, Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы аграрлық секторды интенсивтендірудегі Қазақстан 2030 стратегиясы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін