Қаржы | ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

 Қаржы | ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................... 3

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ .......................................4
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері ...............................................4
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы .........................................................9

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ............................................................................14
2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер етуші факторлар ...................................................................................................14
2.2 Ұлттық валюталық жүйе және валюталық бағамды реттеп отырудың еліміз үшін маңызы .............................................................................................17

Қорытынды .........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................24

1. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ

1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері

Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi , оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңеюiне әсер еттi.
Әлемдiк шаруашылық байланысы өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң өзара қарым қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi. Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие иегi жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген елементтерi ерте Грецияда және ертедегi Римдегi вексел түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады . Мұнда аудармалы вексел бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше . Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. ұлттық валюталық жүйе;
2. дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған.
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды .
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады . Мысалы , европалық валюталық жүйе бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы эконномикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi.
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi суреттен көре аламыз.

Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң негiзгi элементтерi

Ұлттық валюталық жүйе
Дүниежүзлiк валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта.

Резервтк валютлар, халықаралық есептесу, валюталық бiрлiктер.
2.Ұлттық валютаның алмастырылу шарты .
Валюталрдың өзара алмастырылуы
3. Ұлттық валюта паритетi.
Валюталық паритеттiң ортақ режимi
4. Ұлттық валюта бағамының режимi Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы.

5. Валюталық шектеудiң, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы . Валюталық шектеудi мемлекет аралық реттеу

6. Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн реттеу. Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет аралық реттеу.

7. Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу. Халықаралық несилiк айналыс құрылыстарды пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы

8. Елдiң халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу. Халықаралық есеп айырысудың негiзгi формаларының бiр тұтастығы.

9. Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногiнiң режимi. Дүниежүзлiк валюталық рыноктар мен алтын рыноктарының режимi.

10. Елдiң валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтiн үлттық ұйымдар. Мемлекет аралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар.

Экономикалықадағы төлем балансында көрiнетiн өзгерiстер түбiнде келiп валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтiк бiлдiрмей, белсендi түрде экономикадағы процестерге әсер етедi. Мемлекетiк валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерiне қатынасуының әр түрлi дәрежесiмен сипатталады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эвалюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайка валюталық жүйесi.
6. Еуропалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты ерекшелiктерi келесiдей:
• циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және ақша несиесiмен байланысты болды;
• құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
• ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Бреттон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ - ға мүше елдердiң Кинготондағы келiсiмi ХВК – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып, төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
• Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
• Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық берiлдi.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық тұрақсыздағы жатады . Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл батыс еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
• Еувропалық кеңес;
• Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
• ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
• Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ – тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Евро қолма – қолсыз төлемдер үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген; екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.

1.2 Валюталық бағам және төлем балансы
Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесiнiң маңызды элементiнiң бiрi валюта бағамы болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
• Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда барысында өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын реттеу үшiн, экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық валютаға айырбастауда, импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшiн шетелдiк валютаны алу кезiнде, валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен;
• Дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
• Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруыа байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
2. Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3. Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер етедi. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына ауысуы дем бередi.
4. Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметi. Егр қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса, онда фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын нашарлататын мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi. Экономикалық саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың ауытқуының валюталық рыноктарын тез сезiнедi;
5. Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесi;
6. Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс те әсер етедi.
7. Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен айқындалады.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады;
Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?