👈 қаріп өлшемі 👉

Эмоцияның адам өміріндегі маңыздылығы.



Эмоциялардың сезімдерден айырмашылығы, объектілік байланысы жоқ: олар біреуге немесе бір нәрсеге қатысты емес, жалпы жағдайға қатысты пайда болады. Афекттерден айырмашылығы, эмоциялар іс жүзінде сыртқы көріністерге ие болмауы мүмкін, уақыт бойынша едәуір ұзағырақ және күші әлсіз болуы мүмкін. "Өркениет ауруларының" негізгі себебі — жүйке кернеуі, стресстің ұзақ әсер етуі нәтижесінде пайда болатын әртүрлі эмоционалды ауысулар болып табылады. Олар адамның психикалық саласын ғана емес, сонымен қатар оның ішкі органдарының жұмысын да бұза алады.
Қазіргі уақытта эмоциялар мәселесі өте өзекті, өйткені адамның денесі мен ақыл-ойына әсер ететін эмоциялар оның өмір сүруінің барлық аспектілеріне әсер етеді. Эмоциялар ойлау белсенділігі мен қозғалыс белсенділігінің дәрежесін анықтайды. Біздің адамдарға, оқиғаларға, өмірлік міндеттерге деген көзқарасымыз, өз іс-әрекеттерімізді бағалау көбіне эмоцияға байланысты. Эмоциялардың арқасында біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз, сөйлеуді пайдаланбай, басқа адамдардың жағдайын бағалай аламыз, бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынасқа жақсы бейімделе аламыз. Эмоцияларсыз, яғни қуаныш пен қайғы-қасіретті, ашу мен кінәні қалай сезіну керектігін білмей, біз толық адам болмас едік. Эмоциялар адамзаттың белгілерінің біріне айналды.
Әлемде қанша адам болса, сонша пікір, сонша әртүрлілік бар дейміз. Дегенмен біз бір-бірімізден айырмашылығымыз көп болғанымен, эмоцияларымыз бірдей. Қорқу, ашулану, жек көру, таңғалу, мұңаю, жиіркену, шаттану, марқаю... Осы маңызды эмоциялар өзгеру арқылы әртүрлі күйге енеді.
Эмоцияның туу механизмі соншалықты күрделі, оны зерттеп, әлі күнге түбіне жетпеді. Әртүрлі өмірлік жағдайлардың байланысы секілді эмоциялық жай-күй де белгілі бір гормондар бөлініп шығуына әсер етеді. Бір нәрсе ғана белгілі: адам әр күн сайын өзін жарып өтетін негативке қаншалықты көп орын берсе, денінің саулығы да соншалықты нашарлай береді.
Жүйке жүйесінің жұмысында шектен тыс ашулану, тітіркену, жирену, күйзеліс және үнемі режим бұзылуы иммунитет әлсіреуіне әкеп соғады. Дене құырылысымызда барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екенін естен шығармауымыз қажет, ағзаның бір мүшесі дұрыс жұмыс істемесе, басқа барлық ағза істен шығуына сеп болуы мүмкін.
Өмір сүру – сезіну, адам эмоциядан ешқайда қашып құтыла алмайды. Ол өмірді түрлі реңге бояп, оны түсінуге көмектеседі. Денсаулығымыз қалыпты болуы үшін қолымыздан келері – негативті ойлар мен нашар көңіл күйлерді қоқысқа тастап, тек позитивпен өмір сүру.
Бұл тек тілге ғана жеңіл, іске қиын көрінуі мүмкін. Бірақ қиындықты да жеңудің жолы көп, оған әркім әртүрлі жетеді, әрқайсысы өзіне ыңғайлы әдісті таңдайды. Барлығы ойдағыдай орындалғанда әрі сенім ақталғанда, ағза өзін өзі мадақтайды, осыдан позитивті эмоция туады.
Егер жоспарымызды уақытылы орындасақ, одан автоматты түрде ләззат табамыз. Керісінше, ойымызды жүзеге асыра алмасақ, қынжылып, қырсыққа шалдыққандай боламыз. Өзіңізге оңтайлы эмоция санаңызда салтанат құруы тек өзіңіздің қолыңызда!




Тленчиева Н. С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жубаназарова Н. С.
Психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Жапсарбай У.С.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Тарих факультетінің 1 курс магистранты


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы