» » » Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы

Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы

Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы казакша Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы на казахском языке

Сұрақ: Кейбір адамдар «Намаз оқымайтын, ішкілік ішетін, орамалсыз ашық-шашық жүретін немесе басқа күнәларды істеп жүрген адам босқа ораза ұстамау керек» деп жатады. Бұл сөз дұрыс па?
Жауап: Жоқ, дінге қайшы. Бірнеше күнә істеген адамның басқа күнәларды да істеуі қажет емес. Әрі ораза тұтып, әрі күнә істейтін адам, ораза ұстау арқылы берілетін үлкен сауапқа жете алмайды, бірақ ахиретте неге ораза ұстамадың деп есепке тартылмайды. Ораза парызын өтеген болады, тіпті оразаның берекетімен басқа күнәлардан да сақтану мүмкіндігі болады.
Имам Раббани хазреттері былай деген:
«Бүкіл күнәларға тәубе етіп барлығынан сақтану үлкен ниғмет. Бұл нәрсе орындалмаса, еш болмағанда кейбір күнәларға тәубе ету де ниғмет болып табылады. Бұлардың берекетімен бәлкім бүкіл күнәларға тәубе ету нәсіп болады. «Бір нәрсені толығымен орындай алмаған адамның ең болмағанда барлығынан да айрылып қалмауы керек» деген қағида бар.» (2/66)
Намаздың дініміздегі орны оразаға қарағанда маңыздырақ болса да, бір адамға намаз оқымағаны үшін «Ораза ұстама» делінбейді. Керісінше «Намаз оқымасаң, ең болмағанда оразаны жіберіп алма» деу керек. Намаз оқымауымен үлкен күнәға батқан адам ораза ұстамаса, күнә мөлшері де арта түседі.
Бірнеше күнәға батқан адам бірінен бас тартқысы келген кезде, оған «Басқаларын да тоқтата алмайтын болсаң, бұл күнәңды жалғастыра бер» деп айтуға болмайды. Күнәнің мөлшері қаншалықты азайса, соншалықты жақсы болады. Өйткені Аллаһтан қорқып бір күнәдан бас тарту – имандылықтың белгісі. Хадис шәрифте «Өмірінде бір рет Аллаһты еске алған немесе Одан қорыққан мұсылман тозақтан шығады» делінген. (Тирмизи)
Бір күнәхар адам ғибадаттың бірін орындап жатқан болса, «Ең болмағанда осыны қалдырма» деу керек! Осы бір ғибадатты да орындамаса, діннен толығымен ұзақтауы мүмкін. Қорқытуға қарағанда көбірек сүйіншілеуші болу керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһтың мейірімінен үмітті үздіріп, діннен бет бұрғызатын адамға лағнет болсын!» (Нәсаи)
«Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер, қуантыңдар, діннен алыстатпаңдар!» (Бұхари)
Бір жас жігіт Расулуллаһ алейһиссаламға «Мына үш күнәдан арыла алмай жүрмін» деді. Бұл үш күнә – өтірік, зина және ішкілік еді. Сүйікті пайғамбарымыз «Бұл үш күнәның біреуін мен үшін таста» деді. Ол жас жігіт үш күнәның бірі болған өтірік айтудан арылуды таңдап, кетті. Одан кейін қалған екі күнәні істемекші болғанында «Бұл күнәларды істеп Расулуллаһтың алдына барғанымда "Мен істемедім" десем, өтірік айтқан боламын. Егер істегенімді айтсам, жазаға ұшыраймын» деп ойлады. Сөйтіп қалған екі күнәдан да бастартып, бұлардан арылады. (Шира)
Адамдардан ұялып күнәні жасыру да ар-намыстан. Ал ар-намыс, ұят иманнан. Күнә жасырылмаса, пасықтар (күнәхарлар) мұны көріп күнә істеуге батылдығы артады. «Пәленше күнә істеп жүр ғой. Мен де істесем не болады екен?» деуі мүмкін. «Пәленшелер ананы, мынаны істеп жүр, оларға күнә емес те, бізге күнә болады ма?» деуі мүмкін. Бұған себеп болмау керек.
Кейбір адасқандар «Күнә істеген адам, мысалы намаз оқымайтын адам кәпір болады» деп қанша айтса да, күнә істеген адам мұсылмандықтан шықпайды. Хадис шәрифте былай делінген:
«Жәбірейіл алейһиссалам "Үмбетіңе сүйінші бер, мүшрик болып өлмеген адам жәннатқа кіреді" деді. Мен "Зина мен ұрлық істеген адам да жәннатқа кіреді ме?" деп үш рет сұрадым. "Иә, зина мен ұрлық істеген адам да жәннатқа кіреді" деп жауап берді. Содан соң "Ішкілік ішсе де соңында жәннатқа кіреді" деді.» (Бұхари)
Бұл Әһли сүннет сенімі. Күнәларды жеңіл деп санау емес. Бұл сенім адамды күнәға ынталандырмау керек! Барлық күнәлар жүректі қарайтады және адамды күпірге жетелеп, тозақта мәңгілікке қалуға себеп бола алады. Барлық күнәлардан сақтану керек, себебі Аллаһтың ашуы күнәлардың ішінде жасырылған. Бәлам Баура көп ғибадат еткен үлкен ғалым болса да, бір күнәның кесірінен кәпір болды. Күнә істеген адам дереу тәубе ету керек! (К.Сәадәт)


Автор: ZHARAR | 2 109 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Рамазан айы. Ораза және аштық
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ораза және аштық
Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ораза. Рамазанда ғибадат пен жақсылықтың сауабы
Рамазан айы. Оразаны ұйқыда өткізу
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Оразаны ұйқыда өткізу
Рамазан айы. Харам істеу оразаны бұзады ма?
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Харам істеу оразаны бұзады ма?
Рамазан айы. Ораза. Әйелдердің хайз күндерінде
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ораза. Әйелдердің хайз күндерінде
Рамазан айы. Ораза. Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ораза. Рамазанда жұрттың көзінше тамақ жеу
Рамазан айы. Ниетсіз ораза
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ниетсіз ораза
Оразаның және Рамазан айының құндылығы
Пайдалы кеңес жинағы
Оразаның және Рамазан айының құндылығы
Рамазан айы. Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ахиреттің бақытына қауышу үшін бұл ай мүмкіндік
Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Оразаға қатысты сұрақ-жауаптар
Рамазан айы. Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар
Рамазан айы. Ораза тұту пайдалы
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Ораза тұту пайдалы
Рамазан айы. Оразадан күтілетін пайдалар
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Оразадан күтілетін пайдалар
Рамазан айы (Ораза парыздары. Оразаға ниет. Ауызашар)
Пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы (Ораза парыздары. Оразаға ниет. Ауызашар)
Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео)
Пайдалы кеңес жинағы
Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео)
Рамазан айы. Жүкті немесе емізулі әйелдер ораза ұстау керек пе?
Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы
Рамазан айы. Жүкті немесе емізулі әйелдер ораза ұстау керек пе?

KZ / Пайдалы кеңес жинағы, й, Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы, Рамазан айы, Күнә істеп жүрген адамның оразасы, Рамазан, ораза, істеген, болады, күнәларды, үлкен, істеп, басқа, болмағанда, тәубе, жәннатқа, кіреді, Намаз, Ораза, Хадис, Бірнеше, күнәның, күнәларға, сақтану, болса, Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы Рамазан айы Күнә істеп жүрген адамның оразасы Рамазан ораза істеген болады күнәларды үлкен істеп басқа болмағанда тәубе жәннатқа кіреді Намаз Ораза Хадис Бірнеше күнәның күнәларға са, Рамазан айы. Күнә істеп жүрген адамның оразасы пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге