Мөңке бидің түсі


 

Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ бо- лады.

—Бір жолы бәйгеге қырық ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. Отыз атқостым, біреуі де келмеді. Бесатқостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана аман жетті. Аман жеткені сол— келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенім- де, қасқыр шықты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда, қоян шықты. Осыны жорып берші,—дейді Мөңке би.

Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарды. Бірақ ол би үш рет шақыру жіберген- нен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға:

—«Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жо- рытпа» деген сөз бар еді. Сонда да айтайын,—дейді.—Түс адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді. Мұны   қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мы- нандай: «Қырық ат дегеніміз—мұсылманның қырық па- рызы орындалмай қалатын заман болады екен; отыз аттың бәйгеден келмей қалатыны—отыз күн ораза ұстамайтын за- ман туады екен; бес аттың төртеуі келмей, біреуі келгені—бес уақыт намаз қаза болып, оны біреу оқып, біреу оқымайтын кез келеді екен; қасқырдың шыққаны—кісінікін тартып  алып, ұрлап жейтін зорлықшыл заманның туатыны шығар; түлкі шыққаны—алдаушы мен арбаушы көбейетін, түлкідей бұлаңдаған заманның күтіп тұрғаны шығар; қоян шыққаны— ұрпақ үрейленіп өсетін, көлеңкесінен қорқып жүретін заман болар».

Осыны айтып болғаннан кейін Мөңке бидің қызы:

—Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің кү- нінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді,—депті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: Мөңке би, түс жору