Абылай ханның түсі



Абылай хан Самарқанд шаһарының бетіндегі Жұпар қоры- ғына түсіп, алғаш қонған түні түс көріп, ертеңінде қасындағы түс жоритын қариясына жорытады.

—Түсімде шатырымның алдында бір жолбарыс келіп шөгіп жатып алды, бұл не қылған жолбарыс деп таң қалып қарап едім, әлгі жолбарысым аю болып кетті. Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю болып кетті деп екінші қарағанымда қасқыр болып, онан соң түлкі, ақырында қоян болып кетті. Осы көргендеріме таң қалып жатқанымда оянып кеттім,—деді. Сонда қария:

—Жолбарыс көрсең, басыңнан бақыт құсы ұшқаны, бая- ғыдан бері қайтпай жүріп, енді жасың жеткен шағыңда «Абы- лай хан сарттан өліпті» деген атқа ұшырамай қайта ғой. Жол- барыстың аю болғаны сенен соңғы балаларыңның заманы аю заманы болып, жұрт аюдай алысып өтеді. Қасқыр болғаны немерелерің заманында қасқырдай жұлысып өтер. Түлкі бол- ғаны шөбереңнің заманында түлкіше жортып өтер. Қоян бол- ғаны онан кейінгі заманда қорқып өтер,—деген екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу

Ілмектер: абылай хан, түс