👈 қаріп өлшемі 👉

Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері

 Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері

Мазмұны

Кіріспе 5
1.Әдебиеттерге шолу 9
2. Зерттеу жүргізу жағдайлары 16
2.1 Зерттеу бағыты 16
2.2 Зерттелетін аймақтың климат жағдайы 19
2.3 Топырақ және топырақ түзуші жыныстар 25
3. Зерттеу нысаны және әдістемесі 28
4. Зерттеу нәтижелері 30
4.2 Нитратты азот 31
4.4 Алмаспалы калий 37
4.5 Жылжымалы мырыш 39
4.6 Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері 40
5. Микробиологиялық зерттеулер 43
6.Мақтаны тыңайту жүйесінің экономикалық тиімділігі 46
7.Қоршаған ортаны қорғау 48
Қорытынды 5

Сұйық тыңайтқыштар минералдық және органикалық қоректік компоненттердің сулы ерітіндісі немесе суспензиясы. Ең кең тарағаны азотты минералдық және кешенді сұйық тыңайтқыштар. Бірінші топқа сусыз аммиак, аммиакты су ( NH 3 – 25%-к ерітіндісі ), аммиакаттар ( кальций және аммоний нитраттары, аммиакты сусындағы карбамид ерітінділері), көмірқышқылды аммиак ( аммиактың карбонат немесе гидрокарбонат сулы ерітіндісі және карбамид) . Бұл бос NH 3 құрамдас тыңайтқыштарды пайдалану оларды герметикалық, коррозияға тұрақты ыдыстарда тасымалдау мен сақтау қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштар макро-және микроэлементтердің әртүрлі үйлесіміндегі тыңайтқыштар. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды өндіру қатты тыңайтқыштарға қарағанда 20% арзан, сондай – ақ сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану сәйкес техникалардың болуымен арзан тұрады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды дайындаудың бастапқы компоненеттері – фасфор қышқылы, азотты тыңайтқыштар ерітіндісі (мочевина , аммиакты селитра немесе олардың суда жақсы еритін қоспасы) , аммиак, калий тұздары мен микроэлементтер. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды себу алдында, себу кезінде және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану әлдеқайда тиімдірек. Бұл топқа құрамында екі немесе үш қоректік элементтері бар( N,P,K) , сондай – ақ микроэлементтер( Ca, Mg, S) және микроэлементтерден ( Fe, Mn, B, Cu, Zn, Mo, Co )тұратын тұз ерітінділері кіреді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі мақсаттарының бірі – егіс алқаптарында өсірілетін дақылдардың өнімділігін және сапасын жақсарту. Соңғы жылдары Республикамызда тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде қолданбау салдарынан ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік жерлердің құнарлылығы және дақылдардың өнімділіктері күрт төмендеп отыр. Қазіргі уақытта топырақ құнарлығын жоғарылататын және сақтайтын , сондай – ақ ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың басты факторы – тыңайтқыш болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін , топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек, ал топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктердің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан , егістік жерлерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш енгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.
Дүние жүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей , өнім деңгейі қолданатын тыңайтқыш мөлшеріне тәуелді. Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуіне 45 – 50 пайызы тыңайтқыш үлесіне , ал қалған 50 – 55 пайызы агротехника , сорт, мелиорация т.б шаралардың үлесіне тиеді.
Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0,5 пайыздан 1,2 пайызға дейін арттырады. Азот тыңайтқыштары бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.
Республикамызда техникалық ( мақта, қант қызылшасы, картоп), майлы және көкеніс пен бақша дақылдарының өнімділігі біршама артқандығы байқалады. Бұл аталған дақылдар үшін тыңайтқыштарды қолданудың дұрыс жолға қойылып отырғандығын көрсетеді. Мысалы, 1999 жылы мақта өнімділігі 17,7 ц/га, қант қызылшасы 172,2; майлы дақылдар 4,9; картоп 107,5; көкеністер 134,1 және бақша дақылдарының өнімділігі сәйкесінше мақта 18,2; қант қызылшасы 204,3; майлы дақылдар 5,5; картоп 143,7; көкеністер 203,2 және бақша дақылдарының өнімділігі 158,9 7 ц/га ға жоғарылады.
Тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне келетін болсақ , 1990 жылы егістің 1га көлеміне 19,7 кг минералдық , 0,7 т органикалық тыңайтқыштар енгізілсе, 2008 жылы егістің 1га көлеміне 1,5 кг ғана минералдық тыңайтқыштар мен 0,4 т органикалық тыңайтқыштар енгізіледі.
Еліміздің ауыл шаруашылығына 2009 жылы 978,0 мың т(ә.з) минералдық тыңайтқыштар , соның ішінде – 378,5 мың т фасфор мен калий тыңайтқыштары 584,6 және 14,9 мың т қажет болса , ал 2014 жылға қарай олардың мөлшері тиісінше 1059,7 мың т минералық тыңайтқыштар , оның ішінде азот – 410,1; фасфор мен калий тыңайтқыштары – 633,4 және 15,8 мың тоннаға артуы тиіс.
Республиканың ғылыми мекемеларі мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтың тәжірибелері Қазақстанның барлық аймағында тыңайтқыш қолдану тиімді екенін дәлелдеп отыр.
Ауыспалы егіс дақылдарының өнімін молайту үшін олардың қоректік заттарды пайдалануын, топырақ жағдайын және дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн .
Тыңайтқыштар жүйесі ауыспалы егістер жүйесімен тығыз байланысты. Мұнда жергілікті органикалық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін оларды минералдық тыңайтқыштармен , енгізудің кезеңдігін, мөлшерін, мерзімдері мен әдістерін анықтау мен ұтымды ұштастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Тыңайтқыштардың шектеулі мөлшерінің өзінде де мұның өзі өнім сапасын жақсарта отырып, тұрақты әрі мол өнім алуға кепідік береді. Ауыспалы егісте тыңайтқыш жүйесі топырақтың құнарлылығын жақсарту жөніндегі шаралар кешені болып табылады.
Әрбір жергілікті аймақта егілетін дақылдардың мол сапалы өнім алу үшін тыңайтқыш қолдану жүйесін жете игеріп агротехникалық шараларды дұрыс жүргізудің орасан зор маңызы бар.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибе бойынша егіншілік жүйесіне минералдық тыңайтқыштарды , өнеркәсіптерде тыңайтқыштарды өндіру және оларды қолдану үшін арнайы кешенді машиналарды қолдану қажеттілігін қамтамасыз етудің негізгі үш жүйесі бар:
• Қатты тыңайтқыштарды қолдану жүйесі;
• Сусыз аммиакты қолдану жүйесі;
• Негізгі қоректік элементтердің әртүрлі ара қатынасынан тұратын сулы ерітінділер немесе суспензия – сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану жүйесі.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарға микроэлементтер мен физиологиялық белсенді заттар қосуға болады.
Бұл жүйелер ауыл шаруашылығындағы еңбек шығындарының аздығымен ерекшеленеді, тыңайтқыштарды енгізу жұмыстарын жеңілдетеді, индустриализациялауға мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі кезде қатты тыңайтқыштар қоспасын агрохимиялық бағалау жөнінде көптеген мәліметтер жиналған. Сұйық кешенді тыңайтщқыштардың жетістіктерін есепке ала отырып, отандық ауыл шаруашылығында осы тыңайтқыштармен ғылыми – зерттеу жұмыстарын біржақты дамытып және кеңейту қажет.
Осыған байланысты зерттеу жұмыстары үш негізгі бағыт бойынша жүргізілуі керек:
- Сұйық кешенді тыңайтқыштарды әртүрлі топырақ – климаттық жағдайларда агрохимиялық тиімділіктерін және топырақтың қоректік құбылымдарына әсерін, сондай – ақ өсімдіктердің зат алмасу, өсуі мен дамуына агрохимиялық әсерлілігін зерттеу.
- Сұйық кешенді тыңайтқыштарды пайдалануға арналған машиналарға агротехникалық талаптар қою;
- Сұйық кешенді тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау және топыраққа енгізу техникалық құралдар мен жабдықтардың ең тиімді тәсілдерін қолдану. « Қазақстан Республикасының топырақ ресурстарының тиімділігін арттыруды басқару » жобасының негізгі мақсаты – топырақ ресурстарын тиімді қолдана отырып, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру.
Топырақ құнарлылығын жоспарлы реттеу мәселелері – тегістеу, суару, өңдеу тыңайтқыштар факторының әсерінде болатын топырақ қасиеттерін терең, жан – жақты кешенді зерттеумен байланысты.
Топырақ ресурстарын ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалануына байланысты антропогендік фактор жылдам пайда болатын тау етегі жазықтарына, топырақтың биоәртүрлілігін тұрақтандыру және сақтау жөніндегі мәселелерді зерттеу, сонымен қатар әртүрлі агроландшафттар топырақтарының құнарлылығын жоғарлату және оларды тиімді пайдалану өзекті мәселе болып табылады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды Қазақстан жағдайында тиімділігін зерттеу жұмыстары алғаш жүргізілуде. Егістік алқаптарындағы әрбір зерттелінетін дақылдарға азот, фосфор және калийдің ара қатынасы әртүрлі сұйық кешенді тыңайтұыштар пайдаланады. Минералдық және сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану салыстырмалы түрде жүргізіледі.
Шиітті мақта өндіру ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып саналады. Бұл облыста мақта егісі түгелдей шоғырланған. Ол облыстың мақта егетін аудандарындағы табыстың басты көзі болып табылады. Мақтаның егіс көлемі 2010 жылы облыс бойынша 134,0 мың гектар жерді құрады. Барлық егіс көлемінің 64,4 пайызы, ал өндірілетін өнімнің 61,6 пайызы Мақтарал ауданында орналасқан. Өнімділіктің ең жоғарғы көрсеткіші (25 – 28 ц/га ), Шардара мен Сарыағаш аудандарында өндірілуде. Аймақта мақта өнімнің салыстырмалы түрде төмен болуы шаруа қожалықтарының ауыспалы егісті қолданбай, сонымен қатар әр жылдың ауа райы ерекшеліктеріне қарай тиімді агротехникалық іс – шараларды сапалы және өз уақытында жүргізбеуі себеп болуда.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері.
Мақта егісіне сұйық кешенді тыңайтқыштарды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, Мақтарал ауданы жағдайында топырақ кұнарлылығын сақтау мен қалпына келтіруге және мақта дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға ықпал жасайтын сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген тиімді жүйесін әзірлеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Ашық боз топырақтың агрохимиялық және су физикалық қасиеттеріне тыңайтқыштарды қолданудың әсерін анықтау;
- Сұйық кешенді қоректену жағдайына байланысты мақта өніміділігінің өсу және даму үдерістерін, олардың биомассасының құрылу ерекшеліктерін зеттеу;
- Мақта дақылының өте жақсы сапалық көрсеткіштері мен жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін сұйық кешенді тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшері мен қатынасын табу;
- Мақта дақылына тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы.
Мақтаны тыңайтуға әзірленген сұйық кешенді тыңайтқыштар жүйесі Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының қарқынды егіншілігінде ашық боз топырақтарының құнарлылығын тұрақтандыруға, сақтауға және қалпына келтіруге ықпал жасайды. Топырақ параметрлері жақсарады: қарашірік, қорктенудің макро және микроэлементтер мөлшері жоғарылайды. Бұл топырақ кедергісінің төмендеуі нәтижесінде ауыл шаруашылығы машиналарының жұмысына және жанар жағар май материалдары мөлшерінде, мақта өсімдігінің дамуы мен өсуі үшін оңтайлы қоректену және су ауа жағдайын құруға оң әсерін тигізетін болады. Мақтаны тыңайтудың сұйық кешенді тыңайтқыштар жүйесі қымбат тұратын тыңайтқыштарды үнемдеумен қатар шиітті мақта өнімінің артуын және сапасының жақсаруын қамтамасыз етеді. Зерттеулер нәтижелері респаубликаның мақта шаруашылығы саласы үшін тәжірибелік маңызы бар Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында кеңінен өндіріске енуі мүмкін.


1.Әдебиеттерге шолу
Зерттеу жұмысының басты мақсаты болып топырақ құнарлылығын сақтау, мақта дақылының сапасын жақсарту және өнімділігін арттыру болып табылады.
Бұл бөлімде отандық, достастық мемлекеттері мен алыс шетелдердің топырақтану, агрохимия, мақта шаруашылығы салалары ғалымдарының қол жеткізген ғылыми ізденістерінің мәліметтері келтіріледі. Топырақ құнарлылығын жақсарту, мақта дақылына тыңайтқыш қолданудың экологиялық және қорүнемдегіш жүйелерін құрастыру , мақта шаруашылығының пайдалылығы мен тиімділігін арттыру, таза және сапалы өнім алу сиақты өзекті мәселелердің зерттелу жағдайы көрсетілген.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістерінің негізгі алқабы Мақтарал ауданына тиесілі. Бұл аймақтың топырақ жамылғысының негізгі қасиетіне ашық боз топырақтарының әлсіз құрылымдылығы, қара шірінді және азот мөлшерінің төмен болуымен сипатталады. Сонымен қатар топырақ кескінінің капилярлығы жоғарғы болғандықтан , судың тез көтеріліуі, яғни егіншілік тұзданудың болуына алып келеді. Осыған байланысты бұл топырақтарға ауыспалы егіс жүйесіне көп жылдық шөптерді, оның ішінде жоңышқаны енгізіп, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданғанда топырақтың биологиялық белсенділігі жақсарып, интентификация үрдісі жоғарылайды.
Әр жылдық жоңышқаның ұсақ тамырларындағы азот пен фасфордың пайызбен алғандағы мөлшері, олардың ірі тамырларындағы мөлшерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Жоңышқаның жасы жоғарылаған сайын, әсіресе үш жылдық жоңышқада олардың тамырларындағы азоттың мөлшері арта түседі, фосфордың мөлшері кемиді (1).
Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысы көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 – шы орында тұр. Құнарлылық деңгейі мен өзіндік қасеттері бойынша 700 – ден астам топырақ түрлері кездеседі.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына жарамды аса үлкен жер көлеміне ие. Еліміздің аумағы 272,5 млн.га болса оның 93,4 млн.гектары ауыл шаруашылығына арналған жерлер болып саналады (2). Жердің негізгі құрамдас бөлігі оның қасиеті мен болмысы, негізгі даму заңдылықтары және оның егіншілікке, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге, сондай – ақ басқа да салалардың дамуына жарамдылығы бойынша толық көрінетін топырақ болып саналады. Бұлардан бөлек топырақ экологиялық, энергетикалық, ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы