Журналистика | Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері

 Журналистика | Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------- 2-7

І ТАРАУ. БАҚ және ұлттық тәрбие
1.1. Теледидардың бала психологиясына әсері -------------------- 7-13
1.2. Тәрбие бесіктен басталып, БАҚ арқылы жалғасады ------- 14-17
1.3. Ресей телеарналарындағы балаларға арналған
бағдарламалардың тәжірибелік ерекшеліктері----------------------- 18-27

ІІ ТАРАУ. Қазақстан арналарындағы балалар бағдарламалары
2.1. «Қазақстан», «Хабар» және «Еларна» арналарындағы бағдарламалардың бағыттары----------------------------------------- 28-44
2.2. Тәуелсіз арналардағы балалар бағдарламалары------------- 45-54

Қорытынды ---------------------------------------------------------------55-57
Сілтемелер
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек.
Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық.
Тақырыптың өзектілігі
Бүгінде балаларға арналған бағдарламалар арналарымызда санаулы ғана. Соның өзінде олардың көбі – орыс тілінде. Яғни, балалар журналистикасының дамуына қолдау аз. Екіншіден, көптеген телеарналар балаларға арнап шығарылатын бағдарламаларға қаржы көп кететінін және бұл шығыннан телеарна қаржысының ақталмайтынын алға тартады. Сондықтан да болар, кейбір арналарымызда балаларға арналған хабарлар атымен жоқ. Ендеше, біздің еліміздің болашағы болар бүлдіршіндер «қара жәшіктен» қандай тәлім-тәрбие алуда?
Келесі мәселе, балаларға арналған бағдарламалардың сапасында.
Әлди,әлди,әлдиім,
Жарасымды сән биің.
Өзіңе тән өмірің.
Адал болсын көңілің.- деп сәбиді әженің әдемі бесік жырымен тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген балалар бағдарламалары жоқтың қасы. Ендеше, олардың тамашалауына тұратын қызықты, әрі мазмұнды бағдарлама жасап шығаруға аянбай жұмылу шарт.
Қазіргі уақытта ұлттық арналарымыз болсын, немесе жеке арналарды қарасаңыз да зорлық-зомбылыққа негізделген үрейлі, мейірімсіз көріністерді жиі кездестіруге болады. Экрандағы көріністі шынайы өмірден ажырата бермейтін бүлдіршін көргенінің бәрі дұрыс деп қабылдары хақ. Осылайша, оның психикасы мен дүниетанымы теріс қалыптаса бастайды. Ал, баланың әлемі тазалық пен әдемілік, жақсылық пен жылылыққа құрылуы керек. Сонда ғана біздің қоғам түзеледі. Ендеше, менің ғылыми жұмысымның өзектілігі, біздің телеарналардағы балалар бағдарламалары балаларға қалай тәрбие беруде, олардың жасалу технологиясы қаншалықты сапалылығын анықтау және оны Ресей телеарналарының өнімдерімен салыстыра отырып, олардың тәжірибелеріне сүйеніп, белгілі бір қорытындыларға келу болып табылады. Еліміздің көптеген бұқаралық ақпарат құралдары балаларға арналған телеарна ашу керектігі жөнінде көптен бері мәселе көтеріп келеді. Шындығында да, мемлекетімізде осы бағытта жұмыс істейтін ең болмағанда бір арна ашудың уақыты әлдеқашан жеткен.
Менің дипломдық жұмысымның өзектілігі, балаларға арналған бағдарламалар мен арналардың баланың тұлға болып қалыптасуына, өмірден өз орнын тауып, кәсіби қабілеттерін шыңдауға және әлеуметтенуіне тигізер әсері мен пайдасын дәлелдеу болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Статистикалық есеп балалар мен жас¬өспірімдер телеаудиторияның, аудио¬бейнелік медиатекстердің ең белсенді көрушілері екенін көрсетіп отыр. “Ба¬ла¬лар мөлшермен 2 жастан бастап, теле¬ди¬дар көре бастайды. Нағыз амери¬кан¬дық бала өз уақытының шамамен 30%-ын теледи¬дардың алдында өткізеді. Ол орта есеппен мек-теп¬ке бар¬ғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат экран алдында оты¬ра¬ды”, дейді американ¬дық зерттеушілер». Демек, осы аралықтағы уақытта бала өзіне қажетін ала алды ма және бүгінгі заманғы балалар хабарлары қандай деңгейде болуы керектігіне ғылыми диссертация барысында талдау жасалды. Ол үшін «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Еларна», «31» арна, «КТК», «НТК», «ТАҢ» телеарналарындағы балаларға арналған бағдарламалардың сапалық деңгейі, балалар бағдарламасын шығаруда басы-қасында жүрген шығармашылық топтың жұмысы қандай дәрежеде деген мәселелер қарастырылады. Ресейде балалар бағдарламаларын былай қойғанда, оларда бірнеше арналар тек осы кішкентай көрермендердің мүдделеріне жұмыс істейді. Дипломдық жұмыстың зерттелуі осы аталған бағдарламалар мен арналардың жұмысын зерттеу деңгейінде жүргізілді.


Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздемесі
Телехабар дайындауға қатысты Георгий Вачнадзе «Всемирное телевидение», «Телевизионная журналистика», В.В.Собкинаның редакторлығымен уақытша ғылыми-зерттеу «Школа» коллективі шығарған «Телевидение и школа» еңбегі, «Телевидение и дети», Р.Әбсаттаров, М. Дәкенов. "Әлеуметтану", Дружилов С.А. Профессионалы и профессионализм в новой реальности, психологические механизмы и проблемы формирования Алексеева М.И. «Советская детская журналистика», «Телеэкран приглашает детей», Холмов М. «Становление советской журналистики для детей» және өзге де теориялық еңбектер пайдаланылды. Сонымен қатар, бала психологиясын танып білуде И.М.Никольская, Р.М.Грановская, А.В. Запорожец, Л. Рубинштейн және өзге де психологиялық, педагогикалық еңбектер пайдаланылды. Тақырыпты тереңірек аша түсу мақсатында Қазақстан Республикасының ресми құжаттары: Конституция, Білім туралы заң, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы, Бұқаралық ақпарат құралдар туралы заңнамалық құжаттары пайдаланылды. Бүгінгі таңдағы балалар бағдарламасына қатысты айтылатын сын-пікірлерді білу мақсатында Смағұл Елубай, Жолдасбек Дуанабай, Асқарбек Құсайыновтың және өзге де авторлардың газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларындағы дәйектер алынды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты
Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Ал бүгінде бұл үшеуіне де бағынбайтын әлемнің түкпір-түкпірінен ақпараттар ағыны ағылтып әкеліп жатқан балаға әсер етуші төртінші фактор – теледидар. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты бүгінгі ақпараттар тасқыны ғасырында жаһандану қаупі көптеген ұлттардың алдында басты мәселе болып тұрғанда балаларға қажетті дұрыс ақпарат беру мәселесін еліміздің телеарналары қалай жүзеге асырып жатыр және болашақ ұрпақтың әрбір мүшесі болып табылатын балалардың тұлға ретінде дұрыс қалыптасуына керекті бағдарламаларды салыстыру, сараптау нәтижесінде анықтап, ғылыми тұрғыдан баға беру.
Дипломдық жұмыстың міндеті
- балалар мен жасөспірімдер арасында ұлтжандылықты, отаншылдықты қалыптастыру,
- қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік жолдары мен көзқарастарын айқындауға ықпал ету,
- елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру,
- алға қойған мақсаттар мен жаңашыл ойларды іске асыру, балаларды дұрыс өмірлік таңдау жасауға, маңызды шешімдер қабылдай білуге үйрету,
- балалар мен жасөспірімдер арасында бір-бірін құрметтеу, өзара түсінісу және көмектесу, ынтымақтастық пен достық қатынастарын нығайтуға жағдай жасау. Міне, осы аталған мәселелерді жүзеге асыруда балалар бағдарламаларының атқаратын қызметін көрсету ғылыми жұмыстың алға қойған негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеудің жаңалығы. Телевидениені оқу құ¬ра¬лы ретінде пайдалануға бола¬ды. Сондай-ақ, әрі шоу, әрі оқу-тәр¬бие құралы ретінде қолдана алсақ, ол онда біздің ең үлкен жетістігіміз болар еді. Біздің арналарға балалар өздері ер¬кін араласып кететіндей бағ¬дарламалар қажет. Әйтпесе, көптеген бағдарламаларда ба¬лалар, жастар тек эфир үшін ғана, болмаса, залды толтыру мақсатында ғана шақыры¬латыны жасырын емес. Сон¬дықтан белгілі бағдарлама ая¬сында балалар клубы, ұйым¬дар ашылып жатса, онда оқушылар өздерін еркін ұстап, журналист, редакторлармен жақсы араласып кетер еді. Шығармашылық, ұжымдық жұмыс деген, міне, осындай. Ал қазіргі кезде Қазақстанда балаларға арналған бағдарла¬малар аз, енді солардың санын көбейту керек. Өйткені қазір электронды технологияның заманы, оқушы күнінің бір сағатын кітап оқып өткізетін болса, 2-3 сағатын теледидар алдында өткізеді. Сол уақытта олар сериалдар тамашалаған¬ның орнына тәрбиелік мәні зор бағдарламаларды көрсе, құп болар еді. Қазақтың би-шешендері, ба¬тыр-лары, хандары көп, олар¬дың бәрін оқушылар тек кітап арқылы ғана біледі. Ал енді оның телевизиялық нұсқасын жасасақ, ол тарих баланың басында мәңгіге сақталып қалатынына күмән жоқ. Тәуелсіз елдің өзіндік сипатын қалыптастыруда, БАҚ арқылы идеология ұстанғанда, негізгі арнаның бірі осы баланың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру болуы да тиіс. Тіпті бүгінгі жаһандану заманында алып державалардың аузында жұтылып кетпей, бірлесіп әрекет жасау, бауырласып тірлік кешу, ынтымақтасып қарым-қатынас орнату қазақ қоғамы үшін өте маңызды. Ал бұндай маңызды мәселелер тек сөз жүзінде ғана айтылып қоймай, ілгері жылжуға мүмкіндік беретін жобалар телеарналарда жасалуы шарт. Телеарна, интернет жалпы, электрондық ақпарат құралдары бүгінгі күнде қарыштап дамып келе жатқаны анық. Сондықтан, олардың зиянды жақтарын қанша айтқанымызбен, олар қоғамның басты қозғаушы факторлары болғандықтан, біз ешқайда қашып құтыла алмасымыз белгілі. Ендеше, менің ғылыми жұмысымның негізгі жаңалығы, телеарнаның тек ақпарат беруші, немесе баланың санасын шетелдік өнімдермен улаушы ғана емес, жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына, оның әлеуметтік ортадан өз орнын табуға, сондай-ақ, кәсіби жағынан шыңдалуына өзіндік үлес қосу теледидардың негізгі атқарушы функциялары екенін ашып айтып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеу болып табылады.
Әдіс, тәсілдері
Дипломдық жұмысты зерттеу мәселесіне байланысты телевизиялық, этнопедагогикалық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау; Ресей телеарналарының озық тәжірибелерін зерттеу, бақылау, сауалнамалар жүргізу, жинақтау және қорытындылау; эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді сұрыптау, ғылыми тұрғыда өңдеу әдістері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
Еліміздің жас азаматын қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенді өмір позициясын қалыптастыру барысында балалардың әлеуметтік бастамаларын дамытатын телеарналардың бағдарламаларын жетілдірудің маңызы зор. «Қазақстан телеарналарындағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері» деп аталатын дипломдық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Бұнда еліміздің телеарналарында қандай бағыттағы бағдарламар әзірленеді, еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес арналардағы бағдарламалардың айырмашылықтары, бұл бағдарламалардың сапалық ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері, жалпы, отандық арналардың бала тәрбиесіне, қалыптасуына берер пайдасы қандай деген мәселелер айтылады. Ресейдегі балалар арналары, соның ішінде соңғы жылдары пайда болған «Бибигон», «Теленяня» телеарналарының жұмысы, олардың балаларға танымдық, көңіл-көтерушілік, оқыту телевидениесін, медиа кеңістікте білім беру мақсатына арналған бағдарламалардың бүгінгі ақпараттық кеңістіктегі орны мен олардың тәжірибелік ерекшеліктері жайлы айтылады.
Технологияның жедел әрі шарықтап дамуына байланысты бүгінде теледидардың зиянды және пайдалы қырлары жайлы көптеген бұқаралық ақпарат құралдары дабыл көтеруде. Бұл мәселе тек қана біздің елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде басты мәселенің бірі болып тұр, телеарнаның әсері жайлы электрондық және басылымдық ақпарат құралдары бұл мәселеден сырт қалып отырған жоқ. Осы аталған мәселелер жайында дипломда сөз болады.
Қорытындыда бүгінгі күнге дейін балалар бағдарламасына қатысты жүргізілген зерттеудің аясында өз тарапымнан жасаған ұсыныстар мен қорытындыларыма тоқталамын. Сондай-ақ, зерттеу барысында көзім жеткен нақты нәтижелерім көрсетіледі.
Бала - әрбір елдің туын көкке көтеріп, өркендетуші азаматы. Ендеше, мемлекетізідің дамуына қатысты алдымызға қойылған дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясы секілді көптеген мақсаттарымызға жету барысында болашақ ұрпақтан ешқандай мүмкіндігімізді аямай, осы мақсатта жұмыла еңбек етуіміз керек. Осындай мақсаттарды орындауда әрине БАҚ-тың, соның ішінде телеарна қызметкерлерінің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Осы басты міндеттерді сезіне отырып, оның шешу жолдарын қарастырудағы іс-әрекеттерді ауызша ғана айтып қоймай, ғылыми тұрғыдан, түрлі сараптамалар мен зерттеулердің нәтижесінде нақты жолдарын көрсету – дамушы еліміздің алдында тұрған үлкен мақсаттарды жүзеге асыруда тигізер аз да болса көмегі болар дей отыра, дипломдық жұмысымның тақырыбын жан-жақты ашуға тырыстым.





1. БАҚ және ұлттық тәрбие

1.1 Теледидардың бала психологиясына әсері
БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы туралы пікірлер бір арнаға тоғыспайды. Бір пікірлер теледидардың бала санасына оң ықпалы бар екенін дәлелдесе, енді бір пікірлер кері әсерін айтып, оны дұрыс пайдалана білудің жолдарын іздестіруді қажет деп санайды. Бүгінде алпыстан аса телеарналардың бағдарламаларын тамашалауға мүмкіндіктері бар оқушылар мен жастар үшін олардың неге көңіл бөліп, қандай бағдарламалардың оларға қажет емес екенін тәрбиелеудің кезі жеткен тәрізді.Өйткені бір ғана тыйым салумен, яғни үйдегі теледидардан тәрбиеге кері әсері бар бағдарламаларды, ұсқынсыз мультфильмдерді, киноларды, жеңілтек көңіл көтеруші музыкалық арналарды көрсетпеу арқылы бала санасын қалыптастыру мүмкін емес. Бала көріп білуім керек деген бағдарламаларды басқа да жолдар арқылы көре алады. Сондықтан бұл мәселе төңірегінде ата-ана, мектеп, сонымен қатар БАҚ-тың ішінде ықпалдылығы жағынан ең алдыңғы орынды алатын теледидар басшылығы, ондағы қызметкерлер аталған мәселенің ауқымды екенін сезінуі тиіс. Теледидар мәселесіне келгенде, бүгінде әлемнің бүкіл ақпарат құралдары ерекше дабыл етіп көтеріп жүрген мәселелерінің бірі – оның бала психологиясына әсері. «Теленяня» арнасының қызметкері Александр Гуревич: «Сіз білесіз бе... біздің «Теленяняны» жасаушы әріптестеріміз де психологтар мен педагогтармен араласып тұратынына күмәнім жоқ. Бірақ мен өзім бір қызық қорытындыға келдім. Психологтар кез келген телевидение, кез келген картиналардың жылдам ауысуы, ақпараттардың миға сыймайтын көптігінің қаупі басым әрі пайдасы аз дейді. Сондықтан, психологтардың бізге беретін кеңестері, балаларға деген теледидардың қауіпті жақтарын азайту болып табылады. Әрине, кітап оқу, оның білім кілті екенін балаларға түсіндіру , сондай-ақ кітапты парақтағанда одан шығатын иістің өзі керемет екендігі жайында айтудың өзі бір ғанибет. Дегенмен, теледидар зиян деп балаға мүлдем теледидар көрсетпей қоюға да болмайды. Мәселен, баланы мектепте бұзылады деп үйге мұғалімдер шақыртып оқытты делік. Білімнің бәрін жақсы сіңірген бала кейін ер жеткенде 10 жылдан кейін сыртқа шығуы керек қой. Тымау кезіндегі иммунитеттің жоқтығы секілді бала да сыртқы ортамен байланысын жоғалтады. Міне, теледидар жайлы да соны айтуға болады. Онда нағыз өмір көрсетіледі, ал баланы өмірден тығып қоя алмайсың. Өйткені, бала одан кейін де сол ортада өмір сүреді» - деп бұл мәселені осы қырынан қарап түсіндіреді.
Телевидение бұқаралық ақпарат құралы ретінде эстетика аумағында тәрбиелеу мәселелерін шешуде маңызды орынға ие.
Балалар теледидарды жақсы көріп және оған өте көп уақыттарын бөлетіні жақсы белгілі. Бастауыш сыныптың кейбір балалары телевидение жайлы түрлі пікірлер айтады. Бір бала былай деп жазады: "Мен кино мен теледидарды жақсы көремін. Мен үшін теледидар - дос. "В мире животных" бағдарламасында мен аңдар мен құстар жайлы ойладым. Әсіресе, мен мультфильмдер мен үнділер жайлы киноларды жақсы көремін".
Немесе тағы бір мынандай пікір: "Мен теледидарды көбірек қалар едім, оқитын кітабың жоқта немесе сабақтарыңды оқып болғанда телевизор сені жалықтырмайды."
Осы сөздерден байқалғандай, балалардың теледидарға деген қажеттіліктері туындап отыр. Ал бұл оқушылардың бос уақытының көбеюін және оларды теледидар неге үйрететіні жайлы мәселелер туындайды. Теледидар балаларға көптеген пайдалы және жақсы бағдарламаларды бағыттайды. Дегенмен, олардың бала психикасына әсерін зерттеу бүгінгі күннің басты мәселесі.
Қазіргі таңда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде баспасөз беттерінде теледидардың бала психологиясына тигізетін кері әсері жайлы дабыл қағып жатқан мақалаларды жиі кездестіруге болады. "Телевидениенің жастарға әсерін заманауи қоғамның бәрін мазалайды. Женевада осыдан 10 жыл бұрын өткен Денсаулық сақтаудың Бүкіләлемдік Асамблеясының ХVІ сессиясында балалардың денсаулығына телевидениенің тигізетін кері әсері жайлы дабыл қағылғаны айтылған болатын, және денсаулық сақтаудың ұлттық органдарына телевидение пайда болғалы бергі күн тәртібінің өзгеруіне, және жастардың еңбекке белсенділігі әр елдерде қолға алынсын деген мәселе көтерілген. Кеңейтілген зерттеулердің нәтижесінде, АҚШ, Англия, Жапония және өзге елдерде балалар үш жастан бастап теледидар көретіндіктері анықталған. Оқушылар күніне жарты-екі сағат уақытын теледидар көруге жұмсайды. Кіші сынып оқушылары үш сағатқа дейін отыра беруі мүмкін. Зерттеулер қорытындысы көрсеткендей балалардың еңбегіне теледидар көптеген елдерде үлкен өзгерістер әкелген", - дейді. Бүгінгі жағдайда тұлғаның әлеуметтену процесі ерекше күрделеніп келеді. Білім беру мен оқытудың негізгі - отбасы мен мектеп секілді әлеуметтік институттарымен қатар, электрондық құралдар да балалар мен жасөспірімдердің өмірінде маңызды рөлге ие. Қалалық, болмаса ауылдық аймақтарды алып қарасаңыз да, теледидар балалар өмірінде ерекше уақыттарын бөлетін құралдардың бірі деп айтуға болады. "Көк жәшік" арқылы берілетін көрсетілімдер аясы балаларға мол таңдау мүмкіндігін береді. Теледидар - бұл білім беру құралы, демалыс әрі көңіл көтеру объектісі деп жан-жақты қарастыруға болады. «Медицина елшілігі» деп аталатын сайтта жарияланған "Көгілдір экранның көлеңкесі" атты мақаласында теледидардың кері әсерлерін былай келтіреді,
Теледидардың кері әсері болып табылатындар:
Интеллектуалдық дамуды тежейді. Теледидарға құмартып кеткен балалар басқа балаларменсалыстырғанда оқи алу дәрежесін тексергенде, орта есеппен төмен нәтижелер көрсетті. Оның бірнеше себептері бар: кітап оқу мен білім алуға аз уақыт қалады, теледидар балаларға кітаппен дос болуына кедергі жасайды.
Қиялдау және шығармашылық ойлау қабілеті төмендейді. Кітап оқу балаларға әртүрлі жағдайларды елестетуге, іс-әрекеттерді көз алдына ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!